Тайбурыл Қобыландыға жауынгер жолдас болады.
Батырмен бірге ел қорғауға шығады, халық қиялы
Қобыланды мен Тайбурылды бір-бірін түсініскен
жолдастай, аға мен інідей сипаттайды. Тайбурылдың басқа
тұлпарлардан артық бір қасиеті адам тілін білетіндігінде,
айтқанды түсінетіндігінде. Қырық күншілік
Қазанға бір
күнде
жеткізуді
өтінген
Қобыландыға
Тайбурыл
«жеткізем» деп уәде етеді.
Қобыланды түсінде Алшағырдың келіп, елін шауып
кеткенін біледі де, қатты қапаланады. Бұл жайды
Тайбурыл да сезіп қайғыланады, ыза кернегендіктен аяғы
да ақсайды. Қобыланды өз елінің жұртына келеді де, елін
жау қай жаққа әкеткенін таба алмай тұрады. Сонда ол
жолды Тайбурыл тауып береді.
Осы секілді әңгімелерді
ақындар жырына қоса отырып, Тайбурылда адамның ой-
мінезін, тілін, адам сырын түсінетін ерекше қасиет бар деп
көрсетеді. Сондықтан да жыршы-ақындар:
Жазығы мал демесең:
Тайбурылдың ақылы
Адамзаттан артық-ты, –
деп ардақтайды.
Тайбурылдың екінші бір қасиеті – жүйріктігінде.
Батырлар жырында кездесетін тұлпарлардың бәрі де
жүйрік. Бірақ, Тайбурылдың жүйріктігі олардың бәрінен
асып жатады. Тайбурылдың жүйріктігі шапқан сайын үдей
түседі, қызған сайын дами береді, Қобыланды «Әйт,
жануар, шу» дегенде:
Аршындап Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау мен тасты өрледі.
Тіктеп тиген тұяғы
Көлденең жатқан көк тасты
Саз балшықтай иледі.
Сеңгір,Сеңгір таулардан
Секіріп бурыл жөнелді.
158
–
десе, түс кезінде Тайбурылдың жүрісі одан сайын үдеп
кетеді.
Аттың жолы қазылды,
Бес жүз құлаш жазылды.
Омырау тері көпірді,
Бурыл көкке секірді.
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады,
Бір
төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.
159
–
Қажу, шаршауды білмеген Тайбурыл кешке қарай
жүрісті бұрынғысынан да дамытып жібереді. Сары
садақтың оғындай зымырайды, жұлдыздай ағады:
Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұқсайды,
Құлан менен бұланды,
Киік пенен қоянды
Ұзатпай алдын тосады.
Көкқұтан мен Қарабай
Көтеріліп ұшқанша
Белінен кесе басады –
Көркемдік жағынан алғанда, өлеңнің әсірелеу түрінде
жырланған «Тайбурылдың шабысы», – бұл қазақтағы
батырлар жырының аса сұлу, өте шебер суреттелген асқар
шыңы деуге болады. Мұнымен қатар, «Тайбурылдың
шабысында» халықтың ой-арманы, қиялы да жатқаны
байқалады. Одан сеңгір, сеңгір таулардан бір-ақ қарғып
өтетін,
алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір
күнде жететін көлік болуды аңсаған халық қиялы көрінеді.
Ерте кезде Тайбурылдай алысты бір-ақ аттайтын
158
Біржан мен Мергенбайдан.
159
Біржанның айтуынша.
тұлпарлар болмаса да, сондай көлік болуын халықтың
арман еткендігі аңғарылады.
Екінші, «Тайбурылдың шабысынан» басқыншы
жауға қарсы құйындатып бара жатқан халық қаһары да,
халықтың жауға деген ызасы мен кегі де көрінетін секілді.
Халық намысын ту қылып көтерген Қобыланды басқыншы
жаумен дереу кездесуді, оны талқандап жеңуді арман
етеді. Ол: «Еліңе жау келе жатыр», –
дегенде немесе
«Еліңді жау шауып кетті», – деген хабарды естігенде
қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатады, тұла бойын
ашулы кек пен ыза кернейді. Оны сол жауға дереу
жеткізетін де Тайбурыл болмақ. Ендеше, халқы үшін кек
алуға аттанған батырдың тасқындаған күші, найзағайдай
жарқылдаған қаһары, ызасы мен намысы «Тайбурылдың
шабысы» арқылы да берілгендігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: