44
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
жəне қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын толық ескере бермейді. Бұған қоса, осы
аталған стратегиялардың
басым көпшілігі 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға
көшу Тұжырымдамасына (2006 ж.) дейін жазылуына орай, оларда сектораралық əдіс
жасау
қажеттілігі де ескерілмеген. Кең жұртшылық, оның басты қатысушы ретіндегі рөліне
қарамастан, дамудың жергілікті жоспарлауымен қатар, стратегиялық жоспарлау үрдісіне
қатыстырылып жүр,
жұртшылықтың, осыған сəйкес, осы мəселелерге қызығушылық
танытандығы да айқын.
ТД мақсатына саяси тұрғыдан қуатты қолдау көрсету жəне
Экологиялық кодексті орындау
міндеті орталық үкімет деңгейінде атқарылды, мұнда,
тұтастай алғанда, осыған сəйкес
тұжырымдар мен мəселелерге қатысты жақсы түсінік қалыптасқан. Сонымен бірге, қызмет
жоспарлары мен стратегиялар жасауға талап етілетін əлеует облыстық жəне муниципиалды
деңгейге мүлдем бара-бар емес. Осы мəселе əр түрлі бағыттағы (мысалы, экономикалық даму
бағдарламасы,
облыстық аумақтық стратегия, өзен бассейндері деңгейінде ТД қатысты
облыстық қызмет жоспарлары жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық
бағдарламалар) бағдарламаларды қатар жасаумен байланысты міндетті күрделендіріп отыр.
Тұтастай алғанда аса күрделі болып саналатын осы мəселелерді жергілікті деңгейде реттеу,
келісу де
қиындық туғызып отырғандықтан, осы қиындықтар олардың тиімділігінің беделін
түсіріп, ресурстардың шығындалуына себеп болуда. Орталық билік осы бағдарламаларды
жасауға байланысты аймақтық жəне жергілікті деңгейде соған сəйкес басшылық жасауды
қамтамасыз етуі тиіс. ҮЕҰ жəне халықаралық донорлар бірқатар облыс жəне қалаларға қолдау
көрсетуде (мысалы, экологиялық білім мəселелері жəне жоба жасау жəне оны жүзеге асыру
əлеуетін арттыру мəселелері бойынша), дегенмен, бұл ережеден гөрі, ерекшелікке ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: