1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
37
органдардың
біліктілігін анықтады, жеке жəне заңды тұлғалардың құқығы мен
міндеттемелерін, сондай-ақ атмосфералық ауаның қауіпті ластағыш көздері жəне ауаны
қорғауды мемлекеттік бақылау процедуралары бойынша базалық талаптарын белгіледі.
2006 жылғы
Ерекше күзетілетін табиғи аумақтар туралы Заң жоғары экологиялық, ғылыми,
тарихи, мəдени жəне рекреациялық құндылықтарды танытатын басқа да облыстарды жəне
табиғи ресурстардың шекарасын кеңейту жəне тұрақты басқару мен əкімшіліктендіру
мəселелеріне қатысты сұрақтарды реттеді.
2005 жылғы
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң міндетті экологиялық сақтандыру
арқылы кездейсоқ ластану жағдайындағы кепілденген өтемақы төлемін жасауға бағытталған,
мұндай өтемақы қызметі қоршаған ортаға жəне жеке тұлғаларға залал келтірумен тікелей
байланысты кез келген жеке немесе заңды тұлғамен орнатылған келісімшартта қарастырылуы
тиіс. Алдын ала атқарылған экологиялық аудиттің негізінде
сақтандыру келісімшарты
экологиялық залал өтемақысын жабады. Сақтандыруға тиесілі іс-шаралардың тізімі ҚР
Үкіметімен анықталған. Сақтандыру сондай-ақ ластану салдарынан адамның өміріне,
денсаулығына, мүлігіне жəне қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру үшін өтемақы
төлейді. Халықаралық келісімшартқа негізделіп жасалынған əрбір қызметте келісімшарт
талабы Заң ережесімен алмастырылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң ластанудың тікелей салдарының мəселелерін
реттейді, дегенмен мұнда өндірістің салдары немесе айқын тəуекелдер (мысалы, ауыз суының
ластану салдарынан Адам денсаулығының нашарлауы) туралы ережелер берілмеген. Заң əлі
бастапқы сатыда қолданылып жүр, осыған сəйкес əлі де
кейбір бөлімдеріне, əсіресе өтемақы
есептеу бөліміне түзетулер енгізуді қажет етеді. Заң жазылған уақытта оның ықпалына
ұшыраған бірде бір оқиға тіркелген жоқ. Осылайша, қоршаған ортаға келтірілген залалға
қаншалықты өтемақы жұмсалатындығын өлшеу мүмкін емес.
Заң залалды қайта қалпына
келтіруге кім жауапты екендігін қарастырмайды.
Экологиялық кодекс
Жалпы мазмұны
2006 жылдың наурыз айының басында ҚР Президенті 2006 жылдың соңына дейін қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі кодекс жасау шартын ортаға салды. Берілген қысқа мерзімге
қарамастан,
Экологиялық кодекс 2007 жылдың қаңтар айында қабылданды. Халықаралық жəне
қазақстандық, сонымен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан түсіндірме беруге де сұраныс
жасалынды. Жұртшылықпен ашық талқылаулар арқылы консультациялар алынды. Басты
мақсат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ағымдағы заңнаманың жаңа стандарттарды
қамтамасыз етуі жəне бақылау жүйесін жетілдіруі тиіс озық
халықаралық стандарттармен
үйлесуіне негізделді.
Достарыңызбен бөлісу: