32
Араланған фактура тасты аралағаннан кейін қосымша
өңделмейді немесе өнім беті құмағызғыш, химиялық (қышқылмен)
немесе ультрадыбысты тәсілмен тазаланады.
Тегістелген фактура аралаудан кейін қалған кішкентай іздермен
немесе өңдеудің көрінбейтін іздерімен – жұқа тегістелген фактурамен
бұдырлы кеңістікті білдіреді.
Жылтыр фактура – жылтыраусыз сурет пен тас түсінің толық
көрінуімен әйнектей жылтырмен тегіс барқыт-күңгірт.
Жылтылдақ фактура – тастың түсі мен құрылымын толық
көрсететін әйнектей жылтырмен тегіс.
«Жартас» фактурасы дөрекі беткі кеңістікке ие, құрал ізінсіз ретсіз
ойпат пен төбешікпен түрдің табиғи бөлінуді бастайды, рельеф биіктігі
50..200 мм.
Бұдыр фактура төбешіктер мен ойпаттардың алмасуына ие.
Кедір фактура тереңдігі 3 мм-ге дейін параллель атызбен ойықты
кеңістікті білдіреді.
Ізбедерлі фактура – тереңдігі 2.3 мм-ге дейін үзілмелі бедермен
ойықты кеңістік.
Таңбалы фактура – тереңдігі 2 мм аспайтын тең ойықты.
Термоөңделген фактура – қабыршықтану іздерімен ойықты
кеңістік.
3.2.2.Тас материалдарын қолдану талабы мен саласы
Табиғи тас әртүрлі қолданысқа ие: жеңіл кеуекті ғимарат
қабырғасын салу үшін блок түрінде қолданылады,ауыр және берік –
фундамент үшін кесек тас түрінде және бетон толтырғыш ретінде; әдемі
текстурамен даналы заттар – қаптау материалдары және т.б. ретінде.
Тасты қолдану оның қасиетімен тығыз байланысты. Басты
сипаттаманың бірі ретінде беріктік, қаттылық, желінушілік, су сіңіру
мен әрине, ұзақмерзімділік.Ең берік болып гранит, кварцит саналады;
орташа берік - тақтатас, мәрмәр, құмдақ. Беріктігі төмен – туф пен
әктас.
Тастың қаттылығын Моос минералогиялық шкаласы бойынша
тексеру оңай: қаттырақ материалмен зақымдауға болады, яғни
жұмсағын сыру. Көрсетілген шкала бойынша мәрмір граниттен 1.5-2 есе
жұмсақ.
|