Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Жұмбақтардың өзіне тән ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет35/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Жұмбақтардың өзіне тән ерекшеліктері 
Ауыз 
әдебиетінің 
басқа 
түрлері 
секілді, 
жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен 
жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жұмбақтың өзі де, 
оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиісті. 
Сонда ғана ол жұмбақ болады.
Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық 
басым келеді. Ол жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді 
алыстағы бұлдырдан алмайды, адамның көз алдындағы, 
күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерінен алынады. Бұл 
нәрселерді жалпылама түрінде алмай, бөлшектеп, жекелеп 
алады, әрбір заттың бөлек-бөлек бөлшектеріне айрықша 
көңіл аударады. (Рас, жұмбақта бірнеше нәрсені бір-ақ 
айтатын, жалпылама түрде көрсететін кездері де болады. 
Бірақ ол өте аз кездеседі.) Мәселен, жұмбаққа сиырды 
енгізгенде, оның өзін айтумен қатар, мүйізін де, емшегін 
де, сүтін де бөлек жұмбақ етеді. Басқа нәрселерді 
жұмбаққа қосқанда да осындай жай байқалады. 
Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, 
сыртқы кескін көрінісімен сипаттауды («Қараша тауым 


қарлы болды, бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды» шаштың 
ағаруды) жақсы көріп отырады. Мұнымен қатар жұмбақ 
әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де 
бейнелейді, бұған да айырықша мән береді. Мысалы, 
«Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» деп күннің 
күркіреуін жұмбақтайды. Күннің күркіреудегі дыбысына 
қарап жұмбақ шығарады. 
Жұмбақтардың өзіне тән бір ерекшелігі – жұмбаққа 
алынатын 
нәрселерді 
атқаратын 
қызметіне 
қарап 
көрсетуінде. Мәселен, құлыпты жұмбақ еткенде: 
Ә, керемет бір ит бар 
Үй бағады, үрмейді, 
Аяғы жоқ, жүрмейді. 
Рұхсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді, –
деп сипаттайды. Жұмбақтардың көпшілігінде осы 
ерекшелік айрықша көзге түсіп отырады. 
Кейде жұмбақ әрбір заттың неден істелгенін, тегі 
қандай екенін, кейіннен, қандай күйге түскенін 
сипаттайды. Мысалға үйге ұсталатын ши туралы 
жұмбақты алайық. Онда: 
Өз елімде шөп едім, 
Желкілдеген боз едім. 
Қолға түстім, қиылдым, 
Он жерімнен буылдым, –
делінеді. Ал тұзды «Судан шығады, судан қорқады» деп 
көрсетеді. 
Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктің бірі – заты 
жақын заттарды парлап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, 
жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т.б. 
жұбымен алынып жұмбаққа қосылады. Бұл ретте, мысалы, 
күн мен ай мына түрде жұмбақ етіледі: 
Біреудің бір ұлы бар және қызы, 
Біледі ол екеуін дүние жүзі. 


Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, 
Жүргенде білінбейді басқан ізі. –
Жұмбақтың қайсысы болса да негізгі ойды образ, 
оралымды ұшқыр сөз арқылы білдіреді. Жұмбақта 
көркемдік суреттеу құралы болып табылатын теңеу, 
метафора көп қолданылады. Бір нәрсені екіншісіне теңеп
салыстыра отырып образ жасайды. Мәселен, шегірткені: 
Ат басты, арқар мүйізді, 
Бөрі кеуделі, бөкен санды, –
деп суреттейді де, көз алдыңа оның кескін-пішінін 
елестетеді. 
Қазақтың жұмбақтары, өзінің құрылысы, сөз саптасы 
жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең 
түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. 
Мұнымен қатар, жұмбақтарда да дыбыс үндестігі, дыбыс 
қайталаушылық, сөйтіп барып айтайын деген ойға 
тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. Мұны 
«Жаралғанда жабысқан» (адамның не заттың аты), «Ти 
десем тимейді, тиме десем тиеді» (ерін), «Тақиям толған 
тары» (жұлдыз), «Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді» 
(адамның есімі) сияқты жұмбақтардан көреміз.
Сонымен, қазақ халқының ерте заманда туып, бүгінгі 
күнге дейін өсу жаңару үстінде келе жатқан жұмбақтары 
мазмұны социалистік, түрі ұлттық мәдениетіміздің 
көрнекті бір тарауы болып табылады. Оларды адам 
баласының ой өрісі, дүние танудағы көзқарасы, білім 
көлемі 
ұлғая 
беруіне 
көмектесетін, 
тапқырлыққа, 
білмегенді 
білуге, 
ізденуге 
ой 
салатын, 
соған 
ұмтылдыратын, білімдік-тәрбиелік мәні бар халық 
шығармасы деп қараймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет