Қазақ ауыз әдебиетінен
орын алған және ерте
заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе
жатқан жанрдың бірі – жұмбақтар. Ол – барлық елдің ауыз
әдебиетіне ортақ жанр.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген
ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі
адамдардың, бүкіл коллективтің еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-
тіршілік құру тәжірибесінен туған
87
. Алғашқы кезде адам
баласына
дүниедегі
заттардың,
жаратылыс
құбылыстарының барлығы,
олардың сыры, неден
жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ
адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жолын
қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оның
құбылыстарын,
еңбек-кәсіп
құралдарын,
әртүрлі
хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылы тануды
көздеген. Ол үшін өздеріне таныс бір затты екінші бір
бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың
бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап,
олардың қандай зат
екендігін, неден шыққандығын анықтаған. Жұмбақтардың
алғашқы үлгілері осылай шыққан.
Бертін келе, адам баласының ой-өрісі, дүние
танудағы білім көлемі ұлғайған кезде, жаратылыс
дүниесінің және заттардың шығу сырын анықтап аңғарған
кезде жұмбақтарда адамға таныс заттардың немесе
жаратылыс құбылыстарының сыртқы белгілері ғана
алынады, соған қарап жұмбақ шығарылады. Жұмбақ
заттың
өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін,
87
М.Әуезов, Жұмбақтар туралы, 1940ж. «Жұмбақта»
жинағы, А.А.Кайев. «Русская литература», 1953г;
И.М.Колесницкая, Загадки, 1954г. Русская народное
поэтическое творчество, под. ред. проф. П.Г.Богатырева,
Ә.Марғұлан, «Жұмбақ», 1948 ж. «Қазақ әдебиетінің
тарихы», 1-том.
жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды,
ал заттың өз атын жасырын ұстайды. Сондықтан да ойға
алған нәрсенің өзін айтпай,
оның сырт көріністерін,
сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы
жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз.
Жұмбақтың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың
тұрмыс-тіршілігіне,
еңбек-кәсіп
ету
жайларына
байланысты туып, кейіннен халық өмірімен біте
қайнасқан, талай ғасырмен бірге жасасқан, өзінің
қалыптасу және даму процесінде жаңа мазмұн, жаңа
тақырып алып отырған жанр.
Ауыз әдебиетінің басқа
түрлеріне қарағанда, жұмбақ – өсу, ұлғаю үстінде болған
әрбір тарихи дәуірлер туғызған жаңалықтарды бойына
жинай келген халық қазынасы. Қай кезде болса да,
жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік,
тапқырлық ретінде қолданып келген. Мұнымен қатар,
жұмбақтың
білім
берерлік,
білмегенді
білуге
ұмтылдырарлық қасиеті барлығын халық жақсы түсінген.
Сондықтан да жұмбақ халықтың күнделікті
өмірінен
айрықша орын алған.
Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан
дәстүрінің бірі. Проф. М.Әуезов жоғарыда аталған
еңбегінде, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында
жұмбақтың айрықша орын алғандығын айта келіп, «кейде
бүкіл бір ертек жұмбаққа туады. Әңгімелі әсем жыр,
дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні
болады. Ертеде ердің даналығы, жүйріктігін жұмбақпен
сынау машық болған» деп көрсетеді.
Бұл тарихи
шыңдыққа негізделген пікір.
Қазақтың көптеген ертегілеріне мазмұн болған да
немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де
жұмбақ болғанын білеміз. Мұны «Қарттың ұлына айтқан
өсиеті», «Қарт пен тапқыр жігіт» ертегілерінен, «Аяз
бидің» бірсыпыра әңгімелерінен көреміз. Сондай-ақ, ерте
заманда күйеу таңдаған қыздар «Жұмбағымды шешкен
жігітке ғана тием» деп, жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің
ақыл-ойын сынау ретінде қолданған. Бертін келе жұмбақ
ақындар айтысынан орын алған. Айтысқа түскен
ақындар
бір-бірінің ақындық өнерін байқаумен қатар, білім
көлемдерін де сынасқан; ол үшін бір-біріне жұмбақ
берісіп, өнер салыстырған. Ал енді кейбір елдерде жұмбақ
үлкен әңгімелі жырлар тууына себепкер болған. Мәселен,
ескі грек жұртының Едип патша жайындағы трагедиялы
әңгімесі жұмбақтан (Сфинкстің «Таңертең төрт аяқты,
түсте екі аяқты, кешке үш аяқты болатын не?
деген
жұмбағы) басталып, көп жағдайларды суреттеген.
Міне, мұның бәрі ауыз әдебиетінде жұмбақтардың
мәні зор болғандығын көрсетеді.
Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім
берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: