Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет36/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   195
kazakhstanII.KAZ

I.5
Институттар 
Қазақстан – президенттік республика. Президент мемлекеттік басшысы жəне ол халықтың 
дауыс беруімен жеті жыл мерзімге сайланады. Президент Премьер-министрді жəне 
Министрлер Кеңесін тағайындайды, Конституцияға түзетулер енгізуге ұйытқы болады, 
Үкіметті тағайындайды жəне таратады, парламентті таратады, референдумдар шақырады жəне 
облыстар мен қалалардың əкімдерін тағайындайды. Бұған қосымша, ҚР Президенті ҚР 
Парламенті қабылдаған заңнамаға тиым сала (вето) алады. 
Атқарушы билікті Үкімет іске асырады. Премьер-министр министрлер Кеңесінің төрағасы 
болып саналады жəне ол Үкімет басшысының міндетін атқарады. Министрлер Кеңесі Вице-
премьер-министрді, Премьер-министрдің үш орынбасары мен министрліктердің басшыларын 
өз құрамына енгізеді.
Парламент екі палатадан тұрады. Мəжілістің (төменгі палата) құрамында 107 депутат (мүше) 
бар, олардың 98-і ұлттық бір сайлау округының партиялық тізімі бойынша сайланады. Қалған 
9 депутатты Қазақстан Халықының Ассамблеясы сайлайды. Мəжіліс депутаттарының өкілеттік 
мерзімі 5 жылды құрайды. Сенаттың (жоғарғы палата) құрамында əр облыстан сайланатын 32 
депутат (əр облыстан, Алматы жəне Астана қалаларынан 2 депутаттан), сондай-ақ ҚР 
Президенті тағайындайтын 15 депутат бар. Сенат депутаттары жартысының сайлауы əр 3 жыл 
сайын өткізіледі. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6жыл. Заңдардың басым бөлігін 
ҚР Үкіметі ұсынғанымен, Мəжіліс депуттатары мен ҚР Үкіметінің мүшелері заңнамалық 
бастама көтеру құқығына ие. 
I.3 Кесте: Министрліктер 
Ауыл шарушылық министрлігі
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Экономика жəне бюджет жоспарлау министрлігі
Білім жəне ғылым министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігі
Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Қаржы министрлігі 
Сыртқы істер министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі
Индустрия жəне сауда министрлігі
Ішкі істер министрлігі
Əділет мнистрлігі
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі
Туризм жəне спорт министрлігі
Көлік жəне коммуникациялар министрлігі
Дерек көзі http://en.government.kz/structure/org 
19 қараша 2007 жыл. 
Сот жүйесінің үш деңгейі бар: Жергілікті соттар, облыстық соттар жəне 44 мүшеден тұратын 
ұлттық Жоғарғы сот. Бұған қосымша, сот жүйесі өз құрамына Конституциялық Кеңесті 
енгізеді, оның құрамына 7 мүше, мамандандырылған төрелік соттар мен əскери трибунал 
жүйесі кіреді. 


16 
Кіріспе
Конституциялық Кеңес заң шығарушы органдар қабылдаған заңдардың конституцияға 
сəйкестігін анықтайды, сайлаулар мен референдумдардың нəтижелеріне қарсы болудың
сондай-ақ олардың мағынасын түсіндірудің ережелерін белгілейді. Президент төрағасын қоса 
есептегенде, оның үш мүшесін тағайындайды. 
Қазақстан əкімшілік тұрғыда 14 облысқа жəне екі муниципалды аудан-Алматы мен Астанаға 
бөлінген. Облыстардың құрамына 159 аудан, 241 кент жəне 2,049 ауыл кіреді. Əрбір облыс, 
аудан жəне Кент дербес сайланбалы əкімшілік органға ие, оларға бюджет қалыптастыру жəне 
жергілікті салық салуға бақылау жасау өкілеттіктері берілген. Қалалардың да, сондай-ақ 
əкімшілік органдары бар. Ірі қалалар аудандарға бөлінеді, əр ауданның өз əкімшілігі болады. 
Осы əкімшілік органдар бес жыл мерзімге сайланады. 
Облыстық жəне аудандық Əкімшіліктер жергілікті орындаушыларды сайламайды. Əр облысты 
ҚР Президенті тағайындаған. Əкім басқарады. Қала əкімдерін облыс əкімдері тағайындайды. 
Əр əкім жергілікті бөлімдерді басқаратын штат мүшелерін тағайындайды. Президент 
əкімдердің шешімдерінің күшін жоюға уəкілетті. 
Кейінгі үш жылдың ішінде маңызды үш саяси оқиға болды. 2005 жылғы желтоқсандағы 
Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланып, оған сайлаушылардың 91%-ы 
дауыс берді. 2007 жылы мамырда Президент өкілеттіктерінің екінші мерзімі аяқталды да, 
Парламент ҚР Президентін қайта сайлауға шек қоймау құқығын белгіледі. 2007 жылы тамызда 
өткен Парламент сайлауларында «Нұр Отан», президент партиясы жеңіп шықты, ҚР 
Парламентінің Мəжілісінде 98 орын алған осы партия елдегі ең үлкен партия болып табылады
(88% дауыс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет