Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет78/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

АЛПАМЫС 
«Алпамыс» деп аталатын жыр өзбекте де, қазақта да, 
қарақалпақта да бар. Ағайынды үш елдің айтуындағы бұл 
жыр мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Әйткенмен 
өзара айырмашылығы да жоқ емес. Ондай айырмашылық 
басты-басты екі әңгімеден көрінетін секілді. Бірінші, 
қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырда Байбөрі мен 
Байсарының кейде (Сарыбай деп те аталады) араздасып 
кетуі көкпарға байланысты делінсе, өзбекте олай емес. 
Өзбектердің жырында Байбөрі ел билеген хан 
болады, ол қарамағындағы халықтан алым-салық, зекетті 
көп жинайды. Бұған наразылық ретінде Байсары қалмақ 
еліне көшіп кетеді. Екінші, қазақтар мен қарақалпақтар 
айтатын жырдың екінші бөлімі Байбөрінің малын Тайшық 
ханның тартып әкетуі жайын суреттеуден басталатын. Ал 
өзбектің «Алпамысында» Алпамыс Тайшықтың еліне 
өзінің малын қайыру үшін аттанбайды. Ол Баршынның 
айтуы бойынша, ханның қысымынан қайын атасы мен 
қайын енесін құтқару мақсатымен аттанған болады. 


Ағайындас үш халықтың айтуындағы «Алпамыс» 
жырының осы секілді өзара аздаған айырмашылығы бола 
тұрса да, бұл – әр халықтың өз шығармасы, тума жыры. 
Сондықтан да әр халық бұл жырдың ертеден келе жатқан 
сюжет желісін сақтай отырып, оны өздерінше жырлаған 
және бірнеше вариантқа айналдырған. «Алпамысты» 
зерттеген 
өзбек 
ғалымдары 
Х.Т.Зарифов 
пен 
М.И.Афзаловтың айтуына қарағанда, жырдың өзбекше он 
бір варианты бар көрінеді. Қазақ ССР Ғылым 
академиясының қызметкері Т.Сыдықов: «Алпамыстың» 
қазақша үш үлкен түрі бар, – дейді. Қарақалпақ 
әдебиетшісі И.Т.Сағитов «Алпамыстың» қарақалпақша бес 
варианты барлығын айтады
188
.  
Бұлармен қатар, татар, башқұрт, алтай елдерінде 
Алпамыс жайында шығарылған ертегілер де бар. 
Татарлардың 
ертегісі 
«Алпамша», 
башқұрттардікі 
«Алпамыш», алтайлықтардікі «Алып Манаш» деп аталады. 
Бұл ертегілердің кейбір әңгімелері өзбек, қазақ, қарақалпақ 
айтатын жырдың алғашқы бөліміне ұқсас келеді
189
.
«Алпамысты» жырлаған халықтың қайсысы болса да, 
оны өзінің тума шығармасы деп қараған. Сондықтан да біз 
бұл жырдың әр елдегі нұсқаларына тоқтамай, тек 
қазақшасын ғана сөз етпекпіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет