Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет54/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.7 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
Тұрақты даму – Қазақстан үшін негізгі міндет. ТД өзара байланысты жəне өзара тамырлас үш 
негіздің көзқарасы тұрғысынан қарастырылады, олар: экономикалық даму, əлеуметтік даму 
жəне қоршаған ортаны қорғау. Қазақстандық 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға 
көшу Тұжырымдамасы (ТДКТ), бұған қарамастан, экономикалық өсімге ерекше назар аударып 
отыр, осылайша ТД əлеуметтік жəне экологиялық көрсеткіштерінің маңыздылығына 
жеткіліксіз мəн беріліп жүр. Ұлттық даму Стратегиясы, ең бастысы, экономикалық 
диверсификациялау мен бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілетуге бағытталған. Осындай 
мақсаттардың маңыздылығымен қатар, бүкіл қоғамның көзқарасы тұрғысынан шарасыз 
келісімдерді оңтайландыру үшін қоршаған орта мен экономикалық белсенділік арасындағы 
байланысты да ескерген жөн. Бұл осы даму стратегияларының экологиялық саясаты 
мəселелеріне қатысу жəне интеграциялауды қамтамасыз ететін институционалды құрылымды 
қалыптастыруды талап етеді. Тұжырымдама энергетика, көлік жəне ауыл шаруашылығы 
сияқты салаларды сектораралық əдіс жəне қоршаған ортаны интеграциялау құралдарымен 
қамтамасыз етпейді. Кедейлік деңгейін төмендету мəселелеріне байланысты қол жеткен елеулі 
жетістікке қарамастан, əлеуметтік жағдайды жақсарту жəне өмір сапасын, əсіресе ауылдық 
жерлердегі тұрмыстық жағдайды арттыру үшін алда
атқарылуы тиіс міндеттер өте көп. Жалпы 
алғанда, азаматтық қоғамның ТД стратегиялық жоспарлау жəне оны жүзеге асыру үрдісіне 
қатысуы шектеулі күйінде қалып отыр.
1.1 ұсыныс: 
Экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық саясат салалары аралығында оңтайлы 
үйлестіктің орнауына қол жеткізу үшін Үкімет Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес 
арқылы келесі міндеттерді шешуі қажет:
• 
секторлық саясат пен стратегиядағы экологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді 
тиісті деңгейде интеграциялауды қамтамасыз ету үшін білікті министрліктер 
аралығындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруда Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 
Министрліктің үйлестіруші рөлін күшейту;
• 
ҚОҚМ секторлық саясат жобаларына талдау жасауға жəне соған сəйкес тұрақты 
даму қағидалары стратегиясын орындауға байланысты жауапкершілік жүктеу;


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
45
• 
Барлық мүдделі тараптарды, сонымен бірге азаматтық қоғам мен ҮЕҰ тарту арқылы 
ұлттық жəне жергілікті деңгейдегі тұрақты даму бағдарламаларын жасау жəне оны 
жүзеге асыру барысында серіктестік пен айқындылық деңгейін арттыру. 
ТД аймақтық жоспарлауы ТД сегіз аймағындағы, елдің сəйкес сегіз өзен бассейнінің аумақтық 
деңгейінде дамуы тиіс. Бірқатар аймақтарда, мəселен Балқаш-Алакөл бассейні, Алматы жəне 
Астана қалаларында ТД жөніндегі өзіндік бағдарламалары мен қызмет жоспарларын жасау 
жұмыстары бастау алды. Дегенмен басқа аймақтарда, əсіресе ауылдық аудандарда қол 
жеткізген жетістік саусақпен санарлық. Жергілікті деңгейде ақпараттылық пен əлеуеттің 
жетіспеушілігі Тұжырымдамаға қатысты қызметтерді жасауға жəне оны жүзеге асыруға кері 
ықпалын тигізіп отыр. ТД аймақтық жоспарлауы мен ішінара халықаралық ұйымдармен бірігіп 
атқарылатын аумақтық даму бағдарламалары түрлі əдістер қолданады, үйлестірудің бара-бар 
механизмдері болмаған жағдайда қайталауларға жəне қарама-қайшылықтардың туындауына 
себеп болуы ықтимал. Бұған қоса, ТД жөніндегі ұлттық зерттеулер мен ақпараттық мəліметтер 
Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңінде жеткіліксіз болып отырған сияқты. Осы 
облыстардағы жетістіктер елдің ТД саясатының айқындылығын халықаралық деңгейде 
күшейтуге мүмкіндік беруі ықтимал.
1.2 ұсыныс: 
2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға ауысу Тұжырымдамасын жүзеге асыруды 
аймақтық жəне жергілікті деңгейде, əсіресе, ауылдық аудандарда қолдау үшін Үкімет мына 
міндеттерді орындауы қажет:
• 
тұрақты даму бағдарламаларын жасау жəне оларды жүзеге асыру туралы 
жергілікті сектораралық үйлестіру кеңесі мен жұмыс топтарын құру арқылы аймақтық 
жəне жергілікті деңгейде сектораралық ынтымақтастықты күшейту;
• 
əлеуеттің жергілікті деңгейде дамуын күшейту, мысалы жергілікті басқару 
органдарының өкілдерін аймақтық деңгейдегі тұрақты даму бағдарламаларын жасауға
сонымен бірге осы саладағы халықаралық тəжірибеге қол жеткізу бағытында оқытуды 
ұйымдастыру;
• 
білім беру бағдарламаларын жасау жəне жұртшылықтың тұрақты даму мəселелері 
бойынша ақпараттылық деңгейін, сондай-ақ кең жұртшылықты қосқанда, жергілікті 
органдар мен басқа да мүдделі тараптардың ақпараттылық деңгейін көтеру. 
Сонымен бірге 3.6 ұсынымды қара. 
2006 жылы құрылған «Қазына» тұрақты даму қоры инвестициялық жобаларды үйлестірудің 
жаңа механизмі болып саналады. Ол экономикалық диверсификация мен бəсекеге 
қабілеттілікті ілгерілетуді басты нысаны етіп алған. Негізінен, əлеуметтік жəне экологиялық 
аспектілерді салалық инвестициялық стратегияларға сəйкес интеграциялауды ілгерілетуге 
бағытталған стратегия ТД алға жылжуын қамти отырып, елге елеулі əлеуметтік пайда əкелуі 
мүмкін. Дегенмен бүгінгі таңда мұндай стратегия жоқ. Осыған орай, Қор мандатын кеңейту 
қажеттілігі туындайды, оған ТД мен қоршаған ортаны қорғау компоненттерін 
интеграциялайтын экологиялық жобалар мен жоспарларды қаржыландыру мəселелерін енгізу 
қажет.
1.3 ұсыныс: 
Үкімет «Қазына» тұрақты даму Қорымен жəне басқа да мүдделі тараптармен бірігіп, 
тұрақты даму
 
жəне экологиялық аспектілік қағидаларды Қордың инвестициялық саясаты 
мен жобасымен тиімді етіп интеграциялау үшін стратегия құруы тиіс. Үкімет сондай-ақ 
экологиялық инвестицияларды қаржыландыруды қамтуы қажет Қордың мандатын кеңейту 
мүмкіндігін қарастыруы керек.
2002 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілеттіктерді түрлі министрліктер 
арасында бөлуде өзгерістер болды. Бұл су, орман жəне табиғи ресурстарды қорғау жəне 
оларды қолдануға жауапты тек бір ғана министрлік – Ауыл шаруашылығы Министрлігі 
дегенге тоқтам жасалды. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары Комитеті мен 


46
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
Орман жəне аң шаруашылығы Комитеті сияқты мамандандырылған комитеттердің де 
қоршаған ортаны қорғау шеңберінен шығатын өз мандаттары бар. Түрлі министрліктер 
аралығында қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты тиімді де жеткілікті 
ынтымақтастықтың орнағандығына қарамастан, бұл экологиялық басқарудың басқа 
салаларына тəн емес.
1.4 ұсыныс: 
Үкімет түрлі министрліктер аралығындағы экологиялық саясат мəселелері мен олардың 
ішіндегі қоршаған ортаны қорғау саласын басқаруды үйлестіру міндеттеріне қатысты 
тізбектік (қосымша) жауапкершілікті нақты əрі айқын анықтауы тиіс. Бұл табиғи, су жəне 
орман ресурстары салаларына тікелей қатысты.  
Бірінші Шолу дайындалған уақыттан бастап Қазақстан қоршаған ортаны қорғауды басқарудың 
заңды жəне саяси шеңберлерін күшейтті жəне жаңартты. 2006–2007 жылдары Қазақстан 
негізгі экологиялық заңдар мен Экологиялық кодекс ережелерін интеграциялауда маңызды 
қадам жасады. Қатаң уақыттық шеңбер жағдайында осы кешенді міндеттерді атқару 
барысында кодексте саясатты жасау жəне оны жүзеге асыруда мəселелер туындатуы ықтимал 
қарама-қайшылықтар мен сəйкеспеушіліктер туындайды.
 
1.5 ұсыныс: 
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі ұлттық деңгейдегі жəне халықаралық ұйымдардың 
барлық мүдделі тараптарымен біріге отырып, экологиялық заңнаманы ЕО Нұсқауларына 
сəйкес үйлестіруді жалғастыра отырып, оны жетілдіруі керек.


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет