I.6
Экономикалық қызмет жəне оның қоршаған ортаға əсері
Ауыл шарушылығы
2005 жылы ауыл шарушылығының үлесіне Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің 6.6%-ы келді.
Ауыл шарушылығы секторында елдегі жұмысқа жарамды халықтың 32.4%-ы жұмыспен
қамтылды.
Қазақстан астық өндіру мен экспорттау бойынша əлемдік көшбасшылардың бірі. Елдегі егістік
жерлердің құнарлы топырағы мен климат бидай, арпа, күріш, жүгері, тары жəне қарақұмық
өсіру үшін қажет мінсіз жағдайларды қамтамасыз етеді. Дəнді дақылдардың негізгі түріне
жоғары құрамдағы протеин бар жоғары сапалы бидай жатады. Негізгі өнеркəсіптік дақылдар
мақтаны, қызылшаны жəне май жасайтын күнбағыс, зығыр, соя жəне қыша сияқты дақылдарды
қамтиды. Осы аталған дақылдардың ең маңыздысына –Оңтүстік Қазақстанның суармалы
алқаптарында өсірілетін мақта жатады.
Жерді қарқынды өңдеу бастапқы құнарлы топырақтарға елеулі əсерін тигізді де, топырақтың
азуы ауылшарушылық өндірісі үшін күрделі кедергіге айналды. 20 ғасырдың 50-ші
жылдарында топырақ баптау қолға алынғаннан бері топырақтың органикалық затының 50
пайыздан астамы жойылып, соның есебінен, топырақ тығызданып, құнарын жоғалтты, жел
жəне су эрозиясына ұшырады. Өзбекстанда мақта өсірудің нəтижесінде Арал теңізінің
тартылуы ауылшарушылық қызметінің Қазақстанның қоршаған ортасына тигізген əсерінің ең
айшықты мысалы болып табылады..
Елдің солтүстік жəне орталық аудандарына əсерін тигізетін жел эрозиясы ауыл
шарушылығына байланысты тағы бір экологиялық проблема болып табылады. 50-ші жəне 60-
шы жылдарда бидайды кең ауқымда, суармалы жерлерге бидай егуге байланысты
Қазақстанның байтақ далалары тың жəне тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын іске асыру
барысында жыртылған кезде, құнарлы топырақтың едəуір алқаптары жойылды. Соның
салдарынан, 90-шы жылдардың орта шеніне қарай түрлі дəрежедегі тақырға айналу елдегі
жайылымдық жерлердің шамамен 60%-ын қамтыды.
Кіріспе
17
Достарыңызбен бөлісу: |