Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет39/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
I.7
Экологиялық ахуал 
 
Ауа 
Ауаның ластануы Алматы қаласы мен республикадағы басқа да ірі өнекəсіптік қалалар үшін 
проблема туындатады. Осы проблеманың пайда болуына əсерін тигізетін бірнеше факторлар 
бар, оған Алматы қаласының географиялық орналасуы, қоршаған ортаны қорғау 
кəсіпорындарының төмен көрсеткіштері мен электр энергиясын жəне жылу энергиясын өндіру 
үшін көмірді кеңінен пайдалану фактілері жатады. Ірі қалаларда, əсіресе Алматыда төмен 
сапалы отын (жағармай) пайдаланатын жеке меншік автомобильден санының көбейе түсуі 
жылжымалы ластау көздері арқылы ауаны одан сайын нашарлатып жіберді. Ең зиянды заттар 
Қазақстанда есепке алынбайды, сондықтан нақты көрсеткіштер беймəлім күйінде қалады. 
Қазақстан парник газдарының (ПГ) ірі шығарушысы болып табылады. Халықаралық 
энергетикалық агенттіктің деректері бойынша Қазақстан ЖІӨ-ге шаққанда ПГ шығындылары 
бойынша бірінші орын (3.38 кг/$) жəне Халықтың Жан басына шаққандағы ПГ 
шығарындылары бойынша 13-ші орын алады (жан басына шаққанда 13.3 тонна көміртек қос 
тотығы). Энергетикалық сектор-осы шығарындылардың негізгі көзі. 2005 жылы елдегі ПГ 
шығарындыларының 78%-ы энергетикалық сектордың үлесіне тиді (7.5. Кестені қараңыз).
 
Су 
Елде бар су ресурстарын пайдалану өте ысырапты жəне үнемсіз жүргізіледі. Ирригацияның 
тиімсіз əдістері, бүлінген ирригациялық құрылым мен су қашыртқының болмауы су 
ысыраптарына жəне суармалы жерлердің тұздануына себеп болады. 
Жалпы алғанда, бірқатар өзен алаптарының ластануына қарамастан, жер үсті суларының 
сапасы жақсы болып саналады. Ең лас су алаптарына Орал жəне Ертіс өзендерінің су 
айрықтары жатады, бұларға химия, металлургия, мұнай өңдейтін жəне машина жасайтын 
кəсіпорындардың ағынды сулары ағызылады. Елдегі жер асты суларының көлемі жылына 15.1 
км
3
-ді құрайды, ал пайдаланудың деңгейі небəрі 7.9%. ғана. Алайда жер асты суларының 
ластануы мен сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымының бұзылуы халықтың мұқтаждары 
үшін жер асты суларын жабдықтауды қиындатады. Соның себебінен тұрмыстық сумен 
қаматамасыз етуде жер үсті сулары барынша көп пайдаланылады.
1979 жылдан бері Каспий теңізінің су деңгейі тұрақты көтеріліп келеді. Бұл себептер негізінен 
табиғи сипат алады. Теңіздің солтүстік бөлігінде 10,000 км
2
астам жерді су басты (Атырау 
облысы). Су деңгейі көтерілуінің осындай ахуалы сақталған жағдайда жағалаулық қала 
Атырауды, басқа 8 елді мекенді жəне Каспий өңіріндегі Қазақстандық көптеген мұнай 
кеніштерін 2020 жылға қарай су басуы мүмкін. Су деңгейінің көтерілуі жағалаулық 
аймақтарды экологияық тозуға ұшыратты (атап айтқанда, мұнаймен ластау), бұл Орал өзенінің 
сағасындағы бірегей аумаққа қауіп төндіреді жəне жергілікті халықтың экономиккалық 
қызметіне қысым жасайды. 
Қалдықтар 
Өңірдегі кəсіпорындардың жұмыс істеуіне тəн қалдықтармен байланысты өзіндік проблемалар 
əр облыста бар. Шығыс Қазақстан облысында Кен өндіру секторы мен металлургияның уытты 
қалдықтарының көлемі 1.3 миллиард тоннаны құрайды. Алматыда қалдықтардың үлкен 


20 
Кіріспе
бөліктерін электр станциялары жəне металл рудаларын байыту кəсіпорындары 
генерациялайды. Қарағанды облысында ластау көздеріне Кен өндіру (атап айтқанда, көмір 
өндіру), металлургиялық жəне химиялық кəсіпорындар жатса, ал мұнайгаз кəсіпорындары 
Қызылорда, Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстарындағы қалдықтар шығарудың көздері 
болып табылады. Уытты жəне раиоактивті қалдықтар да сондай-ақ əскери базалар «Байқоңыр» 
ғарыш айлағы жəне Семей ядролық полигоны сияқты өнеркəсіптік емес аудандардан 
байқалады.
Қазақстанда қалдықсыз кəсіпорындар іс жүзінде жоқтың қасы. Кейбір кəсіпорындар өздерінің 
өнеркəсіптік қалдықтарын екінші қайтара пайдаланады. Қалдықтарды екінші қайтара 
пайдаланудың пайызы аймақтар бойынша Павлодарда 1.5% -дан 2.0% -ға дейін, Қарағандыда 
25% -ға дейін өзгеріп отырады. 
Муниципалды қалдықтардың жалпы көлемі жылына шамамен 13.9-15.0 миллион м

құрайды. 
Кенттенудің үрдіс қарқындары қатты қалдықтардың шығуын көбейтіп жіберіп, соның 
салдарынан бірқатар қалалардағы коммуналдық қызметтердің саны өсе түскен халықтың 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға шамалары келмейді. Муниципалды қызметтер көлік, отын 
жəне кадрлар тапшылығын бастан кешіп отыр. Қалалардың сыртында қалдық жинаудың 
жоғары бағасы мен қаржыландырудың болмауы қызметтер көрсетудің толық тоқтауына
тұрғын аймақтарда қалдықтардың жиналуына немесе заңсыз үйінділердің пайда болуына себеп 
болады. 
Қалдықтарды басқару негізгі үш проблемамен бетпе-бет кезедеседі: (a) қалдықтар 
сұрыпталмайды жəне жинау кезінде бөлінбейді; (б) муниципалды қалдықтар көбіне қауіпті 
қалдықтармен араласады; (в) қалдықтарды қайта өңдейтін құрылыстардың жетіспеуі. 
Қалдықтардың басым бөлігі экологиялық жəне санитарлық нормаларға сай емес қаладағы
қоқыс тастайтын жерлерде сақталады. 
Жердің тозуы жəне тақырға (шөлге) айналуы 
 
Құрғақ климатпен, жауын-шашынның төмен деңгейімен, қатты буланумен жəне дүркін-дүркін 
қуаншылықтармен сипатталатын Қазақстанның экожүйесі əрине шөлге айналуға бейім. 
Жердің тозуы мен шөлге айналу проблемасы Кеңес заманында ауыл шарушылығы мен жер 
пайдаланудың тұрлаусыз əдістері арқылы шиеленісе түсті. Қазақстан жерінің жалпы 
аумағының шамамен 2/3 (66%) бөлігі тозуға ұшыраған. Ахуал елдің бидай өсіретін солтүстік 
аудандарында, сондай-ақ мақта мен күріш егілетін Сырдария өзенінің аңғарындағы Оңтүстік 
аудандарда қиындай түседі. Дара дақылға негізделген егін шарушылығы экожүйелерге зиян 
келтіріп, жел эрозиясы мен тұздың ұлғаюының əсерінен топырақ құнарсызданды. 
Қоршаған ортаға төнетін ауылшарушылық емес қауіптердің қатарына іс-əрекеттің өндіруші 
түрлерімен байланысты жердің тозуы жатады, олар жиналып қалған, көбіне уытты 
қалдықтарды көметін орындар ретінде пайдаланылатын орасан үлкен жер алқаптарына əсерін 
тигізеді. Екінші себеп биологиялық алуан түрлілік пен шабындықтардың аумағын азайта түсіп, 
орман-тоғайлардың жайылмалы экожүйесін тоздыратын өзен ағысын реттеумен байланысты. 
БҰҰ шөлге айналумен күресу жөніндегі Конвенциясы (ШК БҰҰК) бойынша үшінші есепте 
(2006 ж) мазмұндалған цифрлар көрсеткендей, жердің шөлге айналуы мен тозуына байланысты 
жалпы жылдық экономикалық ысыраптар 93 миллиард теңгені құрауы мүмкін (6,2 миллиард 
АҚШ доллары).
Радиоактивті ластау 
Радиация, сірə, Қазақстандағы ең тұрақты жəне күрделі қауіп болса керек. Кеңес заманында 
елдің солтүстік-шығысында орналасқан Семей полигонында 500-ден аса ядролық қарудың 
сынағы жүргізілді. Сынақтардың едəуір санының барысында (116) ядролық қарудың жер үсті 


Кіріспе
21
жарылыстары жасалып, біршама аумақтарға радиоактивті жауын-шашындар жауды. Сынақтар 
көбіне жергілікті халықты эвакуациялаусыз немесе ескертусіз жүргізіліп, адамдар 
радиацияның үлкен дозаларына ұшырады. Семейдегі сынақтарға тиым салу күшіне енгеннен 
кейін 1990 жылы ядролық сынақтардың тоқтатылғанына қарамастан, өңірде радиациямен 
зақымдалу, туа біткен кемістіктер, анемия (қаназдық) пен лейкомия оқиғалары тарады. 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің Бірінші шолуын дайындаған кезден бері 
(2000 ж) Семей Ядролық сынақ полигонында радиацияға қатысты бірқатар іс-шаралар 
жүргізілді. Осы іс-шаралар негізінен, полигон аумағына барлау əрекетін жүргізуге жəне
зақымдалған аймақтың картасын жасауға бағытталды. Қазір Ұлттық ядролық орталық осы 
аталған аумақта радиологиялық жəне экологиялық сараптама жүргізуде.
Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін, соның ішінде, іргелес аумақтарда тұратын халықтың 
қауіпсіздігін арттыруға байланысты шаралар қабылданды. Полигоннан тыс жерлердегі 
радиацияның анағұрлым айқын дерегін алу үшін мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау 
қызметі Павлодар облысындағы іргелес Май ауданында өзінің мониторингтік қызметін 
кеңейтті. 2005 жылы сынақ полигонының шекараларын белгілеу үшін 600 км демаркациялық 
сызықты қамтитын шаралар жоспарланды, бұл шаралар жергілікті халықтың, мал жаю сияқты 
заңсыз əрекеті үшін зақымданған жерлерді пайдалануына бағытталады. Өкінішке қарай, осы 
қауіпсіздік шараларының іске асырылғаны туралы ақпарат жоқ. 
1999-2006 жылдар арасында халықаралық ұйымдардың қатысуымен радиацияның əсерін 
зерттейтін бірқатар жобалар жүргізілді. Осы бағдарламалар радиацияның əсеріне ұшыраған 
халықтың ұлттық электронды медициналық тізімдемесін жасауды, сондай-ақ иондайтын 
радиацияның шекті шамадан тыс дозаларының халықтың өмір сүру ұзақтығына, бала туу мен 
өлім-жітімге тигізетін əсерін зерттеуді қамтыды. 
Аудандарды аймақтарға бөлуді жəне бүкіл ел бойынша уран өндірудің нəтижесінде 
радиоактивті заттармен зақымдалған учаскелерін анықтауды мамандандырылған ұйым 
жүргізеді. Бірқатар радиоактивті артқы үйінділерді қалпына келтіру ісі қолға алынды (сондай-
ақ 8 тараудағы 8.3 Ендірмені қараңыз).


 

Кіріспе
22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет