Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

М.Мырзахметов,
Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi, филология
ғылымдарының докторы, профессор 
С.Жошыбаев, 
ҚР Ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесi
кардиохирург,профессор 
Қ.Бөлеев, 
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
А.Өтеулин, 
Жамбыл облысының құрметтi азаматы 
Әке, 2012 жылдың қараша айында Күзенбай ағайдың кіші баласы 
Амантайдың Нұрболат деген ұлының үйлену тойы болды. Бұл жолы 
Астанадан Ербол екеуміз бардық. Той өте жақсы өтті. Көптен көрмеген 
туыстарды, құда-жекжаттарды көрдік. Әке, өзің де білесің, анам 
екеулеріңнің жақсы бір көңілмен араласатын туыстардың бірі менің алғашқы 
ұстазым Күзенбай ағайдың отбасы еді ғой. Күзенбай ағайдың жары Ұлбике 
апамыз да момын, қақ-соғы жоқ, бір тамаша жан болатын. Күзенбай ағайдың 
шешесі Зылиқа әжеміздің сені жақсы көретінін мен бала болып-ақ сезетінмін. 
Анамды да жақсы көретін. Алдында Батырбек датқаның тойына барғанда 
Амантай Күзенбай ағайдың қалта дәптерін берген. Соның ішінде 1981 жылы 
менің ұзату тойымда сөйлейтін сөзін қалта дәптеріне жазып алған екен, соны 
оқыдым: «Тойда айтылған сөздердің өмірі естен кетпейтіні болады. 
Шырағым Гүлтас, күйеубалам Ербол, тату-тәтті өмір сүріңдер. Өмірдің 
шалғай жолынан, биік асуынан қол ұстасып бірге өтіңдер. Кейде өзара 
келіспеушілік, кірбің туа қалса, біреуің от, біреуің су болыңдар. Шырағым 
қызым Гүлтас, күйеубала Ербол, әне-міне дегенше жастық дәурен өтеді. 
Өмірді Отанға, халыққа пайдалы, жемісті іске жұмсаңдар. Ата-аналарыңа, 


48 
туысқандарыңа, дос-жолдастарыңа мейірімді, қайырымды болыңдар. 
Махаббаттарыңды зәредей кір шалмасын. Шынайы махаббат ешқашанда 
бөлінбейді, бүлінбейді, жарылмайды. Өсіп-өніңдер, мұндағы ата-анаға, 
ағайын-туысқа кір келтірмеңдер» (14 наурыз, 1981 жыл). Ұстазымның даусы 
құлағыма келгендей, қатты әсерде болдым. Бастауыш мектепте оқып 
жүргенде бір жолы мен сабақты қанша жақсы айтып тұрсам да : «шындықты 
айтпайтын пионер 5 алмайды. Пионер болған соң шындықты жасырмай айту 
керек. Қазір Гүлтасты тексереміз. Ал шыныңды айт, кімнің қызысың?». 
«Апамның» деймін қасқайып. «Онда бағаң – 3. Бар орныңа» Мен тапжылмай 
тұрамын. «Мен шындықты айтамын». «Ал, шындықты айтсаң, 5 деген 
бағаңды аласың. Бес те керек, ал ол кісінің шындығы мен үшін ең сұмырай 
шындық. Ақыл таптым: «Тәтем туған, апам асырап алған». Одан басқа бір 
сөз артық айтпаймын. «Қой, жеңшең туған шығар?» 
– 
Жоқ, тәтем туған, апам асырап алған. Енді қайталаса, жарылғалы 
тұрғанымды ағайым сезді ғой деймін.
– 
Шындықты айтты, әкел күнделігіңді бесіңді қоямын,– деді. 
Бірақ әңгіме бұнымен бітпеген екен. Күзенбай ағай Дүйсенбек ағаймен бірге 
біздің көшемен келе жатыр. Көкемнің үйіне бұрылатын шығар деп ойлап 
едім, бұрылмады. Тура біздің үйге келді. Маған қарап қояды. Енді мен ыза 
бола бастадым. Ішімнен одан бұрын өзім-ақ айтайын деп отырмын.
– 
Қалеке, мына қызың бүгін,– дей беріп еді. Мен: «Тәтем туған, апам 
асырап алған»,– деп айттым.
– 
Дұрыс айтқансың, құлыным менің. Күн ортақ, Ай ортақ сонан соң 
менің қызым әке-шешесіне де маған да ортақ. Менің қызым – болшайбек, тек 
шындықты айтады,– деп апам мені мақтай жөнелді. Сөйтіп Күзенбай 
ағайдың «арандату» ойы жүзеге аспай қалды. Мен шығып кеттім. Ағай 
менің сабақтағы әрекеттерімді айтып, қайсарлығымды айтып, апамды қарқ 
қылды.
Күзенбай ағайым ауылдың нағыз зиялы азаматы болатын. Мейірхан 
жездем, Әнуарбек ағай, Ахметжан ағай, Қалтай ағай, Сәбит ағайлар нағыз 
ұстаз деген атқа лайық тұлғалар еді ғой. Алтын әкетайым, сол ұстаздар менің 
ғана емес сенің де үлгі тұтар алдыңдағы ағаларың еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет