Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы
Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-
тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны
батырлар жыры жайында да айтуға болады. Батырлар
жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда,
патриархтық-рулық құрылыс кезінің өзінде-ақ туа
бастаған. Сол кездің тарихта аттары мәлім рулары: үйсін,
қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ т.б. өздерінің ру
тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер
кезінде әр рудың батырлары өз руларын қарсы жақтың
шабуылдарынан қорғап қалу жолында ерлік жасаған.
Олардың бұл жолдағы ерлік істері ру арасында өлең-
жырға, аңыз-әңгімеге айналған.
Дегенмен, патриархтық-рулық құрылыс кезінде туған
батырлар жырының үлгілері толығынан сақталмаған.
Оның кейбіреулері, кейіннен, ауыз әдебиетінің басқа
түрлерімен қосылып, араласып кеткен. Сондықтан
батырлар жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын,
сипатын дәлелдеп айту өте қиын.
Қазақта батырлар жырының көбірек туған кезі XIV-
XVIII ғасырлардың арасы секілді. Осы аталған кезеңдерде
бүгінгі қазақ халқының көне тарихында бірнеше елеулі
оқиғалар болып өтті. (Бұл жерде бір жағдайды ескерте
кетелік. Тарихтың айтуынша, XV ғасырға дейін «Қазақ»
деген тұтас халық болмаған, жеке бытыранды рулар
болған. Олардың бәрі «ноғайлы» деген жалпыға бірдей
атпен аталған. Кейіннен, XV ғасыр ішінде, бұл рулардың
көпшілігі бір жерге қосылып, содан былай қазақ халқы
құралған.) бұлардың ішінен бастылары төмендегілер еді:
XIII ғасырдың басында монғолдардың Шыңғыс хан
бастаған шапқыншылары Қазақстан мен Орта Азияға
жорық жасайды. Әскери күші мығым құрылған Шыңғыс
хан жергілікті халықтардың қанын судай ағыза отырып,
оларды өзіне күшпен бағындырып алады. Монғол
шапқыншылары мұнымен қанағаттанбай, Иран мен
Иракқа, Кавказдық елдерге және Европаның оңтүстік
шығысына қарай да шабуыл жасайды. Бұл жерлерде де
олар өздеріне қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып-
жойып, басып-жаншып отырады, зорлықпен үстемдік
жүргізеді. «Бағынған» жерлерді Шыңғыс өз балаларына,
туған-туысқанына, жендет нояндарына бөліп береді.
Олардың әрқайсысын жеке ұлыс (мемлекет) деп
жариялайды. 1240 жылы Жошының (Жошы Шыңғыс
ханның баласы) ұлысы құрылады. Мұны тарихта Алтын
Орда деп атайды.
Шыңғысхандықтар
(Алтын
ордалықтар)
қарамағындағы елдерді ауыр азапқа ұшыратады, қапас пен
қорлықта ұстайды. Ауыртпалықтың зілді салмағы еңбекші
халыққа түседі. Жергілікті рулардың шонжарлары
Алтынордалықтармен қосылып алып, еңбекші бұқараны
қан қақсатады, қанауды күшейтеді. Мұнымен қатар,
Алтынордалықтардың өз араларында да талас-тартыс,
күрестер болып тұрады. Оның зардабы да халыққа тиеді.
Шапқыншылық, ел талағыштық жорықтарын олар
өздерімен көршілес елдерге, соның ішінде орыс жеріне де,
жасайды. Мұндай шапқыншылыққа төзе алмаған орыс
жеріне де, жасайды. Мұндай шапқыншылыққа төзе
алмаған орыс халқы күреске шығып, өзінің ержүрек батыр
ұлы Дмитрий Ивановичтің (Донскойдың) бастауымен 1380
жылы сентябрь айының 3-де Куликово даласында
Алтынордалықтарды талқандап жеңеді. Осыдан былай
Алтын Орда ыдырай бастайды.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның орнына үш
хандық (Қырым, Қазан, Астрахань хандықтары) құрылады.
Бұлардың арасында да феодалдық тарыс-таластар, шабуыл
жасап ел талаушылық әрекеттер күшейе түседі. Осындай
талас-тартыстың салмағы мен ауыртпалығы еңбекші
бұқараға қатты батады. Бірақ бұған халық көндігіп
отырмайды, қарсы күреседі. Міне бұл келтірілген тарихи
фактілер батырлар жырының тууына әсер етеді.
Қазақта батырлар жырының тууына зор әсер еткен
екінші бір жағдай болды. Ол – қазақтар мен қалмақтардың
(оларды жоңғарлар деп те атайды) арасында болған қарым-
қатынастар, көп заманға созылған күрестер еді. Тарихи
деректерге қарағанда XII ғасырдың қарсаңында, қазақпен
көршілес
қалмақтар
күшті
мемлекетке
айналады.
Қалмақтың шонжарлары, феодалдары әскери күштерін
біріктіріп, өздерімен көршілес елдерге талай рет шабуыл
жасайды. Олардың шабуылына душар болғандардың бірі
қазақ елі еді. Қалмақтың шонжарлары қазақ еліне шабуыл
жасағанда, қазақтардың шұрайлы жерін, кең қонысын,
мал-мүлкін тартып алуды, қазақ елін құл етуді мақсат
етеді.
Осы мақсатпен қалмақтың қалың қолы 1723 жылдың
көктемінде қазақ еліне шабуыл жасайды. Олар Жетісуды,
Талас, Қаратауды тартып алады да, Сырды өрлей Аралға
дейін аттанады. Арқаны арандайды. Қалмақ шонжарлары
және олардың шапқыншылары қазақтарды қан қақсатады,
қырғынға ұшыратады; ауылдарды өртейді, жас балаларды
найзаның
ұшына
түйреп
отқа
лақтырады.
Шапқыншылардың айуандық әрекеттерінен үрейі ұшқан
қазақтар бұрынғы атамекенін, қонысын тастап жер ауады;
ата баладан, аға қарындастан айрылады; халық басына
қара түнек орнайды. Бұл бір қайғылы кезді қазақ халқы
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атайды.
Бірақ, қазақ халқы басқыншылардан бұға бермейді,
күш біріктіріп жауға қарсы күреске аттанады, әскери
жасақтар құрады. Бұларды адал ниетімен халқын сүйген ер
жүрек батырлар бастайды. Қазақтар алғаш рет қалмақ
басқыншыларына Бұланты өзенінің (Сарысу өзенінің орта
ағысының батыс жағы) бойында қатты тойтарыс беріп,
жауды жеңеді. Бұл жер «Қалмақ қырылған» атанады.
Бұланты бойындағы жеңіс қазақ халқын рухтандыра
түседі, халықтың күші бұрынғысынан арта бастайды.
Басқыншы жауға қарсы ұзаққа созылған күрестерде,
шапқыншылардан ел-жұртын қорғауға қазақ жігіттері
тамаша ерлік-батырлық жасайды. Өзінің тәуелсіздігі үшін
күрескен қазақ халқы басқыншыларды талқандап жеңеді
де, 1729 жылы жауды қазақ жерінен аластайды.
Алайда, қазақ халқы қалмақ басқыншыларының
қайталап шабуылдау қаупінен мүлде арылып кетпейді.
Сондықтан да қазақ халқы өзіне қорған болатын күшті
іздейді. Ол күш ұлы орыс халқы болады. Қазақ халқы
Россия мемлекетінің қарамағына ене бастайды. Бұл жағдай
кейіннен, қазақ елін қалмақтардың шабуылдауынан
құтқарып алады. Россиядай күшті мемлекеттің қанат
астына енген қазақ елін қалмақтар баса-көктеп
шабуылдауға батылы бармайды.
Қалмақ басқыншыларына қарсы қазақ халқының
жүргізген ерлік күресі ауыз әдебиетінен ерекше орын
алды. Халық өзінің ауыз әдебиетінде «Ақтабан
шұбырынды» жылдарын («Басынан Қаратаудың көш
келеді») ғана елестетіп қойған жоқ. Ол басқыншыларға
қарсы қазақ халқының ерлік күресін, батырлық күшін,
жеңісін, суреттеп, жырына қосты. Осы негізде халықтың
батырлық тұлғасын, ерлік күресін елестететін батырлар
жыры туады.
Міне, қазақтың ертедегі батырлар жыры жоғарыда
айтылған тарихи кезеңдердің, ұлы оқиғалардың елесін
беру негізінде туып қалыптасады. Бұдан, әрине, батырлар
жыры тарихи документ деген ұғым тумайды. әдебиеттік
шығармалардың қандайы болса да, белгілі оқиғалардың
тарихи документі болып табылмайды. Батырлар жыры да
сондай. Олар өткендегі оқиғалардың сәулесін елестетуші,
тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған көркем
шығарма болып қана танылады.
Қорыта келгенде, қазақта батырлар жырының тууына
осы аталған екі жағдай үлкен әсер етті деуге болады.
Бұдан, әрине, бергі заманда яғни XIX ғасырдан бергі жерде
батырлар жыры шығарылмаған деген ұғым тумайды.
Соңғы кезде де батырлар жыры туған. (Біз оларға да
кейінірек тоқталамыз.)
Достарыңызбен бөлісу: |