Егер жырда айтылатын әңгімелерге Қобыландының
тікелей қатысы болмаса немесе ол әңгімелер Қобыланды
туралы болмай басқалар жайында болса, онда жыр
молынан жырланбайды, қысқартылып айтылады (Кейде
«әлхисса»ендігі әңгімені пәлен туралы естіңіз дей салады.)
Мысалға Қараман, Быршымбай,
Алшағыр жайындағы
әңгімелерді алайық. Қараман Қобыландыға өкпелейді де,
Қазанға өзі аттанады. Қараманның бұл кездегі ісі, ойы
толығынан жырланбайды. Өйткені ол әңгімелерге
Қобыланды тікелей қатыспайды және әңгіме Қобыланды
туралы
да
болмайды.
Екінші
мысал:
Көбікті
Қобыландының қолға түскенін Быршымбай арқылы
Алшағырға хабар етеді. Бұдан кейін Алшағырлар
Қобыландының елін шауып алады.
Бірақ қалай шапты, не
істеді дегендер толығынан жырланбайды. Өйткені бұл
оқиғаға Қобыланды тікелей қатыспайды.
Жырдың сюжетін құрудағы мұндай ерекшелік басқа
жырларда өте сирек кездеседі. Мысалы, «Алпамыс»
жырында сюжеттің дамуы бір адамның ерліктерін суреттеу
арқылы болмайды. Онда әрбір оқиға өз алдына, «әлхисса,
ендігі хабарды пәлен туралы естіңіз» деп жырланады, сол
хабардың жайы айтылады. Бірақ ол хабарға Алпамыстың
тікелей қатысы болуы, болмауы, иә Алпамыс жайында
айтылу,айтылмауы шарт емес.
Ондай хабарда Алпамысқа
қатысы жоқ басқа әңгімелер де өз алдында айтыла береді.
Мәселен, жырда, батырдың өзі жоқта еліне зәбір көрсеткен
Ұлтан, Тайша хандардың жайы, олардың шабуылы, ісі,
Алпамыстың туған-туыстарының хал-жайы өз алдына
жырлана береді. Ол жаңағы айтылған хабар арқылы
баяндалған болады.
Басқа жырлармен салыстырғанда, «Қобыланды
батырдың» композициялық құрылысындағы өзіне тән
ерекшеліктің бірі – оқиғаны дамытуында.
Жырдағы
оқиғаларды қисынын келтіре тізбектеп айту, бір оқиғадан
екіншісін тудыра, өрістете жырлау, шегініс жасамай үдете
түсу – аталған жырдың басты ерекшелігі болып табылады.
Қиыннан қиыстырып сюжет құру, жырдың композициясын
олпы-солпы етпей жинақтай ұстау – әрбір ақыннан асқан
шеберлікті керек етеді. Халық поэзиясында тек дарынды
ақындар ғана күрделі сюжет құрып, кесек образдар жасай
алатындығы, оқиғаларды шарықтау шегіне жеткенге дейін
дамыту түрінде алып және бір-бірімен шиеленістіре
байланыстыра отырып, жыр желісін үзбей,
тігісі жатық
үлкен көркем шеберлік жасау үлгісін «Қобыланды батыр»
көрсетті деуге болады. Міне осы негізде, Қобыландының
туысынан бастап, қартайғанға дейін ел қорғау жолында
жасаған ерлік істері суреттеледі. Мұны жыршы-ақындар
дастанның негізгі арнасы етіп алады да, оны неше
алуандаған және бір-бірімен
шебер қабысқан оқиғалар
арқылы, оларды тарамдап жырлау арқылы көрсетеді. Бұл
ретте олар жыр оқиғасын шегініс жасамай, үнемі үдете,
баяндау әдісін қолданады.
Әрине, жыршы, ақындар жырдағы оқиғаларды үнемі
суреттеу, сипаттау арқылы баяндай бермейді. Мұнымен
бірге, олар оқиғаны дамыта айту үшін реті келген жерде
және орынды түрде диалог пен монологты да қолданады.
Қобыланды мен Қараманның, Құртқаның, Қазанның т.б.
диалогтары жыр оқиғасын кеңейте жырлаудың бір әдісі
есебінде алынады.
Достарыңызбен бөлісу: