42
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Министрліктің ағымдық құрылымы 1.2 суретте көрсетілген. Мұнда 130 қызметкер жұмыс
істейді, оның ішінде 31 адам қоршаған ортаны қорғау Комитетінің (инспекция) қарамағына
кіреді. Бұл комитет қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау жұмыстарын бақылап,
қадағалайтын арнайы өкілетті мемлекеттік орган болып табылады (2 тар.қар.).
ҚОҚМ қарамағы бойынша қызмет істейтін мамандандырылған институттар төмендегідей:
•
Ақпараттық-талдау орталығы, экологиялық ақпарат жинауға жəне
оны жұртшылыққа
жеткізуге жауапты орталық;
•
Мемлекеттік «Қазгидромет» кəсіпорны, метеорологиялық жағдай, ауа райы жəне
қоршаған орта мониторингіне жауапты. Ол өзінің аймақтық орталықтарынан ақпарат жинайды
жəне бұл мəліметтерді өңдейді (3 тар.қар.);
•
Экология жəне климат жөніндегі ғылыми-зерттеу институты
10
, бұл ҚОҚМ-нің
ғылыми-зерттеу органы болып есептеледі. Ол
экология, биоалуандықты басқару жəне
көпжақты экологиялық келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің сақталуын
басқару жұмыстарын жүргізеді. Ол құрылыс жобаларын алдын ала бағалау, геологиялық
зерттеулердің
жобасын жасау, сейсмикалық аудандардағы құрылыс жобаларын жасау,
қалақұрылыстық құжаттамалары мен инженерлік жүйе жəне тораптарын жасау сияқты басқа
да міндеттерді атқарады.
•
«Қазаэросервис» əуе кемелерін реттеу жəне оның қауіпсіздігі мəселелерімен
айналысады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттемелер жүктелген басқа да мемлекеттік
органдар (1.1 кестені қар.)
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Орман жəне аң шаруашылығы Комитеті орман алқаптары
жəне ерекше күзеттегі табиғи аумақтарды басқарумен айналысады: Қазақстан
Республикасының 14 облысындағы 9 ұлттық табиғи қорық жəне 6 ұлттық табиғи парк.
Комитеттің жергілікті деңгейдегі аумақтық бөлімшелері
орман шаруашылығы мен
биоресурстарды басқарады. Комитетке есеп беруге тиісті ормандарды сақтау жөніндегі 138
мемлекеттік агенттік орманды қорғау мен сақтау жұмыстарына жауапты.
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары жөніндегі Комитеті су ресурстарын қорғау
жəне оларды тиімді қолдану бойынша мемлекеттік есеп беру жүйесін жүргізеді. Оның
жауапкершілігінің ауқымына мынадай қызметтік сатылар кіреді: (a) табиғи су ағыстары мен
жерасты суларының су қақпағы; (b) тұщы су
қолдану; (c) өндірістік су қолдану; (d) ауыл
шаруашылығының су қолдануы; (e) тұщы суды сақтау жəне су жабдықтаулары жүйесінде
өзгерістік қолданыстар; (f) канализация суын табиғи су айдыны мен жерастына ағызу (9
тар.қар.).
Басқа мемлекеттік агенттіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар арнаулы
өкілдіктері бар. Олар:
•
Энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігінің
атом энергетикасы жөніндегі
Комитеті (радиоактивті қалдықтарды жəне радиацияның басқа да көздерін басқару);
•
Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттік (өртті қосқанда, төтенше жағдайларды басқару
жəне ескерту);
•
ҚР статистика жөніндегі мемлекеттік Агенттігі (экологиялық басқару жəне қоршаған
ортаны қорғауға байланысты статистика).
жылы ҚР Үкіметі түрлі министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар атқаратын қоршаған
ортаны қорғауға қатысты іс-шараларды үйлестіруді күшейту
жөніндегі ведомствоаралық
комиссия
11
құру туралы шешім қабылдады (
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру
жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қаулыны қар.). Комиссия ҚР
консультациялық орган болып саналады. Оның міндеттері төмендегідей:
10
См.: http://ecoclimate.kz/
11
http://ru.government.kz/documents/premlaw/08.2003/page01
1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
43
•
экологиялық жағынан қауіпті қызмет түрлерін анықтау жəне қоршаған ортаға ықпал
етуді төмендету шараларына қатысты ұсыныстар;
•
табиғатты қорғау заңнамалары бойынша ұсыныстар дайындау;
•
қоршаған ортаны бақылауды оңтайландыру бойынша ұсынымдар дайындау жəне тірі
табиғи ресурстарды реттеу;
•
қоршаған ортаны қорғауға арналған жаңа экономикалық құралдар ұсыну.
Аумақтық деңгей
ҚОҚМ жергілікті деңгейде 14 облыста жəне екі қала – Астана жəне Алматы қалаларында
(жалпы алғанда, 800 қызметкерді қамтитын) қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі аумақтық
басқармалары бар (ҚООАБ). Аумақтық басқармалар ҚОҚМ 2005 жылғы Бұйрығымен
реттеледі. Оның міндеті, негізінен алғанда, жергілікті бөлімшелерді тексеру болып табылады,
дегенмен олар сондай-ақ кəсіпорындар үшін консультация беру рөлін атқарады жəне
жергілікті маңыздылықтағы жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жасауды іске
асырады.
Достарыңызбен бөлісу: