Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет48/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Ертегілердің мәні 
Біз жоғарыда, шолу түрінде болса да, қазақ 
ертегілерінің әр алуан түрлерімен танысып өттік. Бұдан: 
ертегілердің халық өміріне, еңбек процесіне байланысты 
туғандығын, қоғамдық даму жағдайларына сәйкес өсіп 


ұлғайғандығын, 
халықтың 
арман-мүддесін, 
дүние 
танудағы ой-өрісін, таптық көзқарасын, тұрмыс-тіршілік 
және қоғамдық салт-сана жайларын т.б. бейнелегендігін 
байқадық. Бұлардың бәрін халық ертегілері әр алуан 
оқиғаларды суреттеп және басты кейіпкерлер арқылы 
баяндағанын аңғардық.Мұның өзі халық, ертегілерінің 
мәні зор екендігін көрсетеді. М.Горькийдің «Халықтың 
өткендегі тарихын, тұрмыс-тіршілігін, көзқарасын, ой-
санасын білуіміз үшін ертегілер көп материал береді» деуі 
осыдан. Сондықтан да халық ертегілерін екі мәдениет 
туралы В.И.Ленин іліміне сүйене отырып, «қоғамдық-
саяси тұрғыдан» қарап пайдалануға тиіспіз. 
Халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезде туған 
ертегілер мен әдемі аңыз-әңгімелердің әдебиет тарихынан 
алатын орны да, мәні де үлкен. Халық ертегілері сюжет 
құру, образ жасау, тіл байлығын қолдану жөнінде жазба 
әдебиетінің алғашқы үлгілеріне көп әсер етті. Жазба 
әдебиетінің шеберлері осы күнде де халық әдебиетінен тіл 
байлығын 
үйренетіні, 
кейде 
оның 
сюжетін 
пайдаланғандығы белгілі. Бұдан халық ертегілерінің әлі де 
мәні мол екендігін байқаймыз. 
Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан 
ертегілерінің ең әдемі, әсерлі үлгілері, халықтың тұрмыс-
тіршілігін, арман-мүддесін, қоғамдық өмірін, таптық 
көзқарасын суреттейтін жоғарғы идеялы үлгілері – бүгінгі 
түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетімізге 
қосылған мол қазына болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет