Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


I.1. Ендірме: Арал теңізін қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет38/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   195
kazakhstanII.KAZ

I.1. Ендірме: Арал теңізін қалпына келтіру 
Арал теңізі Өзбекстанның ирригациялық, əсіресе мақта өсіруге байланысты қажеттіліктері күрт өскен 1960 
жылы таяздана бастады. Ауылшарушылығының мұқтаждарына қажет су Сырдария жəне Əмудария 
өзендерінен алынды да, соның салдарынан өзендер теңізді қанықтыру мен оның су қорларын толықтыру 
мүмкіндігін едəуір азайтты. 
1993 жылға қарай Арал теңізі су көлемдерінің 60%-ға жуығынан айырылды. Соның нəтижесінде Арал теңізі 
өзара байланыссыз үш суайдындарына бөлініп, судың деңгейі 15 метрге төмендеді де, шегіне түскен жаға 
сызығы Арал портын теңіздің бастапқы шекарасынан 25 км-ге қашықтатты. 2004 жылға қарай Арал теңізі 
бастапқы көлемінен ¼ -ге дейін таязданды, сондықтан судың өсе түскен тұздылығы табиғи орта 
аумағының кемуіне байланысты Арал теңізіндегі балық популяциясын толық дерлік жоюға ұшыратты.
Арал теңізінің суын молықтыру жəне экожүйеге тигізілген зиянды азайту үшін Сырдариядағы 
ирригациялық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қосымша, 2005 жылы тамызда бетон 
бөгеті салынды (Көкарал), ол Арал теңізінің екі жартысын бөлді. Теңіздің Солтүстік бөлігіне жіберілген 
судың қосымша көлемдері судың деңгейін 30-дан 38 метрге дейін көтеруге, яғни тіршілікке қабылеттілік 
деңгейі болып есептелетін 42 м белгіге дейін жақындатуға мүмкіндік туғызды. Қосымша сулар тұздың 
құрамын азайтуға септігін тигізді де, сондықтан Арал теңізі жоғалған акваториясын (су айдынын) қалпына 
келтіре бастады. 2006 жылы қайтармалы сулар Арал теңізінің Солтүстік бөлігінде балық аулау кəсібін 
жаңғыртуға жағдай туғызып, балықтардың айтарлықтай саны қайтып оралды да, тіпті экспорт үшін де 
жететін балық аулауды қамтамасыз етті.
Орман шарушылығы 
2006 жылы орман алқаптарының аумағы 24,6 миллион га-ны құрады, соның жартысын (12,3 
миллион га) толығымен орман жайлаған. Орман қорының шамамен 2/3 тамыры жағынан
ағаштың қылқан жапырақты түрлерін қамтиды, солардың ішіндегі ең көбі қарағай мен шырша. 
Жапырақты тоғайдың ең көп тараған түрлеріне қайың, тал, қандағаш жəне үйеңкі жатады. 
Құрлықтың жалпы аумағына пайыздық арақатынаста қабылданған орман алқаптарының 
аумағы 4.2%-дан (1998) 4.5%-ға (2006), дейін шамалы өсті, бірақ осы оң серпінге ағаш егу 
аумағымен салыстырғанда ағымдағы ағаш кесу көлемдерінің артуына байланысты қауіп төніп 
тұр. Бұл орайда, кеңістік қатынаста ормандар өте əркелкі бөлінген: орман алқаптарының басым 
бөлігі (69%) республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс жəне солтүстік шекараларының 
бойында кездеседі. Заңсыз ағаш кесу мен орман өрттері ормандарға ең үлкен қауіп төндіреді. 
Қытайға, Қырғызстанға жəне Өзбекстанға экспортқа жіберілетін ағаш материалдарының 
рыногы 1995 жылы ашылды, сол себепті ағаш дайындайтын жеке компаниялар құрылды жəне 
ағаш экспорты өсе түсті. Сонымен қатар, ағаш материалдары экспортының күрт өсу шамасына 
қарай да, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу проблемасы пайда болды. Өнімнің жеке түрлерінің 
экспортына тиым салу арқылы Үкімет заңсыз ағаш қырқуды тотатуға немесе тым болмағанда 
азайтуға əрекет жасады, бірақ осындай күш-жігердің нəтижесі əзірше байқалмайды. 
2001 жылдан бері ағаш кесудің көлемдері орман алқаптарын регенерациялау аумағынан асып 
түседі. 2006 жылы ағаш кесудің аумағы 41,400 га-ны, ал ағаш отырғызудың көлемі небəрі 
21,700 га-ны ғана құрады. Көп жылдық қарқынды ағаш кесудің нəтижесінде əсіресе Алтай 
ормандары зардап шекті. Қағида бойынша, ағаш кесу елді мекендердің жанындағы оңай 
жетуге болатын аудандарда немесе жолдар мен өзен арналарының бойында жүргізілді. 
Осындай аудандарда ағаш дайындау жұмыстарына орман кодексі қатаң тиым салады, бірақ 
экологиялық заңнаманы сақтамау орманды тез сиретуге ұшыратады. 
Орман өрттері-орман ресурстарына айтарлықтай зиян тигізетін кең тараған құбылыс. 2004 
жылы 1,315 орман өрттері тіркелді. (ең көп саны). Олардың саны 2005 жылы 760-қа дейін 
төмендеп, 2001 жылғымен салыстырғанда біршама азайды (786). Сонымен қатар өрт шалған 
орман алқаптарының аумағы 30,800 га-дан 14,500 га-ға дейін екі есеге қысқарды. Ағаш 
материалдары ысырабының бағасы тұрғысынан кері серпін болды-ысырап болған ағаштың 
бағасы 3 58,6 миллион теңгеден (2001) 724,1 миллион теңгеге дейін (2005) екі есе өсті. 


18 
Кіріспе
Өнеркəсіп
Мұнайгаз саласы Қазақстанның ең маңызды экономикалық секторын құрайды. 2005 жылы осы 
сектор елдің экспорт табыстарының 62%-ын еншіледі, осы табыстар таяу жылдарда тұрақты 
түрде өсе береді. Өндірістік жəне қайта өңдеу қызмет түрлері қоршаған ортаға, əсіресе елдің 
өндірістік аймақтарына жағымсыз əсерін тигізді. 
Мұнайгаз секторы ауаның ластануына айтарлықтай ықпал етеді. Сектордағы 75 %-ға жуық 
ластайтын заттар атмосфераға, 20%-ы суға жəне қалған 5% -ы топыраққа шығарылады. 
Мұнайгаз кəсіпорындарының шоғырланған аймақтарға тигізетін жергілікті əсері едəуір. 
Атырау облысында ауаның ластануының 99.9%-ға жуығы мұнайгаз кəсіпорындарының 
жұмысымен байланысты. Осындай ахуал Қызылорда (96.7%), Маңғыстау (94.1%) жəне Батыс 
Қазақстан (89.7%) облыстарынан байқалады. 
Мұнай өндіретін кəсіпорындар жер үсті жəне жер асты суларын ластайды, атап айтқанда бұл 
Каспий теңізі суының, сондай-ақ теңізге тікелей жақын орналасқан топырақтарға (жер 
қыртыстарына) қатысты. Өндірілетін мұнайдың кең орындарындағы ысыраптары 3.5% 
шаманы құрайды. Өткізгіш құбырлар арқылы өнімді тасымалдауға байланысты ысыраптар 
одан да көп. Есепті деректер бойынша Кен орындары мен өткізгіш құбырлар жүргізілген 
аймақтарда мұнай төгу 1 км
2
-ге 0,02 тоннаны құрайды. Төгудің негізгі себептері коррозиямен, 
механикалық зақымдармен жəне конструктивті ақаулармен байланысты. Осы ысыраптарды 
өндірістің түрлі кезектерінде баламасыз есепке алудың нəтижесінде жағдай одан сайын 
шиеленісе түседі. 
Кен өнеркəсібі секторы көлемі бойынша Қазақстандағы мұнайгаз секторынан кейінгі екінші 
өнеркəсіптік сектор болып табылады. Ол сондай-ақ шикі мұнай экспортынан кейінгі екінші 
экспорттық секторға жатады. Кен өнеркəсібінің үлесіне Қазақстанның экспорттық табысының 
(кірісінің) 30%-ы, ЖІӨ нің 16%ы жəне жұмыспен қамтудың 19%-ы келеді. 200-ден аса Кен 
өндіруші кəсіпорындар қомақты көлемде тауар өнімін өндіреді, олар: көмір, темір рудасы, 
хромит рудалары мен ферросплавтар, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, болат, титан 
губкасы, уран, барит жəне т.б.
Өндіретін руданың жалпы көлемінің 95%-ы бракқа шығарылатын болғандықтан, Кен өндіруші 
өнеркəсіп қалдықтарының үлкен көлемдерін шығарады. 2007 жылдың бас кезіне дейін 
өндіруші өнеркəсіптің жиналған қатты қалдықтары миллиард тоннаны құрағаны есептеп 
шығарылды, соның салдарынан топырақ пен су ластанған.
Қазақстанда уран рудаларының əлемдегі ең ірі Кен өндіру кешені бар. Уран рудасын өндіру 
мен қайта өңдеу топырақты ластады жəне 106 миллион тоннаға жуық радиоактивті қалдықтар 
шығарып, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндірді. Осындай қалдықтардағы 
радиацияның деңгейі 35-тен 3,000 мР/ч-ға дейін ауытқиды, жəне радиацияның жалпы көлемі 
50,000 Ки-ден асады.
 
Энергетика
Қазақстан орасан үлкен жəне алуан түрлі энергетикалық ресурстарға бай, бірақ көмір энергия 
жасаудың негізгі көзі болып табылады. Екібастұз бен Торғайдың ашық көмір Кен орындары 
жылыту жүйесі мен электр энергиясын жасау жүйесінде пайдаланылатын арзан көмірді 
қамтамасыз етеді, ал Қарағанды бассейнінің анағұрлым сапалы көмірі металлургияға 
қолданылады. Елдің жалпы энергетикалық қажеттіліктерінің шамамен 52%-ы (7 тармақтағы 
7.2 суретті қараңыз) көмірмен өтеледі. Қазақстанның климаттық жағдайлары жылу 
энергиясыынң ірі тұтынушылары болып табылады, əрі жылу қажеттілігінің 50%-ы отын 
ретінде төмен сапалы көмірді пайдаланылатын орталықтан жағылатын жылу электр
станцияларымен жабылады. 


Кіріспе
19
Энергетикалық сектор төмен сапалы көмірді жəне электр станцияларында лайықсыз тазалау 
жабдығын пайдаланудың нəтижесінде атмосфералық ауаны ластайтын басты көздердің біріне 
жатады. Қазақстанда энергияның тиімділігі төмен. Мұнай баламасының бір килограммын 
пайдалану ел экономикасына 1.8 АҚШ долларын береді, ал дамыған елдердің осындай 
көрсеткіштері 1 кг мұнай баламасына орта есеппен 5,5 АҚШ долларын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет