1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
33
Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспары (2004
ж.) қоршаған ортаның жағдайын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды жəне ол
2005–2007
жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының жасалуына негіз болады.
2004 жылы
Тұжырымдаманың бірінші сатысын іске асыру мақсатында 14 облыстың
əрқайсысы, сонымен бірге Алматы мен Астана қалалары 2005–2007 жылдары қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі өзіндік жергілікті бағдарламаларын жасап шығарды (1.5 ендірмені қар.). Бұл
бағдарламаларда есеп айыру бағасы мен қаржыландыру
дереккөздерін қосқанда,
белгілі бір
жобалар қамтылуы мүмкін еді (мысалы, орталық
немесе жергілікті бюджеттен, кəсіпорын
құралдары жəне шетелдік гранттар).
Достарыңызбен бөлісу: