Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 ендірме: Тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы тиімділігінің 12 негізгі көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет43/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.3 ендірме: Тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы тиімділігінің 12 негізгі көрсеткіші 
 
1. 
Халық, миллион адам 
2. 
Болжалды өмір сүру ұзақтығы, жыл 
3. 
Орташа өмір сүру ұзақтығы 
4. 
Еркектер мен əйелдердің болжалды орташа өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы, жас 
5. 
Энергия тұтыну , ГВт 
6. 
Энергияны өңдеу, ГВт 
7. 
Энергиядан айрылу, ГВт 
8. 
Ресурстарды қолдану тиімділігі Ағымдағы жылдағы энергия өндірісі көрсеткіштерінің
өткен жылғы энергия қолдану көрсеткіштеріне арақатынасы. 
9. 
Қоршаған ортаның сапасы 
10. 
Тұрмыс деңгейі, КВт/халықтың саны 
11. 
Тұрмыс сапасы, КВт/ч 
12. 
Экологиялық тұрақтылық көрсеткіші 
3
http://www.yale.edu/esi/ қар. 


28
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
ТДКТ ресурстарды пайдалану тиімділігінің индекстерімен өлшенетін (РПТИ), өндірістегі 
ресурстарды қолдану тиімділігін арттыруға басты назар аударады. Оның назар аударатын 
келесі бағыты Қазақстанда əлі күнге төмен болып отырған өмір сапасын арттыру. Бұл 
көрсеткіш өмір сүру ұзақтығы, халықтың жан басына кірісі, білімі мен экологиялық 
қауіпсіздігі саласындағы жетістік сияқты индикаторлардың көмегімен өлшенетін болады.
Қоршаған ортаның басымдылығына мыналар жатады: 
• 
кедейлікпен күресу;
• 
халықтың денсаулығына қатысты экологиялық қауіптің алдын алу жəне деңгейін 
төмендету;
• 
шөлге айналумен күресу; 
• 
биологиялық əралуандықты сақтау; 
• 
көшетханалық орындардан бөлінетін газ жəне озон қабатын бұзатын заттармен қатар, 
атмосфераға тасталатын қалдықтарды қысқарту;
• 
ауыз суға қолжетім деңгейін кеңейту;
• 
трансшекаралық қоршаған орта мəселелерін шешу;
• 
қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;
• 
радиациялық жəне биохимиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
ТДКТ жүзеге асырудың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сəйкес 4 кезеңі мен мерзімі 
қарастырылған. 
Сондай-ақ 
экономикалық 
диверсификациялау 
мен 
технологиялық 
инновацияларды уақтылы алға жылжытумен бірге барлық саяси салаларға ТД қағидаларын 
енгізуге арналған дайындық кезеңі де (2007–2009 жж.) назардан тыс қалмаған. Келесі кезең 
(2010–2012 жылдар) басты мақсатқа қол жеткізуге, яғни Қазақстанды Бүкілəлемдік 
экономикалық форум индексімен анықталатын бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізуге 
бағытталған.
2007–2009 жылдардағы дайындық кезеңіне арналған іс-шараларының жоспарында мақсаты 
жəне атқарылатын нақты іс-шаралар қамтылған, тағайындалған мемлекеттік органдар 
көрсетілген, осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қолданыстағы қаржы ресурстары мен 
мерзімі белгіленген. Негізгі қабылданған іс-шаралар қатарына заң шеңберіне кіретін ТД 
қағидаларын интеграциялау жəне жаңа стратегия мен заңдарды өңдеу, мысалы 
энерготиімділік, қайта қалпына келтірілетін энергия жəне суды қосқанда, қайта қалпына 
келтірілетін дереккөздер туралы заңдарды өңдеу шаралары жатады (1.4 енд.қар.). ТД жөніндегі 
ұдттық орталық жəне су ресурстары орталығы сияқты жаңа институттар құру жұмысы да 
жоспарланған. 2006 жылы қаржы құралы ретінде қызметтегі даму институттарының негізінде 
Тұрақты даму қоры құрылды («Қазына»
4
Қоры) (6 тар.қар.). Бұл қордың мандаты – ТД 
қағидаларымен қатар экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілету. Бүгінгі 
таңда аталған қордың портфелінде экологиялық жобалар жасалынған жоқ.
Қызмет 
Мемлекет қоғамның барлық секторын ТД жəне экологиялық қауіпсіздік мəселелерін 
талқылауға қатыстыруға талпыныс жасауда. Елде ҚОҚМ өкілдері, мемлекеттік тұлғалар
ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, мəслихат
5
 мүшелері, іскер топ жəне халықаралық 
ұйым өкілдерінің қатысуымен бірқатар семинар, конференция т.б. іс-шаралар өткізілді. Осы 
аталған оқиғалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды жəне ТД туралы 
қоғамдық пікірдің қалыптасуына жəне оны насихаттауға қатысты маңызды рөл атқарды. 
Жалпы алғанда, мұндай кездесулер ТД алға жылжыту бойынша мемлекеттік ұйымдар құруға 
үлкен септігін тигізді.
4
Слово “казына” в переводе с казахского означает “казна”. 
5
Мəслихат – жергілікті деңгейдегі дəстүрлі қазақ кеңесі (əкіматпен сал.). 


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
29
Облыстық жəне жергілікті деңгейде тұрақты дамуға көшу туралы Тұжырымдаманың 
жүзеге асырылуы 
ТД облыстық жоспары су ресурстарын шоғырлана басқаруға (СРШБ) (9 тар.қар.) берілетін, 
елдің негізгі өзен бассейндеріне (1.1 картаны қар.) сəйкесетін, сегіз аймаққа арналған аймақтық 
деңгейде жасалуы қажет. ТДКТ жоспарына сəйкес, оған басқа іс-шаралармен қатар, еңбек 
қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздікке, кедейшілік деңгейін төмендетуге, азаматтық қоғамды 
дамытуға, аймақтық экономикалық дамуға, экологиялық тұрақтылық пен қоршаған ортаның
экономикалық құралдарын енгізуге бағытталған іс-шаралардың кең аясын жүзеге асыру 
барысы қамтылған. Бірқатар облыстарда, мысалы Балқаш-Алакөл аймағында ТД дербес 
бағдарламалары мен жоспарын жасау жұмысы басталды. 2007–2009 жылдарға арналған 
Балқаш-Алакөл бағдарламасының жүзеге асырылуы 215.3 миллион теңге шамасында 
бағаланып отыр (бұл шамамен 1.8 миллион АҚШ долларын құрайды). Бұл сомаға мемлекеттік 
бюджетті, жергілікті кəсіпорындар мен халықаралық грантты ассигнациялау міндеті кіреді. 
2008 жылы Арал-Сырдария аймағы мен Жайық-Каспий аймағының ТД бағдарламасы 
жасалады деп күтілуде. Ұлттық үкімет пен ТД аймақтық бөлімдерінің аралығындағы диалогқа 
əрекеттесу үшін ТД негізгі мəселелерін шешуге бағытталған үйлестіру орталықтарын құру 
жоспары да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет