Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Батырлар жырының өлең құрылысы



Pdf көрінісі
бет55/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Батырлар жырының өлең құрылысы 


Қазақтың өлең құрылысы жайын зерттеушілердің
121
айтуына қарағанда, Абайға дейін өлеңнің негізінде екі-ақ 
түрі болған. Біріншісі – он бір буынды өлең, екіншісі – 
жыр. 
Батырлар жыры өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр 
түрімен айтылған. Өйткені ерлік қимылды, көтеріңкі 
пафосты, атыс-шабыс, жорықтарды түйдектете, асқан 
шапшаңдық шабытпен айту үшін өлеңнің оралымды түрі –
жыр болған. Мұның үстіне өлеңді суырып салып 
(импровизация) айту үшін де қолайлысы жыр деп 
танылған. Жырда ұйқасымнан гөрі буын санына, ырғақ-
екпінге айрықша мән берілген. Ал он бір буынды өлең 
жорық, аттаныс, соғыс картиналарын беруде, оқиғаны үсті-
үстіне түйдектете айтуда жыр секілді жеңіл, оралымды-
ұшқыр келе бермеген. Он бір буынды өлең ойланып 
айтуды, ұйқасымның үнемі болып отыруын керек еткен. 
Әрине, батырлар жырының барлығы жеті-сегіз 
буынды жыр түрінде айтылған жоқ. Кейбір жырлар 
өлеңнің жыр түрін сақтаса, енді біреулерінде он бір 
буынды өлең де, тіпті қара сөз де кездеседі. Оның себебі – 
жырдың оқиғасына байланысты секілді. Егер жырда ерлік, 
аттаныс, жорық, күрес жайы айтылатын болса, онда 
өлеңнің жыр түрі қолданылатыны байқалады. Ал, жырдың 
оқиғасы ерлік күрес жайынан ауысса, онда жыр он бір 
буынды өлеңмен немесе қара сөзбен айтылады. Мұның 
мысалын «Алпамыс» пен Қамбардан» көреміз. 
Өлеңнің жыр түріне тән негізі шарт – буын саны мен 
ырғақ, екпіннің бір қалыпта болуында секілді. Жыршы 
ақындардың бәрі де осы шартты мықты ескеріп отырады, 
жырдың буын санын жеті-сегізден асырмайды, ырғақ пен 
екпінді де сақтайды. Ал өлеңнің ұйқасымы, жол саны жыр 
121
Х.Жұмалиев, Абайға дейінгі қазақ поэзиясының тілі 
және Абай поэзиясының тілі, 1948 ж. Алматы. 


түрінде әр түрлі болып келеді. Батырлар жырында белгілі 
бір пікірді білдіретін, соны түйіндейтін шумақтың саны 
кем дегенде төртеу, асса 20-30 тармаққа дейін барады. 
Өлең тармақтарының санына қарай ұйқасымы да әр түрлі 
келіп отырады. Кейде өлең жолдары қатарынан немесе 
ерікті, 
аралас, 
шұбыртпалы 
түрлерінде 
ұйқасады 
(бұлардың 
мысалдарын 
жеке 
жырларға 
берілген 
талдаулардан қараңыз).
Батырлар жырында дыбыс қайталаудың алатын орны 
үлкен. Ол жырдағы оқиғаларды дамыта және көркемдеп 
айту үшін қолданылады. Мұнымен қатар, жыршы ақындар 
жырға қосып отырған оқиғасының қай мезгілде 
болғандығын аңғарту үшін де кейбір дыбыстарды 
қайталайтындығы байқалады. Жыршылар дыбыстарды 
қайталағанда өлең жолдарын қатарынан бір дыбыстан 
бастайды. Кейде бір тармақтағы барлық сөздерді не 
дауысты (ассонанс), не дауыссыз (аллитерация) дыбыстан 
құрастырады. Кейбір жырларда кісі аттарының өзі бір 
дыбыстан басталатындығы бар. (Мәселен «Қобыланды 
батыр» жырындағы кісі аттары: қарақышпақ Қобыланды
Қиятұлы Қараман, Құртқа, Қарлыға, Қазан болып келеді). 
Бұл айтылғандарға бір-екі мысал келтірейік. 
Қобыланды батыр Алшағырдың тұтқынынан ел-
жұртын құтқарып алады. Осы бір картинаны жыршы ақын: 
Қаладан шығып көп қыпшақ, 
Қойдай маңырап шуылдап, 
Қозыдай маңырап дуылдап, 
Қобыланды ерге қосылды; 
Қабыл болды бұл сапар, 
Қобыланды ердің тілегі
122
, –
деп суреттейді. Жыршы кілең дауыссыз дыбыстарды 
қайталай отырып, айтылған әңгімелердің (қыпшақтардың 
122
Батырлар жыры, 1939 ж. 153-бет. 


тұтқыннан құтқарылуы) осы сағатта болғандығын 
аңғартады. 
Жыршы 
ақындар 
қайталау 
ретінде 
дауысты 
дыбыстарды да пайдаланады. Мұны олар көбінесе 
жырдағы адамдардың портретін жасау үшін, олардың 
өткен кезде кім болғандығын баяндау үшін қолданатын 
секілді. Дауысты дыбыстарды қайталауымен жыршылар 
адамның сырт келбетін суреттейді. Мәселен, Қобыланды 
батырдың алдынан қарсы шыққан Қазан батырды Біржан 
ақын: 
Қара қасқа ат мінген. 
Артына сауыт бөктерген, 
Ат құйрығын шарт түйген, 
Аламанға дем берген, 
Алдына дабыл төңкерген,
Азды көпке тең көрген, –
деп сипаттайды, Қазанның өткен кезде қандай батыр 
болғандығын бейнелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет