1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
31
Балалар мен аналардың өлім деңгейін төмендету мақсаты (4 жəне 5 МДМ) жəне зорға қол
жеткізілген күрделі аурулармен жүргізілген күрес (6 МДМ) сияқты, денсаулық сақтау
көрсеткіштерінің артуы да баяу қарқынмен жылжыды. Денсаулықты қорғау мəселелері де
судың ластануы өзекті мəселесі мен халықтың су мен канализацияға шектеулі қолжетімі бар
екендігінің айқын көрсеткіші. Сумен жабдықтау жүйесіне инвестиция салынып
отырғандығына
қарамастан, судың сапасы көптеген ауылды жерлерде əлі күнге дейін төмен
болып отыр. Қала тұрғындарының 15 пайызы жəне ауыл тұрғындарының 29 пайызының
қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмауда. Бұл көрсеткіштерді 2005 жылғы МДМ мəліметтерімен
салыстыру қажет – 6 пайыз жəне соған сəйкес 15 пайыз.
Барлық облыстардың билігі мен Алматы жəне Астана қалаларының билік орындары МДМ
жергілікті деңгейде жүзеге асыруға байланысты атқарылатын қызметтердің сəйкес
жоспарларын дайындаулары қажет. БҰҰДБ дайындық кезеңінде оңтүстік облыстарға көмек
көрсетті. 2005 жылы БҰҰДБ облыстардың есептерінің қорытындылары бойынша бағалау
жұмыстарын жүргізіп, МДМ орындалуын алға жылжыту жөніндегі ұсыныстарымен
таныстырды.
Секторлық стратегиялар
Секторлық стратегиялардың бірқатары қоршаған ортаны қорғау саласы қызметі нəтижелерінің
бірінші Шолуы дайындалғаннан кейін жасалынды, алайда, мұнда ТД
мен қоршаған ортаны
қорғау мəселелері теңбе-тең деңгейде ескерілмеген.
2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясы (2006 г.) экономикалық аймақ құру,
экономикалық
диверсификациялау,
ішкі
миграциялану
үрдістері
мен
аумақтық
инфрақұрылымның дамуын басқаруды қосқанда, елдің аумақтық дамуының стратегиялық
бағыттарын анықтайды. Берілген стратегия сондай-ақ мемлекеттік инвестицияның негізгі
басымдылықтарын анықтай отырып, өнеркəсіп, энергетика, инжиниринг, көлік, байланыс жəне
əлеуметтік инфрақұрылымның ұлттық, облысаралық жəне облыстық деңгейде дамуын
үйлестіреді. Стратегия экономикалық дамуды алға жылжытудың
басымдылығын алға қояды
жəне оған ТД қағидалары немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттары кіргізілмеген. Осыған
байланысты, 2007 жылы барлық облыстар өзіндік аумақтық стратегияларын жасап, осы
мəселені ілгерілетуге бағытталған кластерлерді белгілеуі керек болатын. Шындығында,
облыстардың аумақтық бағдарламалары сонымен бірге кедейлік пен серіктестік мəселелерін де
қамтуы тиіс еді. Алайда ТД аймақтық бағдарламалары мен аумақтық бағдарламалары түрлі
əдістерді қолданады, жəне осыған орай, үйлестіруші механизмнің болмауына қарай бір-бірін
қайталауы немесе тіпті бір-біріне қарама-қайшы келуі де ықтимал.
2003 жылы экономикалық диверсификация мен инновациялық қызметті күшейту мақсатын
алға ілгерілетуге байланысты
2003–2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы (ИИДС) жасалынды. Стратегия сандық
нəтижесі мен мерзімі белгіленген қызметтік үш кезеңнен тұрады (2003–2005 жылдар, 2006–
2010 жəне 2011–2015 жылдар). Мемлекет осы
Стратегия мен тұрақты дамудың əдістеріне
қатысты бұрынғы СПУР арасында бірқатар сəйкеспеуші тұстары бар екендігін мойындады, бұл
кемшіліктер ИИДС жүзеге асыру барысында елеулі түзетулер енгізуді қажет етеді. ИИДС
жүзеге асыру барысын жеңілдету үшін, 2006 жылы билік орындары ТД Қорын құрды
(«Қазына»
6
қоры) (6 тар.қар.), бұл қорға Инвестициялық қор, Инновациялық қор жəне Даму
Банкі сияқты бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан қорлар бірікті. «Қазына» қорының негізгі
мандаты – кен өндірмейтін салалардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы
экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілету. Өзінің атауына қарамастан,
Қордың портфелінде қоршаған ортаны қорғаумен байланысты бірде-бір жоба жоқ,
тұрақты
дамудың критерийлері немесе қоршаған ортаны қорғау, əзірше ұсынылып отырған жобаларды
қаржыландырудың шарты болып табылмайтын іспеттес.
6
“Қазына” қазақ тілінде “байлық қоры” деген мағынаны білдіреді.
32
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
2010 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарының (2001 ж.) бір бөлігі болып
саналатын 2010 жылға дейінгі агроөнеркəсіптік саясат өндірістік технологияларды заман
талабына сай жаңарту жəне отандық нарықты қорғау арқылы ауылдық аудандардың
экономикалық жағдайын жақсартуды басты нысана етіп алған. Дегенмен аталған Саясатқа
қоршаған ортаны қорғауға, тұрақты ауыл шаруашылық тəжірибе немесе тұрақты жер,
пестицид жəне жер тыңайтқыштарын қолдануға қатысты ешқандай мəселелер енгізілмеген.
2006–2010 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын Тұрақты даму тұжырымдамасы (2005
ж.) ауыл шаруашылығы
өндірісін тұрақтандыру, оның тиімділігін арттыру жəне азық-түлік
өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған болатын.
2006–2010
жылдары ауыл шаруашылығын тұрақты даму Тұжырымдамасын (2005 ж.) жүзеге асыруға
арналған 2005–2008 жылдары атқарылатын іс-шаралар жоспары техникалық ауыл
шаруашылығы құралдарын жаңартумен қатар, Бүкілəлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру туралы
ағымдық келіссөздерді назарға ала отырып, ауыл шаруашылығына тиесілі отандық өнімдердің
бəсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында, БСҰ талаптарына сəйкес, ауыл шаруашылық
өнімдерінің қауіпсіздік жүйесі мен сапасын бағалау үрдістерін үйлестіруге бағытталған.
2004–2010 жылдарға арналған ауылдық аудандарды дамыту Бағдарламасының əлеуметтік
бағытқа негізделген. Оны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2004–2006) 100 ауыл мектебі, 63
денсаулық орталығы, сумен қамтамасыз ету жүйесін қосқанда, ауыз суын өндіруге қатысты
193 қондырғы құрылыстарына 202 миллиард теңге (бұл шамамен 1.6 миллион доллар)
жұмсалды. Келесі кезеңі ауылдық аудандардағы ақпараттық технология мен байланыс
технологияларын (АБТ) арттыруды жəне микрокредиттеу арқылы кəсіпкерлікті
дамытуды
ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пошта жəне банк жүйелері ұйымдастыруды талап
етеді. Сонымен қатар 5,250 ауылдық білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт
орталықтары жəне 1000 сумен қамтамасыз ету пункттері құрылыстарын қаржыландыруды
қарастыратын, ауылдық аудандарды дамытудың облыстық бағдарламаларын құру жөніндегі
жоспар да жасалынған.
Достарыңызбен бөлісу: