Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет50/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Экологиялық кодекске қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі ұлттық заңнама (жоғ.қар.), 
сондай-ақ Базель Конвенциясы
7
жəне Роттердам Конвенциясы
8
сияқты көптеген халықаралық 
экологиялық конвенциялардың талаптары қамтылған. Дегенмен бұл құжатта жуырда 
Экономикалық ынтымақтастық жəне даму Ұйымының (ЭЫДҰ, 2007) өкілдері атап көрсеткен 
жекелеген сəйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Мысалы, Кодекс 
қабылданға дейінгі экономикалық тиімділікке талдау жасалмауымен байланысты, бірқатар заң 
талаптарының орындалуы туралы мəселелер əзірше өз шешімін тапқан жоқ.
Кодекс əрбір азаматтың экологиялық ақпаратқа қолжетімді құқығын жəне жұртшылықтың 
қоршаған ортаны қорғау жəне ТД жөніндегі шешім қабылдау үрдісіне қатысу туралы құқығын 
қарастырады. Экологиялық ақпарат туралы Кодекстің 21 тарауында органдардың экологиялық 
7
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жəне оларды жоюды бақылау Конвенциясы 
8
Жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерді халықаралық саудаға шығарудың алдын ала негізделген 
келісімі процедурасы туралы Конвенция. 


38
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
ақпарат беруге, сонымен бірге оны берудің шарттары мен тəртібіне қатысты құқығы мен 
міндеттері берілген.
2007 жылдың аяғында Кодекстің орындалуын қолдайтын ережелер қабылданды. Оларға, 
мысалы, озонды бұзатын заттарды басқару, сондай-ақ импорт, экспорт жəне қалдықтардың 
барлық түрлерін басқару жəне кəсіпорынның өзін-өзі бақылау ережелері жатады. Дегенмен 
осы тұста Кодексті жасауға бөлінген қысқа мерзімді есепке алғанда, құжаттың түрлі тараулары 
аралығындағы ықтимал айырмашылықтар мен ақтаңдақтарды жоюға арналған оның түрлі 
ережелерін жан-жақты тексеру қажеттілігі туындайды. Кодекстегі негізгі ұғымдарды анықтау 
үшін оның аяғына дейін өңделуі талап етіледі, ал екінші заңнама жеткілікті деңгейде 
жасалынбаған.
Рұқсат жəне кешенді экологиялық рұқсат беру 
Рұқсат беру жүйесі Экологиялық кодекстің құрамдас бөлігі болып саналады. Кодекс күшіне 
енгенге дейін рұқсат бір жылға берілетін, ал енді рұқсаттың үш жылға берілуі кодекспен 
енгізілген басты өзгеріске айналып отыр. Лицензиялауға тиесілі қызметтің төрт түрлі санаты 
бар. Олар Денсаулық сақтау Министрлігімен жасалған, Министрліктің 2005 жылғы 
“Санитарлық-эпидемиологиялық норма жəне ережелер туралы”, “Өнеркəсіптік нысандарды 
жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы” Бұйрығына сəйкес 
жіктелген. Бірінші санатқа қауіптің 1 жəне 2 класына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ жай 
минералдарды қоспағанда, минералды ресурстарды барлау жəне қазу жұмыстары енгізілген. 
Қауіптің 3 кластағы қызметі, жай минералдар кені, орман қызметінің барлық түрлері жəне 
ерекше су қолдану II санатқа кіреді. III санатқа қауіптің 4 класындағы барлық қызмет түрлері 
жатады. Қауіптің 5 класы мен фауна қолдану, əуесқой (спорттық) балық жəне аң аулауды 
қоспағанда, IV санатқа тиесілі. ҚОҚМ I санат қызмет түрін атқаруға рұқсат, ал қалған үш 
санаттағы қызметтерге рұқсатты жергілікті басқару органдары береді. 2002 жылдан бастап 
қызметтің бір ғана түріне берілетін рұқсат шешімдері кешендік экологиялық рұқсатпен 
алмастырылды.
Экологиялық сараптама жəне қоршаған ортаның ықпалын бағалау 
2006 жылға дейін қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау ережесі (ҚОЫБ), қоғамдық 
экологиялық сараптама (ҚЭС) жəне мемлекеттік экологиялық сараптамалары (МЭС) 
Экологиялық сараптама туралы Заңда қарастырылды. Қазіргі уақытта осыған сəйкес ережелер
Экологиялық кодекске енгізілді. ҚОЫБ процедурасы Министрліктің 2007 жылғы «Жоспарлы 
экономикалық жəне басқа да қызмет түрлерінің қоршаған ортаға ықпалын алдын-
ала жоспарланған, алдын-ала жобаланған жəне жобалану үстіндегі құжаттарды жасауды 
дайындау арқылы бағалау жұмыстарын жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Бұйрығымен 
реттеледі. Ашық дəрістер өткізу процедуралары Министрліктің 2007 жылғы «Ашық дəріс 
өткізу туралы» Бұйрығымен реттеледі.  
ҚОЫБ жəне – өзара байланысты екі процедура. Əдістемеші аккредиттелген жекеше 
компаниялар арқылы орындалатын ҚОЫБ өткізуі тиіс, сондай-ақ ҚОЫБ құжаттамаларының 
дайындығының жауапкершілігі де əдістемешіге жүктеледі. ҚОЫБ процедурасы екі кезеңде 
өткізіледі: ҚОЫБ өзінде жəне МЭС. ҚОЫБ бекітілген соң əдістемеші МЭС өткізілуін 
қамтамасыз етуі қажет. Білікті орган құжаттардың сапасын тексереді, визалайды жəне екі 
құжатты да əдістемешіге қайтарып береді. Виза жұртшылық пен осы үрдіс барысына қатысқан 
басқа да органдардың пікірін ескере отырып қойылады. ҚОЫБ процедурасы рұқсат беру 
процедурасына дейін атқарылады, əдістемеші соған сəйкес есеп беруі жəне білікті органның 
рұқсат алуға қатысты өтінішіне қорытынды жасауы тиіс. ҚОЫБ процедурасы шамамен – екі 
ай, ал МЭС - үш ай уақыт ішінде атқарылады.


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
39
Жобадан кейінгі талдау – барлық жағдайда міндетті, бір жыл сайын трансшекаралық 
контекстегі қоршаған ортаға ықпалын бағалау жөніндегі Конвенцияның 7 бабына сəйкес 
өткізіліп отыратын процедура.
Қоршаған ортаның стратегиялық бағасы (ҚОСБ) туралы Экологиялық кодексте анық ештеңе 
айтылмаған. Дегенмен Экологиялық кодекстің (47(2) бап) ережесінде барлық мемлекеттік 
құжаттар (заң жобалары, тұжырымдама, стратегия, бағдарлама жəне қызмет жоспарлары) 
қабылданғанға дейін МЭС жіберілуі тиіс деген талап қойылған.
Қоғамдық экологиялық сараптама 
Қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) МЭС теңбе-тең болып саналуы мүмкін, бірақ оған аз 
талап қойылады. ҚЭС жекеше құралдармен қаржыландырылады. Оның нəтижелері ҚОЫБ пен 
МЭС құжаттамаларына қосымша ретінде беріледі, əдістеме жасаушыға беріледі жəне
қарамағына МЭС кіретін жергілікті органда тіркеледі. Əзірше ҚЭС ықпалын бағалау оңай 
мəселе емес, себебі 2003 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта тек екі ҚЭС қана өткізілді.
Экологиялық аудит 
Экологиялық аудит Экологиялық кодекспен реттеледі. Кəсіпорын/заңды тұлға қоршаған ортаға 
елеулі залал келтірсе, кəсіпорын қызметінің бірігуі, ажырауы жəне қайта таратылуы арқылы 
қайта ұйымдастырылса, сонымен бірге кəсіпорын банкротқа ұшырағандығы туралы 
мəлімдегенде аудит жүргізу міндетті болып саналады. Ерікті аудиттер де міндетті экологиялық 
аудит процедурасы сияқты жүргізіледі. Аудит сəйкес кəсіпорындар арқылы 
қаржыландырылады.
Интеграцияланған шешім 
Экологиялық кодекс сондай-ақ Еуропалық Одақтың кешенді ластануды бақылау жəне 
профилактикасына ұқсас интеграцияланған шешімін енгізді (КЛБП). Бірақ интеграцияланған 
шешімді Экологиялық кодекстің бір ғана бабы реттеп отырады. Бұл істі жүзеге асыру 
қолданыстағы институционалды шеңбер мен жобалау туралы ережелерге өзгерістер енгізуді 
талап етеді. Осыған байланысты, мемлекет Экономика жəне бюджеттік жоспарлау Министрлігі 
арқылы ҚОҚМ интеграцияланған шешімді жүргізуіне мүмкіндік беретін институционалды 
реформамен жұмыс жасау үстінде. ҚОҚМ 2008 жылдың басында қабылдануы мүмкін қаулыны 
жасауды қолға алды (2 тар.қар.).
Лицензиялау 
2007 жылғы Лицензиялау туралы Заңға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Біріншіден, 
жұмыс басталғанға дейін міндетті лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізімі 
қысқартылды; екіншіден, бұрын бекітілген бірнеше органдарды лицензиялау үрдісіне кіргізу 
тəртібімен салыстырғанда, қазіргі уақытта тек лицензия беруге жауапты бір ғана мемлекеттік 
орган бар. Бұған қоса, лицензияны бір айға дейін (ірі кəсіпорындар үшін) жəне 10 күнге дейін 
(шағын бизнес үшін) алу уақыты қысқартылды. Лицензияларды ҚОҚМ экологиялық бақылау 
жөніндегі 
Комитеті 
тексереді. 
Осылайша, 
бұрынғы 
процедуралардың 
əкімшілік 
ауыртпалықтары азайды, осыған орай кəсіпорындар өз қызметін ертерек бастай алады.
Басқа заңнама
Басқа заңнамалар жекелеген кодекстерге жинақталды (IV қосымшаны қар.). Орман кодексі, 
Жер кодексі мен Су кодексі 2003 жылы қабылданды. Орман кодексі орманды қолдану, қорғау 
жəне сақтау, сондай-ақ ормандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын реттейді. Ормандарды 
қорғау жəне сақтауға қатысты жекелеген сұрақтар кішігірім заңдар арқылы реттеледі: мысалы, 


40
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
Үкіметтің 2002 жылғы «Сексеуілді сақтау шаралары туралы»
9
Қаулысы, Үкіметтің 2002 
жылғы «Орманға келтірілген залалға өтемақы төлеу ережелері туралы» Қаулысы, Үкіметтің 
2001 жылғы «Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, зақымдау немесе жою 
салдарынан келтірілген залал туралы» Қаулысы, сондай-ақ «Орманның өрт қауіпсіздігі 
ережелері туралы» Шешімі. 2004 жылы Парламент Орман кодексінің жаңа нұсқасын 
қабылдады. Су кодексі туралы толық ақпарат 9 тарауда берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет