Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Институционалдық межелер жəне əлеует



Pdf көрінісі
бет51/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.5 
Институционалдық межелер жəне əлеует 
Ұлттық деңгей 
Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес 
жылы құрылған ТДҰК қызметтің барлық секторлық түрлеріне ТД қағидаларын енгізуге
сонымен бірге түрлі министрліктердің қарамағындағы сəйкес қызметтерді интеграциялауға 
жəне үйлестіруге бағытталып жасалған. ТДҰ Кеңесіне
ТДКТ
жүзеге асыру міндеті жүктелген. 
ТДҰК – Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Еңбек жəне əлеуметтік қорғау Министрлігі мен 
Экономика жəне бюджеттік жоспарлау Министрлігінің қолдауымен ҚР Премьер-министріне 
тікелей есеп беретін жоғары деңгейдегі орган. Басқа министрліктер, ғалымдар, ҮЕҰ мен 
халықаралық ұйымдар да мүше немесе бақылаушы болып саналады.
ҚОҚМ – Кеңестің атқарушы буыны. Ол Кеңестің ТДКТ
ағымдық жоспарында белгіленген 
ағымдық басымдылықтардың негізінде стратегиялық бағыттар мен тірек құжаттары мəселелері 
талқыланатын жыл сайын екі рет өткізілетін мəжілісін дайындаумен айналысады. ҚОҚМ 
таңдап алған басымдылықтары ҚОҚМ ұсыныстарын жасағанға дейін, бекіту үшін ТДҰК 
жіберіледі. Стратегиялық құжаттар кеңінен консультация беру процедурасына сəйкес негізгі 
тараптардың қатысуымен жасалады (1.4 ендірмені қар.). Бұған қарамастан, министрліктер 
арасында ынтымақтастық орнату оңай мəселе емес, осыдан жоба жасау барысында біліктілік 
пен мүддеге қатысты дау-дамайлар жиі туындайды. ҮЕҰ ТД жобаларын жүзеге асыруға 
қатысады.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі 
ҚОҚМ – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы орган. Ұлттық экологиялық 
саясатты жасау жəне оны жүзеге асыру, заңды орындау жəне мемлекеттік бақылау мен 
мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыстарын атқару ҚОҚМ тікелей міндеті болып 
саналады. ҚОҚМ елдің қоршаған ортаны қорғау мемлекетаралық экологиялық келісімдер 
саласындағы бекітілген халықаралық конвенцияларын сақтауын қадағалайды. Ол сонымен 
бірге ластаушы заттардың қалдығы мен қоқыстарын бақылайды, кəсіпорындарға I санаттағы 
рұқсат береді жəне ластаушы заттардың ең жоғары көлемі мен құрамын белгілейді.
2000 жылы геология комитеттері, орман шаруашылығы мен аң шаруашылығы, су ресурстарын 
басқару жəне қоршаған ортаны қорғау комитеттері ҚОҚМ құрамына кірді. 2000 жылдан бастап 
2002 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттен басқа барлық 
комитеттер, сонымен бірге оларға жүктелген су, орман, ұлттық парк, биоалуандық жəне 
жерасты ресурстарына қатысты міндеттері түрлі министрліктер немесе ҚР Президенті 
Əкімшілігінің қарамағына ауысты. Бұл ереже 2008 жылы да осылай сақталады. 
9
Haloxylon ammodendron немесе сексеуіл – құмды шөл топырақта өмір сүруге бейім ағаш түрі. Сексеуіл ағаштардың 
басқа түрлеріне маңызды қолдау болады, мысалы, жабайы аңдар мен шөптесін өсімдіктерге көлеңке əрі қорғаныш 
бола алады, сондай-ақ өзінің тамыр жүйесімен құмды нығайта отырып, эрозияның алдын алады.



Тарау

Қорша
ған
 ортаны
 қор
ғау
 жəн
е тұра
қты
 даму
 сал
ас
ы
нд
а сая
сат
 ж
асаудың
 н
егі
зг
і қағидаттары
41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет