Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Шындықты бүркемесіз шынайы айтсаң, даусың да



Pdf көрінісі
бет14/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қамшы сөз: Шындықты бүркемесіз шынайы айтсаң, даусың да 
нанымды шығады, тыңдаушыға жақсы әсер қалдырады. 
Жан әкем менің, алтыным! Сен төрт қызыңды төрт түрлі жақсы 
көретінсің. Мені бір жағы қызың, бір жағы кемпірдің қызы деп жақсы 
көресің. Мен саған басқаларынан гөрі бауыр, қарындас сияқтымын. 
Екеумізді қосатын бір шеше, ол – апам.
Ал екінші Шарбалаңның атын да өзің қойыпсың. Апам сонда Жамбыл 
қаласына кеткен екен. Мамам шәріге кеткенде өмірге келді «Шарбала не 
Шәрбану» болсын депсің. Ол кезде сенің ержетіп қалған кезің ғой. Мен 
дүниеге келгенде шешем екеуің де 20 жастасыңдар. Сендер өздерің бала 
болып тұрып, баланың қадірін қайдан білесіңдер? Оның үстіне шешем мені 
7 айлық етіп шала туыпты. Сол күні (8 маусым 1958 жылы) Әмір көкем он 


22 
жастағы Қалық ағама велесебет алып беріпті. Шешемнің әңгімесі: «Қайнаға 
велесебетті Шыраққа емес, Молдажанға берді. Шырақ та сол кісінің баласы 
ғой, әрі Молданжаннан 5 ай үлкендігі бар. Шырақ мұңайып қалды. Үйге 
келдім де енеме: «Ене, жалғыз сиырды сатайық та, Шыраққа велесебет алып 
берейік» дедім де, жылап жібердім. Енем жарықтық мені жұбатып: «аламыз, 
аламыз, соған бола жылай ма екен? Қой, қоя ғой» деп арқамнан қақты. Мен 
қапты алып, ферма жаққа кетіп қалдым, ашумен жүріп, со күні көп тезек 
алып келдім. Түнімен ішім ауырып, таңертең ерте Кәзенкенің ауруханасына 
түстім. Ертеңгі сағат 9-да сені босандым» деп, мені ерте өмірге алып келген 
тарихын айтатын. Мені толғатып жүргенде анамның әділеттілік іздегені
маған қасиет боп берілген болу керек. Кішкентай мектепте оқып жүрген 
кезімде де әділдік үшін күресуші едім, әлі солай. Одан өзім талай таяқ та 
жедім. Сөйтіп менің апам болмаса, кім біледі тәжірибесі жоқ екеуің мені 
өлтіріп те алар едіңдер деп ойлаймын, Апам 40 күн бойы шала туған мені 
шомылдырмай, майлап, сылап өсіріпті. Жаздың күнінде баланы қырық күн 
шомылдырмай көр, не болар екенін көресің. Апамның қолының да 
шипагерлік қасиеті болды ғой. Кейін апам өмірден қайтқаннан соң, мүмкін 
сендер Алматыда тұрғаннан болар, әлде әкем ғой, шешем ғой деп, балалық 
махаббатым ояна бастады ма кім білсін, әр жылда 9-маусым туған күнімде 
екеуіңе «мені өмірге әкелгендерің үшін. Бірақ сыйлық толық емес, 7 
айлықтың сыйлығы. Шешеме егер 9 ай көтергеніңде сыйлық бұдан гөрі 
қымбаттау, үлкендеу болатын еді» деп, сыйлық жасап жүрдім ғой. Ал қалған 
үш қыздарың сыйлықты 9 айлық етіп жасайтын...
Шарбала негізі үлкен әжемізге Құрманбай атамның кемпіріне, әке сенің 
әжеңе тартыпты. Кішкентай болды. Сен енді оны ерекше жақсы көрдің. «Ол 
енді кішкентай ғой» деп елжірейтінсің. Шарбалаңның бүкіл іс-әрекеті саған 
ұнайтын еді. Оның тазалығы, киімді ұқыпты киетіні, пісірген тамағы, ыдыс-
аяғының жалтырап тұратыны – бәрі сенің көңліңнен шығатын. Ал мен ондай 
емес едім. Дастарқанды жинауғада уақыт таппайтынмын, сондықтан сен 
маған: «қызым, бара бер, бара бер, жазуыңды жаза бер, өзім жинаймын, өзім 
ыдыстарды жуамын» дейтінсің. Жаным әкетайым-ау, енді дәл сендей кім 
еркелетеді дейсің?.. (Әке, бірақ мен де таза болатынмын, сен оны білетінсің).
Бала күнімде де мен даланың жұмысына бейім болдым да, Шарбала үйдің 
шаруасына мықты болды. Үйді жинап-теріп отырған адам жағымды болады 
емес пе? Оны алтын әжеміз, менің апам да ерекше жақсы көріп, тамақтың 
тәттісін, дәмдісін соған сақтап беретін. Апамның да, анамның да 
сандығының кілті сенімді қол Шарбалада болатын. Менің бейімім де 
болмады, әрі десеңіз кәмпит жеудің, достарға таратудың чемпионы 
болатынмын. Содан кейін қасқырға қойды күзеттірмейтіні анық қой.
Ал үшінші қызың Светаға келгенде сенің де, шешемнің де шығарға 
жандарың жоқ еді-ау. Негізі Света төртінші қызың. Менен кейін Сұлушаш 
деген өзіңнен аумай қылған қызың бір жасқа жетпей шетінеп кеткен екен. 
Сонда шешем Светаны ауылдағы амбулаторияда босанғанда, алтын әкем сен 
түк те ренжімей, сенен сүйінші сұраған орыс акушеркаға «Какая она?» 


23 
депсің. Сонда орыстың әйелі «Как Солнце!» депті. Сонда сен: «тогда я ее 
назаву Светланой, она – моя Солнце» деп, қуанып атын қойыпсың. Өзін тағы 
да қыз таптым-ау деп, кінәлі сезінген анам қуаныштан жылап алыпты. Света 
қызың дәл күн сияқты болды, кішкентай кезіндегі суреттерінде шашы қып-
қызыл, тікірейіп күнге ұқсап тұрғаны бар. (Қызық болғанда менің әкемнің 
шашы қап-қара, ал сақалы жирен қызыл болатын. Сондықтан ол мұрт, сақал 
жібермейтін. Біздің төртеуміздің де шашымыздың түсі әкеміздің сақалына 
ұқсаған). Шешем айтады: «Света өмірге келгеннен кейін әкелерің балаға 
қарай бастады. Қарамасына Света да қоймайтын. Тек әкесінің қойнына 
ұйықтайтын. Арқасына отырып ат қылатын. Әкесіне: маған биік өкше төпли 
алып бер, мен тық-тық етіп жүремін деп, аяғын көтеріп жүретін. Әкесі оған 
мәз болатын». Алдыңғы жылы Света қызың Испанияға жұмыс сапарымен 
барып, үлкен форумда баяндама жасады. Сол дискіні алып келіп, сендерге 
көрсеткенде, әке, сенің жүрегің жарылардай қуаныпсың. Жаным-ау, баланың 
бақытын, оның жеңісін көріп қуанған қандай ғанибет! Светаның жұмысын 
көп уайым етуші едің, қызыңа жаның ашушы еді. 10-маусым күні (2012 
жылы) менен: «Света қызым қашан келеді? Көп болды ғой. Қатты сағынып 
кеттім»,– дедің. Сонда Света Астанаға үш-төрт күнге жұмыс сапармен кеткен 
болатын.
«Келеді, ертең келеді» дедім. Сен тағы да басыңды шайқап: «қатты 
сағындым» дедің. Алтын әкем, сағынғанның көкесі енді болып тұр. Біз сені 
қатты сағынып жүрміз. 
Ал сенің кенжең Индира қыз болды демесең, тура сенің көшірмең сияқты. 
Оны анашым ауылдағы ер дәрігерден ұялып (әрі көршіміз Тыныбек деген аға 
болатын), үйде босаныпты. Ұлташ апам босандырыпты. Апам байқамай: 
«
Светаның сіңлісі» деп қалыпты. Ол сөз анамызға қатты әсер етіпті, «тағы да 
қыз болды ғой» деген ой келіп, баланың жолдасы түспей іште қалып 
қойыпты. Есіне келе алмай жатыпты, ауылдың дәрігерін шақырса, ол кісі: 
«Сіздер перзентханаға әкелмедіңіздер, үйде босанған адамға мен жауап 
бермеймін» деп келмепті. Содан анамызды көрші ауылдағы ауруханға 
апарып, екі-үш күн сонда емдепті. Қатты күйзелістен анамыздан сүт шықпай 
қалыпты. Сонымен Индираны сиырдың сүтімен бақтық. Индираның атын да 
әке, өзің қойдың. «Менің патша қызым болады. Индира Ганди сияқты 
болады, елге патша болады» деп қойғаның әлі есімде. Онда мен сегізге келіп 
қалғанмын. Индираны туғаннан соң анашым аурушаң болды да, Индираға 
мен қарадым ғой. Индира үшін жаным апамнан да бөліндім. Апам Сайып 
ағамның ұлы Бақыт (Индирадан бір жас үлкен) бала кезінде көп ауыра берді 
де, көбінде Бақыттың қасында болды. Алтын әкем, сен кенже қызың 
Индираны қатты еркелеттің. Оған бізге әпермеген велосипедті де, 
мотоциклды да әпердің. «Бізді осы қызым асырайды» деп, ерекше жақсы 
көрдің. Сен ауырып ауруханаға түскен күннен бастап, Индира қызың 
қасыңда болды. Тамақты таңдап ішетін әдетіңмен соңғы күнге дейін 
ауруханада Индираңның пісірген тамағын сүйсіне ішіп жаттың. Асырады 
деген сол емес пе! 


24 
Әке, біз сенің төрт қызың Аллаға мың сан рақметімізді айтамыз. Біздің 
әкеміз бен анамыздың елге елеулі, қадірлі болғаны үшін, ел-жұртқа сыйлы 
болғаны үшін, ешкімнен қарғыс алмағаны үшін, өмірдің басы мен аяғына 
дейін алғыс алғаны үшін, жомарт болғаны үшін, қарапайым болғаны үшін, 
біздерді жақсы көргені үшін, оқытып білім бергені үшін, балаларымызды 
бағып-қағып бергендерің үшін, бәрі үшін басымызды иеміз. Алладан нұр 
жаусын, екі дүниелеріңде де НҰР ғаламында болыңдар, ӘКЕ, ШЕШЕ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет