70
2.
БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДICТEМECI ЖӘНE ТӘЖIPИБEЛIК-
ЭКCПEPИМEНТ ӚТКІЗУ
2.1
«Мектеп
экспериментінің
техникасы»
курсы
негізінде
студенттердің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің әдіс-тәсілдері.
Физика – эксперименттік ғылым. Физиканың негізгі зерттеу әдістерінің
біріне эксперимент жататынын және заман талабына сай физикалық тәжірибеге
қажетті құрал-жабдықтар үнемі жаңарып, құрылысы мен сипаттамалары
жетіліп күрделене беретінін ескеретін болсақ, болашақ физика пәні мұғаліміне
мектептегі физикалық эксперимент әдістемесі және техникасы бойынша білім,
білік, дағдымен сипатталатын тәжірибелік дайындығын жетілдіру қажет.
Сондықтан тәжірибелік дайындығын жетілдіру ЖОО-ның ең маңызда мәселесі.
Бұл үшін тапсырмалар шығармашылық бағытта болуы керек. Студенттердің
зерттеу жұмысына арналған тапсырмалар жиынтығының авторлары айтуынша,
физиканы оқыту әдістемесі бойынша студенттік зерттеулер, белгілі әдістемелік
принципті кӛшіруден немесе нақты шағын мәселені шешу тәсілінен басталуы
керек.
Студенттерді шығармашылыққа баулудың, олардың бойында ғылыми-
зерттеу икемділігін, шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі бір тәсілі
шығармашылық тапсырмаларды шешу болып табылады, яғни бұл СОЗЖ негізі
болуы керек [119]. Шығармашылық тапсырманың жалпы қабылданған
анықтамасы жоқ. Түрлі авторлар әртүрлі анықтамалар ұсынады. А.М.
Матюшкин мәселе (шығармашылық) тапсырма деп шартында берілмеген жаңа
қатынастарды
табуды
талап
ететін
тапсырманы
айтады
[120].
Я.А.Пономоревтың ойынша, бар шарттардан логикалық жолмен шешімі
шықпайтын тапсырманы шығармашылық деп есептеуге болады [121]. Егер
білім алушыларға тапсырманы шешудің әрекет тәсілдері белгісіз болса, ол
тапсырма шығармашылық болып есептеледі деп Ю.Н. Кулюткии және
Г.С.Сухобская санаған [122]. Егер тапсырмаларда физикалық заңдылықтарды
білу негізінде орындалатын талап болса, бірақ сол тапсырманы шешу үшін
физикалық құблыстардың заңдылықтарына қандай да болмаса тікелей немесе
жанама сілтеме болмаса, ол тапсырманы шығармашылық деп есептеуді В.Г.
Разумовский ұсынады [123].
Ғалымдардың айтуынша [124] объективті жаңалығымен сипатталатын,
шығармашылық ӛнімін жасайтын ғалымның шығармашылық іс-әрекеті мен ӛзі
үшін жаңалық ашып жүрген білім алушының іс-әрекеті арасында
психологиялық аспекті жағынан ортақ нәрсе кӛп. Сондықтан, студенттердің
шығармашылығы туралы сӛз қозғағанда, ғылыми шығармашылық деп ойламау
керек, ӛйткені ол қоғамдық мәнге ие, жаңа материалдық және рухани
құндылықтарды жасаушы адамның іс-әрекеті сияқты емес, ол субъекивті
шығармышылық, яғни студент ӛзі және ӛзінің құрбылары үшін бір жаңалық
«ашады». Екінші шарт, яғни басқалар үшін жаңалық ашу – бұл жерде маңызды
мәні бар нәрсе, ӛйткені ғылыми шығармашылықтың екінші критериі «қоғамдық
маңыздылығы», ол СОЗЖ ұйымдастыру кезінде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
71
Бұл критеридің ескерілуі, студенттердің ғылыми жұмысқа қатысуының белгілі
мотивациясымен байланысты болуы, олардың іс-әрекеті мен нәтижелеріне
білгілі мән беріліп, сол жұмысты жалғастыруға себеп болады. Студенттік
ізденіс үдерісі барысында үлкен болмаса да, белгілі, жаңа нәтижелерге қол
жеткізіледі, ол жетістік топтағы құрбылар, курстастар, жас ғалымдар арасында
белгілі бір қоғамдық мәнге ие болады.
Нақты жағдайда педагог қабылдаған шешім, педагогикалық міндеттің
шешімі болып табылады. Педагогикалық міндет- ауқымды түсінік және
«әдістемелік міндет, тапсырма» деген түсініктерден тұрады. Жиі ӛзгеріске
ұшырайтын, кӛптеген шарттар мен факторларға тәуелді педагогикалық
еңбектің ерекшелігіне қарай әдістемелік тапсырмалардың шешімдері әр түрлі
болады, ол пайда болған кӛптеген педагогикалық жағдайларды қайталанбас
етеді, соның негізінде олардың кӛбісін шығармашылық тапсырмаларға
жатқызуға болады.
Бұл жұмыста негіз ретінде В.Г.Разумовскидің шығармашылық міндетке
берілген анықтамасы алынған, ол студенттік жасқа және педагогикалық жоғары
оқу орындарында оқу пәні ретінде, физиканы оқыту әдістемесінің ерекшелігіне
қарай бір шама ӛзгертілген. Сондықтан, шығармашылық тапсырма ретінде,
тапсырмада тұжырымдалған талап тапсырманы орындау барысында
студенттердің алған немесе ӛз бетінше игерген білімдеріне негізделіп
орындалынатын тапсырманы түсіну керек, бірақ онда нақты қандай білімдерді
пайдалану керек екендігі туралы тікелей немесе жанама нұсқаулар болмайды.
МЭТ-нан физика пәні мұғалімінің дайындық мазмұнын анықтау
мақсатында, физикалық эксперимент қолданылған сабақтардағы мұғалімнің іс-
әрекетіне талдау жүргізілді, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби-педагогикалық
дайындығына қойылатын талаптар да зерттеліп, талданды.
МЭТ курсын оқытуда жобалап оқыту технологиясының маңызы зор.
Жобалап оқыту технологиясын пайдаланудың ерекшелігі студент тақырыпты
немесе тапсырманы таңдау, орындау барысында шығармашылық еркіндікке қол
жеткізеді. Жобалап оқыту технологиясы жӛнінде Дьюи, Торндайк, Лай сынды
американдық ғылымдар негізгі идеяларын ұсынды. Ондағы негізгі идеялар:
Дьюи: Бала ӛзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындауы тиіс.
Торндайк: Балалар таңдаған іс-әрекеттерін бірігіп, ұйымшылдықпен топтасып
орындауы тиіс. Лай: Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт
жібермеу, тек біржақты ойланып қана қоймай, қосымша мәліметтер іздену.
Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы МЭТ курсын оқыту
үдерісінде әр бір физикалық тәжірибені орындау кезінде студенттер
тәжірибенің тақырыбы және мақсатымен ғана танысып, ал оны қандай құрал-
жабдықтардың кӛмегімен орындау керек екенін ӛзі таңдап, шағын жоба ретінде
қорғап, тәжірибенің мақсатына жетудің тиімді жолдарын табумен айналысады.
Сондықтан біздің әдістемеміздегі әр бір физикалық тәжірибені шығармашылық
тапсырма ретінде қарастыруға болады. Ӛйткені физикалық тәжірибені
орындағанда тек бір нұсқаулық бойынша жүрмей ондағы құрал-жабдықтарды
таңдауға, және тәжірибе мақсатына жетудің тиімді жолын таңдауға мүмкіндігі
72
бар. Физикалық тәжірибелерді орындау барысында іскерлік ойындарды
ойнатып студенттерді мектептегі мұғалімнің роліне қойып, физика
кабинетіндегі құрал-жабдықтарды ӛзінің тапсырмасын орындау кезінде толық
пайдалана алатын мүмкіндік жасау қажет. Мысалы МЭТ курсындағы
тапсырмаларды орындау кезінде студенттердің атқаратын қызметін тірек
сызбалар арқылы ұсындық. Ол 11-сұлбада кӛрсетілген. (сурет 11).
Сурет 11 – МЭТ курсындағы тапсырмаларды орындау кезінде студенттердің
атқартын қызметі, іс-әрекеттері
Зерттеу жұмысымыздан МЭТ курсындағы тапсырмаларды орындау кезінде
студентердің атқарған қызметтеріне, іс-әрекетттеріне 10-суретті негізге ала
отырып мысалдар келтірейік. Студенттер қандайда бір физикалық тәжірибені
орындауға тапсырма алды. Ол МЭТ курсының оқу жоспарында кӛрсетілген
зертханалық жұмыс болуы мүмкін, демонстрациялық тәжірибе болуы мүмкін,
қандайда бір ӛлшеу құралының немесе қондырғыны жұмыс жасау қағидатын
түсіндіріп беретін демонстрация болу мүмкін, СӚЖ тапсырмалары болуы
мүмкін. Тапсырманың күрделілігіне қарай тәжірибені жеке орнындауға да және
бірнеше студент болып топ құрып орындауға да болады. Қандайда бір
физикалық тәжірибені орындауға тапсырма алғаннан кейін осы тәжірибенің
73
мақсатына жету үшін физика кабинетіндегі құрал-жабдықтарды таңдайды.
Физикалық тәжірибенің күрделілік деңгейіне байланысты тапсырмада құралдар
тізім белгілі болуы да мүмкін. Осы құралдарды физика кабинетінде бар болса
таңдап алып тәжірибені орындауға кіріседі. Ал егер қажетті құрал жоқ болғанда
10-суретте
кӛрсетілгендей баламалы құрал-жабдықтармен алмастыруға
тырысады. Бұған мысал ретінде «денені еркін құлату арқылы еркін түсу үдеуін
анықтау» тәжірибесінде орындаған студенттердің шағын жобасын алуға
болады. Студентер екі топқа бӛлініп тәжірибе мақсатына жету үшін жоба
әзірледі. Тәжірибені орындау кезінде еркін құлаған дененің түсу уақытын дәл
ӛлшеу қиындық туғызады, ӛйткені бұл тәжірибені орындайтын арнайы
қондырғы болмады. Яғни бұрын меңгерген түсініктері мен білімдерін
пайдалануға мүмкіндік беретін проблемалық жағдаят пайда болды [125]. Бұл
мәселені жою үшін шығармашылық тұрғыдан қарап сурет 10-да кӛрсетілгендей
балама құрал-жабыдықпен алмастыруға бір топ мүшелері шешім қабылдады.
Ол үшін серіппеге ілінген жүктің траекториясын, жылдамдығын, үдеуін
компьютерлік датчик арқылы жазып алуға арналған қондырғының
электромагниті пайдаланылды (сурет 12).
Сурет 12 – Серіппеге ілінген жүктін траекториясын, жылдамдығын, үдеуін
компьютерлік датчик арқылы жазып алуға арналған қондырғы
Алынған электромагнитті, темір сызғышты, секундамерді, тұйықтағыш
кілтті пайдаланып түсу уақытын дәл ӛлшейтін қондырғы құрастырылды (сурет
12). Осы қондырғыны қолдану арқылы еркін түсу үдеуін дәл ӛлшеуге мүмкіндік
туды. Тәжірибеден алынған нәтижелер еркін түсу үдеуін анықтаудың басқа
тәсілдерімен
жасалынған
тәжірибелер
арқылы
салыстырылды.
Бұл
қондырғының физика сабағында қолданудың тиімділігін мектепке іс-
тәжірибеге барған студенттер де дәлелдеді. Демонстрациялық тәжірибе ретінде
де, зертханалық жұмыс ретінде де қолдануға болатын бұл қондырғыны
құрсатыру кезінде студенттер тәжірибелік дайындыққа қажетті икемділіктер
мен дағдыларды қалыптастырды.
74
Сурет 12.б – Студенттердің орындағын шағын зерттеу жобасы «Еркін дененің
құлау уақытын дәл ӛлшейтін қондырғы»
Сурет 10-ға сәйкес құрал-жабдықтың жарамсыз бӛлшегін тауып, оны жоя
білу біліктерін меңгерту мақсатында студенттерге тапсырманы орындау
барысында физика кабинетінде тәжірибеге арналған құралдар бар болып
олардың ақауы бар болуы мүмкін ситуациялық жағдайлар жасалынды. Бұл
болашақ физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттерін жүзеге
асыруға мүмкіндік туғызады. Білім алушылардың шығармашылық іс-
әрекеттерін жүзеге асыруы тӛмендегідей сұрақтарға жауап іздеуден
туындайтынын педагог ғалымдар (К.Ӛстеміров, О.Сыздықов, т.б.) атап
кӛрсеткен:
Қолданылып жүрген конструкциялар үшін:
-конструкция тетіктері мезгілінен бұрын істен шығатын болса;
-тетіктердің материалы техникалық талапқа сай болмаса;
-жӛндеу жұмыстары қиындай түссе;
- конструкцияны қолдану немесе әрі қарай пайдалану тиімсіз болса;
-адам еңбегі ауыр күйінде қалатын болса және т.б. жағдайларда жетілдіру
қажет.
Мысалы «Майкельсон интерферометрі арқылы жарықтың толқын
ұзындығын анықтау» атты зертханалық жұмыс студенттерге тапсырма ретінде
берілді. Бірақ бұл тәжірибені орындау үшін қажетті қондырғының (сурет 13)
«қалыпты беріліс реттегіші» бӛлігі істен шыққан болатын.
75
Сурет 13 – «Майкельсон интерферометрі арқылы жарықтың толқын ұзындығын
анықтау» зертханалық жұмысына қажетті қондырғы
«Қалыпты
беріліс
реттегіші»
бӛлшегінің
ақауын
жою
үшін
алмастырылатын бӛлшектер жоқ, ӛйткені бұл бӛлшектер Германияда
шығарылған және осы бӛлшектің бағасының ӛзі сатып алынған құжаттарында
273 781 теңге деп кӛрсетілген. Егер бұл бӛлшектің ақауы жӛнделмейтін болса,
тәжірибенің мақсатына жету мүмкін емес. Бұл жағдай мектепте физика пәнін
оқыту кезінде де кездесуі мүмкін. Келтірілген мысалда жоғарыда айтылған
білім алушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін жүзеге асыруын
туындататын сұрақтардың барлығы бар. МЭТ курсында студенттер осындай
мәселелерді шешуі үшін оқытушының бағдарымен жаңа технологияларды
техникаларды пайдаланады. Мысалы үш студенттен құралған топ бұл
тапсырманы арнайы шағын жоба ретінде алып 10-суретте кӛрсетілгендей
қажетті бӛлшектерді 3D принтерден шығару арқылы «Қалыпты беріліс
реттегіші» бӛлшегінің ақауын жойып (сурет 14) тәжірибені ойдағыдай
орындады.
Сурет 14 – Қалыпты беріліс реттегішінің істен шыққан бӛлшегі және оны 3D
принтерден шығарылған нұсқасы.
76
Мұндай тапсырмаларды орындау кезінде студент дайын нұсқаулықпен,
дайын құрал-жабдықпен жұмыс жасамай мектептегі мұғалімнің ролінде болып,
тәжірибенің мақсатына жетудің жолын қарастырып, ондағы туындаған
мәселереді шығармашылық тұрғыда шешімін таба білуді үйренеді.
Кейбір студенттер бӛлшекті қолдан жасау идеясын ұсынуы мүмкін. Бірақ
бұл кезде адам еңбегі ауыр күйінде қалатын жағдай болар еді. Бірақ кейбір
тәжірибелер үшін қолдан жасау әдісі адам еңбегін ауыр күйінде қалдырмай
керісінше бірқатар педагогикалық артықшылықтарға ие болуы мүмкін. Бұған
мысал ретінде жердің магнит ӛрісін және компастың жұмыс жасау қағидатын
түсіндіруге арналған қолдан жасалынатын құрал жабдықтарды айтуға болады.
Компастың ең негізгі бӛлігі магниттің тілше, яғни массалар центрінен
теңестіріліп инеге ілінген немесе жіпке ілінген тұрақты магнит болып
табылады. Сондықтан магниттік тілшені қолдан жасау үшін бізге күшті
тұрақты магнит қажет болады. Бұл магнитті істен шыққан құлаққаптан
(наушнитен) алатын болмыз. Құлаққаптың ішінде диаметрі 5-6 мм болатын
кішкене әрі күшті неодимдік магнит ораналасқан. Осы магнитті қалай алу керек
екенін кӛрсету барысында наушниктің құрылысымен, жұмыс жасау
қағидатымен де таныстырып, тұрақты магнит бұл жерде қандай қызмет
атқаратынын түсіндіріп кету қажет немесе дыбыс зорайтқыштарды түсіндіру
барысында курс аралық байланыс үшін білім алушылардың есіне бірден
түсетіндей етіп «кӛпір» жасап кеткен дұрыс. Сонымен тұрақты магнит
компастың ғана емес құлаққаптың да негізгі бӛлшегі болып табылады (1-сурет).
15-сурет. Дыбыс зорайтқыш құрылысы.
Осы кішкене дыбыс зорайтқыштан алынған магнитті компастың негізгі
бӛлшегі болып табылатын магниттік тілше ретінде қолдануға болады. Бірақ
магниттің ӛзін ғана қолдану жеткіліксіз. Ӛйткені ӛлшемі кіші болып келетін
магнит нақты бағытты кӛрсете қоймайды. Магнит жердің әлсіз магнит ӛрісімен
әсерлесу үшін күш иінін ұзарту қажет және магнит ӛрісінің күшін арттыру
қажет. Алдымен білім алушыларға проблемалық сұрақ қойып олардан әр түрлі
77
ұсыныстар алынады. Бұл екі мәселені ферромагнетиктердің қасиетін
пайдаланып шешуге болады. Не үшін ферромагнетик қажет екенін түсіндіру
барысында білім алушы ферромагнетиктердің қасиеті, күш иіні туралы
білімдерді еске түсіреді, практика жүзінде колданады.
Ферромагнетиктер сыртқы магнит ӛрісін кенеттен артыра алатын
ерекше қасиетке ие. Кейбір ферромагнетиктердің магниттік ӛтімділігі бірнеше
жүз мыңға жетуі мүмкін, яғни сыртқы магнит ӛрісін бірнеше жүз мыңға дейін
арттыра алады. Ферромагнетикке Fe, Co, Ni, Gd, Tb, Dy, Ho, Er, Tm және тағы
басқа қоспалар жатады. Элементар бӛлшектердің қасиеттерін зерттеу электр
заряды бар барлық бӛлшектердің меншікті магниттік ӛрістері бар екенін
түсіндіріп, зарядталған бӛлшектер айналмалы электр тогына ұқсас деп
қарастыру қажет. Электронның меншікті магнит ӛрісі ядроның айналасында
қозғалғанда электронмен жасалатын магнит ӛрісінен едәуір күшті. Осы себепті
электрондардың меншікті магниттік ӛрісін қосудың арқасында сыртқы ӛрісі
күшейетін
ферромагнетиктер
парамагнетиктерге
қарағанда
магнитті
ӛткізгіштікке ие.
Біз дыбыс зорайтқыштан алған ӛлшемі кіші магниттің, магнит ӛрісін
едәуір күшейту үшін темірді қолданатын боламыз. Ол үшін магниттің екі
жағына осы магниттің диаметрімен шамалас бірақ магнит қалыңдығынан
бірнеше есе ұзын ферромагнетикті жапсырап қою жеткілікті (2-сурет).
16-сурет. Тұрмыстық заттардан жән зат бӛлшектерінен құрастырылғын
магниттік тілше. 1) неодимдік магнит, 2) ферромагнетик (шеге)
Бұл магниттік тілшені су бетінде қалқып жүрген қалтқының үстіне
орналастыратын болсақ, жердің магнит ӛрісемен әсерлесіп магниттің солтүстік
полюсі жердің географиялық солтүстік полюсіне бағытталып орналасады (3-
сурет). Неге бұлай орналасатынын жердің магнит ӛрісі мен біз жасаған
магниттік тілше ӛзара әрекеттесетінін және жердің магниттік ӛрісінің
полюстері қалай ораналасатынымен түсіндіруге болады. Ферромагнетиктерді
әр түрлі түспен бояп қоюға болады.
78
17-сурет. Қалтқы үстіне орналасқан магниттік тілше.
Магниттік тілше су бетіндегі қалтқыда орналасатын болса біршама
қолайсыздықтар туғызады. Ӛйткені қалтқы ыдыстың шетіне тигенше
қозғалыста болуы мүмкін және ыдыстың шетіне тигеннен кейін кедергіге тап
болып магниттік тілшенің кӛрсетуінде біршама қателіктер орын алуы мүмкін.
Және бұл тілшені басақа тәжірибелер мысалы Эрстед тәжірибесін жасау
кезінде қолдану қолайсыз болып келеді.Сондықтан магниттік тілшені массалар
центрінен жіп арқылы аспаға іліп қойған ыңғайлы. Магниттің ӛлшемі біршама
кішкентай болғандықтан жіпті байлау қиынға соғатыны анық. Жіпті дұрыс
байламау қателіктерге алып келеді. Болашақ физика мұғалімдері тәжірибе
барысында қателікті барынша азайтатындай икемділіктері, тәжірибелік
дайындығы болуы қажет. Сондықтан бұл қолайсыздықтарды жоюдың жолын
таба білу үшін білім алушылардың ӛздеріне миға шабуыл ретінде проблемалық
сұрақ етіп қойып әр түрлі жауаптар алуға болады. Бұл іс-әрекетті орындау
кезінде, болашақ мұғалімде бір қатар кәсіби ептіліктер қалыптасады, олардың
даму процесі кәсіби бағыттылықтың манызды бір аспектісін құрайды.
Тапсырмаларды орындау кезінде студенттердің барлық ұсыныстарын ескеріп
талқылаудан ӛткізу және олардың ұсынған болжамдарын оқытушы кӛмегімен
тексеру маңызды [9]. Біздің жағдайда мәселені шешудің ең тиімді жолы жіпті
магнитке байламай жіптің ұшын екі бӛлікке тарқатып ферромагнетиктер мен
магниттің арасына қыстырып қою. Магниттік тілше массалар центірде ілініп
тұруына жағдай жасау қажет (4-сурет).
18-сурет. Тұрмыстық заттардан жән зат бӛлшектерінен құрастырылғын
магниттік телше. 1) неодимдік магнит, 2) ферромагнетик (шеге), 3 жіп
79
Сонымен физика кабинетіндегі физикалық құрал жабдықтарға қолжетімсіз
болған жағдайда физика сабағының сапасын түсірмей керісінше арттыруға да
болады [10]. Ӛйткені компасты құрастыру кезінде физика сабағының сапасына
оң бағыт беретін кӛптеген артықшылықтарға ие болдық. Дыбыс зорайтқыштың
құрылысымен, ферромагнетиктердің қасиеттерімен, жердің магнит ӛрісімен,
магниттердің бір біріне қалай әсер ететінімен таныстық. Сонымен қатар білім
алушылардың пәнге қызығушылыған арттырып, тәжірибе ұйымдастыру
барысында білім алушылардың икемділіктерін дамытуға мүмкіндік алдық.
Қарапайым қолдан жасалған құрылғылар педагогикалық жағынан ӛте тиімді
болап келеді. Ӛйткені құрылғыны құрасыту үдерісіне білім алушылар активті
түрде қатысады, жән құрылсы қарапайым, түсінікті болып келеді.
МЭТ курсының жоспарында кӛрсетілген физикалық тәжірибелерді,
зертханалық жұмыстарды, СӚЖ тапсырмаларын шығармашалық бағыттағы
тапсырмалар деп есептеп студенттерге арналған шығармашылық тапсырмалар
жүйесін жасаудың маңызы зор. Бұл шығармашылық тапсырмаларды шағын
жоба ретінде алып, қандайда бір нысанда зерттеледі. Бұлар нысан қандайда бір
қондырғы, физикалық тәжірибе немесе тәжірибені физика сабағында тиімді
қолдану әдістемесі болу мүмкін.
МЭТ бойынша мұғалімдерді даярлауда бес негізгі бағытты ажыратуға
болатынын мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін талдауда кӛрсетті. Ол іс-әрекет
тӛменде аталғандармен байланысты:
- жасап кӛрсеткен физикалық құбылыстарды түсіндіру әдістемесімен;
- эксперименталды оқу қондылардың немесе аспаптардың схемаларымен;
- эксперименталды оқу қондырғылармен немесе бӛлек аспаптармен;
- тәжірибе жасап кӛрсету әдістемесі және техникасымен;
- оқу үдерісінде демонстрациялық немесе лабороториялық тәжірибелерді
қолдану әдістемесімен байланысты.
Бұл бағыттардың әр қайсысы белгілі бір зерттеу нысанымен байланысты.
Бірінші бағыт үшін зерттеу нысанасы ретінде, физикалық құбылысты түсіндіру
әдістемесі болады; екіншісі үшін - эксперименталды оқу қондырғылардың
схемасы; үшіншісі үшін - эксперименталды оқу қондырғылар; тӛртіншісі үшін -
тәжірибені жасау әдістемесі мен техникасы; бесіншісі үшін - оқу үдерісіңде
жасап кӛрсететін тәжірибені қолдану әдістемесі.
Осы бағыттардағы даярлықты есепке алып шығармашылық тапсырмалар
жүйесі жасалынады, олар мектептік физикалық эксперименттің әдістемесі және
техникасы бойынша СОЗЖ –ның негізі болады.
Фактілерді жалпылаудан абстрактты үлгі құруға және теориялық
салдардан олардың эксперименталды тексеруге ӛту, шығармашылық циклдың
ең қиын фазалары екені мәлім. Осының негізінде физика бойынша
шығармашылық міндеттердің екі түрі ажыратылған: зерттеушілік және
конструкторлық [92, б. 127].
Физиканы оқыту әдістемесіндегі шығармашылық ғылымдағы сияқты
циклдық сипатқа ие және бұл шығармашылық циклде қиындау фазалар бар
80
екендігін болжауға педагогикалық идеялардың дамуын талдау нәтижелері негіз
болады. МЭТ аумағында мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің жүйелі-құрлымдық
талдау жасай отырып және шығармашылық циклде қиындау фазаларының
болатындығын ескеріп, келесі қортынды жасалды. Оған сүйенетін болсақ,
мұғалімдерді даярлауда да тапсырманың мақсатты түрде екі түрін ажыратқан
дұрыс, олар зерттеушілік (немесе оқу-зерттеушілік) және конструктивті (немесе
оқу-конструктивті) деп аталған. Оқу-конструктивті орындау барысында білім
алушылардың техникалық шығармашылығы дамытылады.
Зерттеу
тапсырмаларында
педагогикалық
жағдайға,
құбылысқа,
ұсынылған оқыту әдістемесіне және т.с.с., ӛзінің пікірін, ұстанымын анықтап
және ұсынылған талдау нысанасын негіздеу немесе жоққа шығару талап
етіледі. Мұндай тапсырмаларда келесі сұраққа жауап беру негізделген: «Неге
осы талқылау нысанасы бойынша дәл осындай кӛзқарас пайда болды?».
Конструктивті тапсырмаларда белгілі абстрактты үлгіге сәйкес келетін іс-
әрекеттің соңғы ӛнімін жасау талап етіледі. Мұндай тапсырмаларда «Берілген
талапты іске асыру үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап беру талап
етіледі.
Бұл тапсырмалардың әр түрі қандай да болса белгі бойынша ажыратылып,
белгілі зерттеу тобына бағытталған және шығармашылық тапсырманың белгілі
типін құрайды. Берілген жағдайда, мұғалімді даярлаудағы негізгі бес бағыт
туралы сӛз болып тұр, яғни бес түрлі зерттеу нысаналары туралы, демек
шығармашылық тапсырмалардың не бәрі он түрі болуы мүмкін: зерттеушілік
тапсырмалардың бес түрі (кесте 9, барлық тақ сандар) және конструктивті
тапсырмалардың бес түрі (кесте 9, барлық жұп сандар).
81
Кесте 9 – Шығармашылық тапсырмалардың негізгі типтері
Зерттеу нысанасы
Оқу-зерттеу тапсырмалары
Оқу-конструктивті
тапсырмалар
Оқушылар үшін
физикалық құбылысты
түсіндіру әдістемесі.
1) Оқушыларға физикалық
құбылысты түсіндіру
әдістемесінің ұсынылған
нұсқасын, оқу үдерісінде
қолдану мүмкіндігін
зерттеу.
2) Оқушылар үшін
физикалық құбылысты
түсіндіру әдістемесін
жасау.
Эксперименталды оқу
қондырғының схемасы
3)Тәжірибе схемасында
ұсынылған сипаттаманы,
мұғалімнің жұмыс
тәжірибесінде қолдану
мүмкіндіктерін анықтау
мақсатында зерттеу.
4)Тәжірибенің
принципиальды жағын
(идеясын) кӛрсететін
суретті (схеманы)
жасау.
Эксперименталды оқу
қондырғысы.
5)Эксперименталды оқу
қондырғыны және аспапты
зерттеу.
6) Эксперименталды
оқу қондырғыны
немесе аспапты жасау
Тәжірибені жасап
кӛрсетудің әдістемесі
мен техникасы
7) Ұсынылған нақты
тәжірибені жасап кӛрсету
әдістемесі мен техникасын,
оқу үдерісінде қолдануда,
оның мүмкіндіктерін
анықтау мақсатында
зерттеу.
8) Физика бойынша
ұсынылған тәжірибені
жасап кӛрсету
әдістемесін жасау
Оқу үдерісінде жасап
кӛрсететін тәжірибені
қолданудың
әдістемесі.
9) Оқу үдерісінде тәжірибені
қолдану әдістемесін, сабақта
пайдалануға жарамдылығын
зерттеу.
10) Оқу үдерісінде
жасап кӛрсетілетін
тәжірибені қолдану
әдістемесін жасау.
Бұл тапсырмаларды орындау барысында студент оқулықта айтылған
құбылысты тәжірибе арқылы кӛрсетудің ең тиімді жолын таңдап және осы
тәжірибені ұйымдастыра отырып шағын педагогикалық тәжірибе жасайды. Бұл
кезде топтағы басқа студентте оқушы ролінде болады. Демонстрациялық
тәжірибені ұйымдастырудың шартына сәйкес тәжірибе 5-10 минутқа созылады.
Тәжірибе біткен соң оқытушы студенттермен бірге тәжірибенің сапалылығы,
қолжетімділігі, қарапайымдылығы, түсініктілігі бойынша талқыланады.
Енді әрбір тапсырмалардың ӛзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.
Бірінші тип – оқушылар үшін физикалық құбылысты түсіндірудің
ұсынылған әдістемесінің нұсқасын оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін
зерттеу тапсырмалары болады.
82
Ол мүмкіндік жұмысымыздың бірінші бӛлімінде кӛрсетілген негізгі
дидактикалық принциптерден (қол жетімділік, ғылымилық, табандылық,
кӛрнекілік және т.б.) және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу
бағдарламаларымен анықталады.
Осы типтегі тапсырманың мысалы: Лекцияда ұсынылған ӛзіндік индукция
құбылысын оқушылар үшін түсіндіру әдістемесінің нұсқасы, жалпы орта білім
беру мектебінде сабаққа пайдалануға жарамдылығын зерттеңіздер.
Екінші тип – кӛрсететін физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды немесе
дене қасиеттерін оқушылар үшін түсіндіру әдістемесін жасау конструктивті
тапсырма болып табылады. Жасалған әдістеменің нұсқасы, талаптар
жиынтығын білдіретін (қандайда болса бір талап немесе дидактикалық
принцип) белгілі үлгіге сәйкес келуі керек. Жасалған әдістеменің нұсқасы,
қазіргі оқушыларда бар білімдерге сүйенуі қажет және әдістемені жасап
ұсынған автордың белгілі кӛрнекілік құралдары (сурет, схема, аппликация, үлгі,
компьютерлік модель және т.б) оқушылар үшін қол жетімді және түсінікті
болуы тиіс.
Бұл типтегі тапсырманың мысалы: «Екінші тізбекті тұйықтау кезінде,
бірінші тізбектегі трансформаторда электр қуатының күшею себебін
оқушыларға түсіндіру әдістемесін жасаңыз».
Үшінші тип – ұсынылғын физикалық тәжірибені мұғалімнің жұмыс
тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында зерттеуге арналған
тапсырмалар.
Мысалы: Ӛшетін электромагнитті тербелістерді кӛрсетуге арналған ЭОҚ
схемасын мектепте сабақта қолдануға мүмкіндіктерін зерттеңіздер.
Тӛртінші тип – алдын ала берілген талапқа сай келетін, принципиалды
схеманы, жасалынған тәжірибенің суретін жасауға немесе компьютерлік
моделіне арналған тапсырма.
Бұл типтегі тапсырма үшін, келесі тапсырма мысал бола алады:
Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік модельдеу, Штерн
тәжірибесінің идеясын түсіндіруге негіз болатын принципиалды суретті
оқушыларға ұсыну.
Бесінші тип – эксперименталды оқу қондырғының немесе бӛлек алынған
аспаптың ақауын анықтау үшін арналған зерттеу. Мысалы: ұсынылған аспапты
зерттеп оның ақауын анықтап, жоюы қажет (сурет 14).
Алтыншы
тип
-
физика
бойынша
лабораториялық
немесе
демонстрациялық экспериментте студенттер қандайда бір абстрактті
физикалық үлгіні (идея, принцип, формула, құбылыс, заң) іске асыруды талап
ететін тапсырма. Басқаша айтқанда, бұл тапсырма эксперименталды оқу
қондырғысын немесе аспабын жасауға арналған және «........болу үшін, не істеу
керек?» деген сұраққа жауапты талап етеді. Мысалы: «Электр ӛрісінің
кернеулігі ұғымын оқушыларға кӛрсетуге кӛмектесетін эксперименталды
қондырғыны ұсыныңыз» деген тапсырманы студенттердің орындауы кезінде
оларға бағыт бағдар беріліп тұрады. Бұл кезде студентер тарапынан кӛптеген
идеялар туындап олардың ішіндегі тиімді деген нұсқаларына бағыт бағдар
83
жасалынады. Электер ӛрісінің кернеулігі ұғымын демонстрациялық тәжірибе
арқылы кӛрсетудің ең тиіміді жолы компьютерлік модель болғадықтан
студенттерге тӛмендегі физикалық эксперименттің компьютерлік моделін
жасау ұсынылды. Модельде Q заряды бар дененің электр ӛрісі зерттеледі және
ол дене ақ түспен боялған жақтаушаның ішіне қозғалмайтындай етіп
орналастырылған (сурет-15). Осы ӛрісті зерттеу үшін q
1
, q
2
, q
3
зарядтары бар
денелер нүктелік зарядтар ретінде қолданылады және оларды тышқанның
кӛмегімен ұстап жылжыту арқылы Q зарядтың электр ӛрісіне әр түрлі r
қашықтықта орналастыра аламыз. Q, q
1
, q
2
, q
3
зарядтардың, r арақашықтықтың
шамаларын әр шаманың тұсындағы енгізу ӛрісіне мән беру арқылы
қалауымызша ӛзгерте аламыз. Кестедегі үшінші, тӛртінші, бесінші бағандардың
ұяшықтары есептеу нәтижелерін шығарумен қатар батырма қызметін атқарады.
Бұл осы компьютерлік бағдарламалық терезесінің бетінің ауданын үнемдеуге
кӛмектеседі, нәтижесінде компьютерлік модельде кӛрсетілетін процестер
анығырақ кӛрінетін болады.
Сурет -15 Электр ӛрісі кернеулігін түсіндіруге арлаған демонстрациялық
тәжірибенің компьютерлік моделі
Мысалы, Q зарядтың енгізу ӛрісіне 40 мкКл, q
1
зарядтың енгізу ӛрісіне 6
мкКл, q
2
зарядтың енгізу ӛрісіне 5 мкКл, q
3
зарядтың енгізу ӛрісіне 4 мкКл және
r арақашықтың енгізу ӛрісіне 30см мәндерін берейік. 1-батырмасын шертетін
болсақ модельде кӛрсетілген тақтаға Q заряды мен q
1
зарядының арасындағы
әрекет ететін F
1
күштің формулаларын жазады. q
1
зарядталған денені
тышқанның кӛмегімен ақ түспен боялған жақтаушаның үстіне алып барамыз.
Бұл кезде компьютер q
1
зарядталған денені автоматты түрде Q зарядталған
денеден 30 см қашықтықтағыдай етіп орналастырады да Q заряды мен q
1
зарядының арасындағы әрекет ететін F
1
күштің модельде кӛрсетілген тақтаға
және кестеге жазады. Бұл әрекет орындалғаннан кейін q
1
зарядталған денені
қайта орнына алып келу қажет. Нүктелік зарядтардың қалған екеуі үшін де дәл
осы әрекетті орындау қажет [126].
84
Жетінші тип – физика бойынша нақты тәжірибені кӛрсетуді ұсынған
әдістеме мен техникасының мүмкіндіктерін оқу үдерісінде анықтау
мақсатындағы зертеуге арналған тапсырмалар.
Мысал: Әдістемелік құралда берілген (қандай құрал екені кӛрсетіледі)
салмақсыздық күйін бақылау бойынша тәжірибені кӛрсетуді ұсынған
әдістемеге және техникаға талдау жасаңыз.
Сегізінші тип – нақты жағдайда абстрактты психологиялық-педагогикалық
үлгіні (педагогикалық принципті, талапты және т.с.с.) іске асыруға арналған
тапсырмалар. Бұл типтегі тапсырмаларда, физика бойынша қандай да болса
нақты тәжірибе жүргізудің егжей-тегжей әдістемесін және техникасын
(техникалық тәсілдерін) жасау ұсынылады. «Кӛрсетіліп жатқан тәжірибені
бүкіл сынып кӛру үшін, ол қол жетімді, сенімді, тиімді, қауіпсіз болу үшін, таң
қалу, қуану сезімдерін сезіну үшін, не істеу керек?» деген сұраққа жауап береді.
Мысалы: Архимед күшінің шамасын анықтау бойынша тәжірибені
кӛрсетудің әдістемесі мен техникасын жасап толық сипаттап беру.
Тоғызыншы
тип
–
оқу
үдерісінде
демонстрациялық
немесе
лабораториялық тәжірибені қолдану әдістемесінің сабақ үшін жарамдылығын
анақтау мақсатында зерттеуге арналған тапсырма.
Мысалы: Сабақ үстінде қорғасын цилиндірлермен тәжірибе жасауға
қолдануға ұсынылған әдістемені талдап, оны қолдану мүмкіндіктері туралы
қортыңды жасау.
Оныншы
тип
–
студенттер
нақты
демонстрациялық
немесе
лабораториялық тәжірибені оқу үдерісінде пайдалану әдістемесін жасайтын
тапсырма.
Тапсырманы орындау «Сабақта кӛрсеткен тәжірибе оқыту және тәрбиеге
қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік беру үшін, не істеу керек?» деген сұраққа
жауап береді.
Мысал: Мәселелік жағдай жасау үшін Мангус тәжірибесін қолдануға
болатын сабақ жүргізу әдістемесін жасау
Жоғарыда қарастырылған барлық тапсырмалар, келешекте негізгі
шығармашылық тапсырмалар деп аталады және олар 9 кестеде кӛрсетілген.
Студенттер бұл тапсырмаларды алдын-ала дайындықсыз сәтті орындай
алмайды. Олардың сәтті орындалуын қамтамасыз ету үшін, әр негізгі
тапсырманың құрлымы талданған және оның құрамы қарапайым
тапсырмаларға ажыратылған. Бірінші типтегі (оқушылар үшін физикалық
құбылысты түсіндіру әдістемесінің ұсынылған нұсқасын зерттеу) негізгі
тапсырмаларға мысал ретінде келесі қарапайым тапсырмалар болып табылады:
1) Мектепте физикалық құбылысты қарастыру кезінде оқу жағдайын
анықтау;
2) Берілген физикалық құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған суретті
педагогикалық талдауы.
Бірақ әр негізгі тапсырма құрылымында қарапайым тапсырмаларды
ажырату мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар, студенттерді шешім табу
85
қыйындығы жағынан алынған қарапайым тапсырмалардың барлығы
қанағаттандыра бермейді.
Сондықтан, арнайы қосымша тапсырмалар ұсынылған, оларды алдын ала
орындау, негізгі шығармашылық тапсырмаларды сәтті орындауды қамтамасыз
етуі керек.
Мұндай қосымша тапсырмалар, сондай-ақ бірінші типтегі негізгі
тапсырмаларға мысал ретінде келесі тапсырмалар болып табылады:
1) физикалық құбылыстарды түсіндіру әдістемесіне ұсынылған суреттерді
салыстырмалы педагогикалық талдауға арналған тапсырмалар;
2) физикалық
құбылыстың ӛту механизмдерін түсіндірудің түрлі
нұсқаларын салыстырмалы талдауға арналған тапсырмалар.
Барлық қарапайым және қосымша тапсырмаларды, негізгі шығармашылық
тапсырмаларды орындауға арналған дайындық тапсырмалар деп атайды.
Қорыта келгенде, дайындық тапсырмалардың, сонымен қатар бірінші
типтегі тапсырмалар құрамына келесілер келеді:
1) мектепте физикалық құбылысты қарастыру кезінде оқу жағдайын
анықтау;
2) физикалық құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған суретті салыстырмалы
талдауы.
3) берілген физикалық құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған суретті
педагогикалық талдауы.
4) физикалық
құбылыстың ӛту механизмдерін түсіндірудің түрлі
нұсқаларын салыстырмалы талдауы.
Кейбір
шығармашылық
тапсырмаларда
қарапайым
тапсырмалар
болмайды, оларды сәтті орындау үшін тек қосымша тапсырмаларды қолданады.
Мысалы, алтыншы типтегі негізгі шығармашылық тапсырмаға келесі қосымша
тапсырмалар ұсынылады:
1) ұсынылған ЭОҚ қажетті жұмыс ретіне келтіру;
2) лабораторлық оқу қондырғыны жасап кӛрсетуге айналдыру немесе
керісінше жасау;
3) принципиалды схема бойынша ЭОҚ жинау;
4) ұсынылған сипаттамасы бойынша аспапты жасау.
Барлық
дайындық
тапсырмаларды,
олардың
құрлымдық
қарапайымдылығы мен қыйындығының тӛмендік дәрежесіне қарамастан
оқудың бірінші кезеңіндегі шығармашылық тапсырмалар санына жатқызуға
болады. Ӛйткені тапсырманы орындау, ойлау дербестілігін талап етеді және
орындауға байланысты тікелей немесе жанама нұсқау берілмейді.
86
Кесте 10. Негізгі оқу –зерттеушілік, Негізгі оқу –конструктивті және оларға сәйкес дайындық тапсырмалар
Оқу-зерттеу
тапсырмалары
Дайындық тапсырмалары
Оқу-
конструктивті
тапсырмалары
Дайындық тапсырмалары
1
2
3
4
1)Оқушыларға
физикалық
құбылысты
түсіндіру
әдістемесінің
ұсынылған
нұсқасын, оқу
үдерісінде қолдану
мүмкіндігін
зерттеу.
1.1 Мектепте физикалық құбылысты
қарастыру кезінде оқу жағдайын анықтау
1.2 Физикалық құбылысты түсіндіру үшін
ұсынылған суретті немесе моделдерді
талдауы
1.3 Берілген физикалық құбылысты түсіндіру
үшін ұсынылған суреттің педагогикалық
талдауы
1.4 Физикалық құбылысты түсіндіру
әдістемесінің түрлі нұсқаларын
салыстырмалы талдау
1.5 физикалық құбылысты түсіндіру
әдістемесінің ұсынылған нұсқасын талдау
2) Оқушылар
үшін физикалық
құбылысты
түсіндіру
әдістемесін жасау.
2.1 Физикалық құблыстарды түсіндіру
2.2 Құбылысты түсіндіруге қажетті кӛрнекілік
құралдарын (сурет, аппликация, компьютерлік
модель, 3d принтер арқылы шығарылған физикалық
құралдар және т.б.) жасау.
2.3 Оқу үдерісінде берілген тәжірибені жасау
кезіндегі оқу жағдайының сипаты
3)Тәжірибе
схемасына
ұсынылған
сипаттаманы,
мұғалімнің жұмыс
тәжіребесінде
қолдану
мүмкіндіктерін
анықтау
мақсатында
зерттеу.
3.1 Демонстрацияға ұсынылған тәжірибенің
суретінің (схеманың) мақсатты негізін
анықтау.
3.2 Тәжірибенің принципиальды жағын
(идеясын) кӛрсететін суреттердің
(схемалардың) салыстырмалы талдауы.
3.3 Бір физикалық құблысты жасап кӛрсету
үшін арналған тәжірибелер схемасының
сипаттарын таңдау және оларды талдау.
3.4 Демонстрациялық тәжірибенің
принципиалды жағын кӛрсететін суретті
(схеманы) талдау
4)Тәжрибенің
принципиальды
жағын (идеясын)
кӛрсететін суретті
(схеманы) жасау
4.1
Ұсынылған
электр
тізбегіге
(апабына)
принципиалды схемасының суреті.
4.2 Физика бойынша ұсынылған аспап
құрылғысының схемалық суреті
4.3 Ұсынылған аспаб схемасы бойынша (ЭОҚ)
аспаптың жеңілдетілген схемасын жасау (ЭОҚ).
4.4 ЭОҚ принципиалдық схемасының құрлымдық
элементтерін анықтау
87
10-кестенің жалғасы
5)Эксперименталд
ы оқу қондырғыны
және аспапты
зерттеу.
5.1 Аспапта немесе ЭОҚ ақауды табу және
жою.
5.2 ЭОҚ жеке аспаптардың немесе
аспаптағы жеке элементтердің ӛзара ауысу
мүмкіндіктерін зерттеу.
5.3 Әдебиеттерде кӛрсетілген, схемалар
сипатында ұсынылған ЭОҚ жұмысқа
каблеттілігін және беріктігін тексеру.
6)Эксперимента
лды оқу
қондырғыны
немесе аспапты
жасау
6.1 ЭОҚ қажетті жұмыс ретіне келтіру
6.2 Лабораторлық жұмыс құралдары мен оқу
қондырғыларын демонстрациялық тәжірибеге
айналдыру немесе керісінше жасау
6.3 Принципиалды схема бойынша эксперименталды
оқу қондырғыларын жинау.
6.4 Ұсынылған сипатама бойынша аспапты жасау және
ретке келтіру.
6.5 Типтік аспапты немесе ұсынылған ЭОҚ жетілдіру
7)Ұсынылған
нақты тәжірибені
жасап кӛрсету
әдістемесі мен
техникасын, оқу
үдерісінде
қолдануда, оның
мүмкіндіктерін
анықтау
мақсатында
зерттеу.
7.1 Кӛрсетіліп жасалынатын экспериментте
әдістемелік талаптардың біреуін іске
асырудың түрлі тәсілдерін салыстырмалы
талдау.
7.2 Бір құбылысты жасап кӛрсетудің
әдістемесі және техникасының түрлі
тәсілдерін салыстырмалы талдау
7.3 Тәжірибені жасау кезінде операция
ретін талдау
7.4 Тәжірибені жасап кӛрсету әдістемесі
мен техникасындағы артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау.
8) Физика
бойынша
ұсынылған
тәжірибені
жасап кӛрсету
әдістемесін
жасау
8.1 Тәжірибені жасап ӛткізу кезінде операциялардың
тізімі мен негізделген ретін анықтау.
8.2 Әр Демонстрациялық эксперимент бойынша
әдістемелік талапты бӛлек іске асыру тәсілін жасау.
8.3 Демонстрациялық тәжірибені ӛткізудің жаңа тәсілін
(әдісін) жасау.
9) Оқу үдерісінде
тәжірибені қолдану
әдістемесін,
сабақта
пайдалануға
жарамдылығын
зерттеу.
9.1 Тәжірибені жасап кӛрсету әдістемесі мен
техникасындағы артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау.
9.2 Ұсынылған әдістемелерде кӛрсетіп
жасалынатын тәжірибенің мақсаттын және
оны оқу үдерісінде қолдануын анықтау
9.3 Оқу үдерісінде кӛрсетіп жасалынатын
тәжірибені қолдануға ұсынылған
әдістемелерінің түрлі нұсқаларын
салыстырмалы талдау.
10) Оқу
үдерісінде жасап
кӛрсетілетін
тәжірибені
қолдану
әдістемесін
жасау.
10.1 Оқу проблемаларын жасау ретінде қолданылатын
Демонстрациялық тәжірибенің әдістемесін жасау.
10.2 Теориялық жағдайды кӛрсету (дәлелдеу) үшін,
Демонстрациялық тәжірибені қолдануды кӛрсететін,
сабақ фрагментін жасау.
10.3 Демонстрациялық тәжірибе, жаңа түсінік немесе
заңды енгізу үшін, негіз ретінде қолданатынын
кӛрсететін сабақ фрагментін жасау.
10.4 Демонстрациялық тәжірибені қолданумен нақты
эксперименталды тапсырманы шешу әдістемесін жасау.
88
Барлық негізгі оқу-зерттеу тапсырмалары және оған жататын дайындық
тапсырмалар, оқу-конструктивті және оған жататын тапсырмалар кесте 10-да
кӛрсетілген.
Екі негізгі немесе басқа негізгі тапсырманың бірнеше немесе бір дайындық
тапсырмасы бар, негізгі тапсырманың араласы, бір күрделі тапсырманы
құрайды, оны одан әрі аралас тапсырма деп атауға болады. Ондай тапсырмалар
қатарына келесі тапсырмаларды жатқызуға болады:
1) Тәжірибенің сәттілігін, тиімділігін және сенімділігін анықтау бойынша
зерттеу жұмысы, сонымен қатар оқушылар үшін оны түсіндіру әдістемесін
жасау.
2) Ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерде
кӛрсетілген,
жұмыс
жасау
қабілеттілігі бойынша тексеруге негізделген физикалық құбылыстың (құбылыс
аталады) демонстрация бойынша тәжірибенің ең үздік нұсқасын анықтау
бойынша зерттеу жұмысы.
3) ЭОҚ жасау және жетілдіру, оны қажетті жұмыс уақытына реттеу, оның
негізінде оқу үдерісінде тәжірибені жасап кӛрсету және қолдану әдістемесін
жасау.
Ақырында, студенттер ӛзінің құрлымы мен құрамы бойынша одан да
күрделі шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Оларды орындау бірнеше
зерттеу әдісін қолдануды, кӛбірек уақыт жұмсауды және есеп берудің түрлі
формасын (жазбаша есеп, ауызша есеп, конференция, кӛрмеге және т.с.
қатысу) кӛздейді. Студенттердің осындай шығармашылық іс-әрекет түрлері
жалпылама ғылыми зерттеу тапсырмалары деп аталды. Мұндай жалпылама
тапсырмаларға келесі тапсырмаларды жатқызады:
1) Мектептегі физикалық эксперименттің ӛз деңгейінде орындалуына әсер
ететін факторларды анықтау.
2) Физиканы оқыту әдістемесі бойынша курстық жұмысты даярлау.
3) Ғылыми студенттік конференцияға қатысу мақсатында баяндама немесе
хабарлама даярлау.
4) Физиканы оқыту әдістемесі бойынша оқуды бітіру, біліктілік жұмысын
даярлау және қорғау.
Осылайша, дайындық, негізгі, шығармашылық, аралас және жалпылама
тапсырмалармен бірге студенттер арнайы ретпен орындайтын, МЭТ бойынша
студенттердің тәжірибелік дайындығын жетілдіруге бағытталған оқу-зерттеу
жұмысының жүйесі болып табылады. Бұл жүйеде дайындық тапсырмалар
күрделілік пен қиындықтың бірінші деңгейіне жатады және негізгі
тапсырмалар - оданда күрделі екінші деңгейге, аралас-үшіншіге және
жалпылама-тӛртінші, тапсырмалардың ең күрделі деңгейіне жатады.
Әртүрлі күрдеділік деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар арасындағы
ӛзара байланысы және оларды студенттер ретпен орындауы сурет 16
кӛрсетілген.
89
Дайындық тапсырмалар
↓
↓
Оқу-зерттеу тапсырмалалы
Оқу-конструктивті тапсырмалар
↓
↓
Аралас тапсырмалар
↓
Педагогикалық практика кезеңіне шығармашылық тапсырмалар
↓
↓
Педпрактика бойынша
қортынды конференцияға даярлауға
арналған тапсырмалар
Студенттік ғылыми
конферецияға баяндама даярлауға
арналған тапсырмалар
↓
↓
Дипломдық жұмыс
Сурет 16 – Әртүрлі күрделілік деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар
арасындағы ӛзара байланыс және оларды студенттер ретпен орындау схемасы
Оқу үдерісіндегі орны бойынша тапсырмаларды келесі топтарға бӛлуге
болады: аудиториялық, аудиториядан тыс және аралас. Аудиторлық
тапсырмаларға, студенттер сабақ үстінде оқытушыдан тапсырма алғаннан кейін
орындалатын тапсырмалар жатады. Ол тапсырмаларды тексеру орындалғаннан
кейін немесе сабақ соңында болады. Негізінен ол тапсырмалар қарапайым
немесе қосымша болады. Мысалы, ЭОҚ қажетті жұмыс ретіне келтіру,
аспаптарды ӛзара алмастыру, жасап кӛрсететін экспериментің қандай да болса
әдістемелік талабын іске асыру тәсілдерін жасау және т.б. Аудиторлық
тапсырмаларға, мысалы ретінде келесілер бола алады:
1) Ӛшпейтін электромагниттік тербелістер қондырғысын дыбыстық
генераторға айналдырыңыз.
2) Эксперименталды қондырғының беріктігін ӛзгерітпей, оны жеңілдетіңіз.
90
3) Контурда пайда болатын ӛшпейтін электромагнитті тербелістердің
осциллограммысын алу кезінде, оннан кем емес тербелістің болуына қол
жеткізіңіз.
Аудиториядан тыс тапсырмаларға, студенттерге ӛз бетімен үйде немесе
лабороторияда орындауға берілген тапсырмалар жатады. Тапсырмалардың
орындалуы туралы, студент келесі сабақта немесе жеке әңгімелесу түрінде,
оқытушымен жеке кездесу үстінде есеп береді. Ол бірінші типтегі тапсырмалар
(физикалық құблыстарды түсіндіру); тӛртінші типтің бӛлек тапсырмалары
(аспапқа принципиалды схема жасау); сегізінші типтегі (демонстрациялық
тәжірибені ӛткізу әдістемесі мен техникасын жасау) және т.б.
Жекелеген студенттер, үйінде немесе ӛзіндік дайындық кезінде
лабораторияда орындайтын тапсырмаларды аралас тапсырмаларға жатқызады,
бірақ олар келесі сабақта талданып, ұжым күшімен соңына дейін жасалынады.
Студенттердің бәрі бір уақытта бір тапсырманы орындауыда мүмкін, бірақ әр
студент жалпы тапсырманың қандай да бір бӛлігін орындайды. Келесі сабақта
әр қайсы ӛз бӛлігі бойынша жұмыс нәтижесін баяндайды, сосын қортыңды
жасалынады.
Орындауды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар келесі топтарға бӛлінеді:
жеке, топтық, тұтас.
Егер тапсырмаларды орындауға бір студент қатысса, тапсырмалар жеке
болып
саналады.
Физикалық
құбылыстарды
түсіндіру
бойынша
тапсырмалардың кӛбісі осыған жатады (бірінші тип), жетінші тип
тапсырмалары (бір физикалық құбылысты жасап кӛрсетудің түрлі
тәжірибелерін салыстырмалы талдау) және т.б.
Бір уақытта екі-алты студент орындайтын тапсырмалар, топтық
тапсырмаларға жатады. Жасап кӛрсету тәжірибесінің әдістемесі мен
техникасын жасауға арналған тапсырмалар. Ӛйткені жиі жағдайда оны
студенттер екеулеп жасайды; нақты жасап кӛрсету тәжірибесің қолдануымен
сабақ үзіндісін жасауға арналған тапсырмалар (жиі жағдайда біреу бір топқа
немесе жарты топқа ұсынылады) топтық тапсырманың мысалы бола алады.
Тұтас тапсырмаларды сабақта бар студенттердің барлығы орындайды.
Түпкілікті нәтиже бойынша тапсырмаларды келесі топтарға бӛлуге
болады: процессуалды (іс-жүргізу), ӛнімді, процессуалды ӛнімді. Іс-әрекеттің
түпкілікті ӛнімі алдын ала берілген, оған жету жолын және ол іс-әрекет ӛніміне
қатысын сипаттайтын дәлелдерді құруды талап етілетін тапсырмаларды
процессуалды тапсырмаларға жатқызады. Мұндай тапсырмалардың мысалдары
келесі болуы мүмкін:
1) Екі дыбыс кӛзінен шығып жатқан, таспаға жазылған дыбыстық
толқындардың қосылуынан пайда болған соғуды тыңдап, тәжірибе жасағанда
сондай нәтижеге қол жеткізіңіз.
2) Құралда ұсынылған (құрал аталады) демонстрациялық тәжірибеде
(тәжірибе аталады) ұсынылған қолдану әдістемесіне байланысты дәлелдер
келтіріңіз немесе жоққа шығарыңыз.
91
Ӛнімді тапсырмаларға, студент орындайтын тапсырманың іс-әрекет ӛнімі
белгісіз және оны табуды немесе анықтауды талап ететін тапсырмалар жатады.
Олардың іздеу әдістемесі жалпылама түрде, жалпылама жоспар формасында
ұсынылады. Ондай тапсырмалар қатарына, физикалық құбылыстарды түсіндіру
әдістемесін жасау тапсырмалары жатады.
Тапсырманы орындау кезінде студенттер ӛз бетінше іс-әрекет ӛнімімен
қатар оған жету жолдарын да табуы қажет ететін тапсырмаларды,
процессуалды-ӛнімді тапсырмаларға жатқызады.
Есеп беру формасы бойынша тапсырмалар ауызша, жазбаша және оқу-
практикалық болып бӛлінеді. Ауыша тапсырмаларға, орындалуы туралы ауыша
түрде хабарланған тапсырмалар жатад. Ал, орындау нәтижелері жазбаша
немесе ауызша хабарланған, бірақ қолдану негізінде схемалық сурет немесе
сызба жасалса, онда ол жазбаша есеп беру түріне жатады. Студенттің
практикалық әрекеттерін бақылау (ЭОҚ құру) немесе әрекеттің түпкілікті
нәтижесін қабылдау негізінде орындау дұрыстығы анықталатын тапсырмалар
оқу-практикалық түрге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |