Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет58/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   195
kazakhstanII.KAZ

құрылымы (ҚОҚАБ) 
 
 
 
 
 
Дерек көзі: Қарағанды ҚОҚАБ (http://www.karecology.kz/), 2007-ші жылы ашылған интернет ұясы. 
Қызметкерлер құрамының білімі мен біліктілігін арттыу үшін 2004ші жылы ҚОҚМ ішінен 
мамандарды дайындау орталығы құрылды. (3-ші тарауды қараңыз) Бұл орталық мемлекеттік 
мекемелер мен сырттан келген басқа да адамдар мəселен, кəсіпорындардың өкілдеріне де 
қызмет көрсетеді. Жұмыстың мұндай реті орталықтың тұрақтылығы үшін қажет, өйткені 
жекеменшік мекемелерден келгендер ақылы негізде оқиды. Сабақтарды ҚОҚМ қызметкерлері 
немесе сырттан шақырылған мамандар жүргізеді. Дайындық курстары 40 сағатқа созылады 
ҚОҚАБ ТӨРАҒАСЫ (ұжым-68 адам) 
Төрағаның орынбасары, Бас 
экологиялық Инспектор
Төрағаның орынбасары
Экологиялық лицензиялау мен 
экономика бөлімі
(4 адам) 
Мемлекеттік экологиялық сараптау 
бөлімі 
(4 адам) 
Кадрлар бөлімі мен қаржылық 
бақылау басқармасы
(5 адам) 
Тексерулердіжоспарлаужəнезаңдылы
қтыорындаудыбақылаубөлімі
(4 адам people) 
Лабораториялықбақылау жəне 
сапаны қамтамасыз ету бөлімі
(7 адамpeople) 
Ауа сапасы мен радиологиялық 
ахуал бөлімі (4 адам) 
Жер асты қорлары, жер беті мен жер 
асты суы бөлімі (6 адам) 
Жер жəне биологиялық қорлар, 
өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар 
бөлімі (4 адам) 
Аудандық экологиялық иснпекторлар 
(9 адам) 
Жергілікті экологиялық 
иснпекторлар, оның ішінде 
Жезқазған мен Балқаш қалалары 
бойынша 


50
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
жəне экологиялық басқару саласының көптеген мəселелерін, оның ішінде реттеу шеңберінің 
өзгеруі, саяси тетіктерді қолдану, сондай-ақ тексеру мен заңдылықтың орындалуын бақылау 
мəселелерін қамтиды.
Өндірістен қол үзбей оқу жəне ұжымның тəжірибе алмасуы əлеуетті дамытудың қосымша 
құралдары саналады. ҚОҚАБ салалық білім алуға хұқылы. Мəселен Шығыс Қазақстан 
облыстық ҚОҚАБ тау-кен өндірісі мен металургия саласына тексеру жүргізе алатын білікілігі 
жоғары мамандар даярлайтын орталық бола алады. Білімді тарату үшін ЭКБ тұрақты 
(тоқсандық немесе жарты жылдық негізде) семинарлар ұйымдастырып отырады. өкінішке 
орай, мұндай семинарларға тек басшылар ғана қатысады жəне қатардағы инспекторлар үшін іс 
жүзінде тəжірибе жинау қиынға түседі. Сонымен қатар халықаралық əріптестер, (мəселен, 
БҰҰ-ның Европа жөніндегі экономикалық комиссиясы(ЕжЭК), БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, 
БҰҰ экологиялық бағдарламасы, Орталық жəне Шығыс Европа елдеріндегі қоршаған ортаны 
қорғауға көмек пен Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (OECD/EAP) жұмыс 
тобы əртүрлі тақырыптағы семинарлар өткізді. Мамандарды даярлау деңгейі екіжақты 
тəжірибе алмасу арқылы мəселен, Норвегия, АҚШ жəне Канада мамандарымен тəжірибе 
алмасу арқылы одан сайын шыңдала түседі. Европалық Одақ Қазақстанда экологиялық саясат 
пен осы саладағы заңдылықты сақтау мəселесінде əлеуетті арттыру жолында жаңа жобаға 
бастамашы болып отыр.
Осындай күш салуға қарамастан, тиісті орындар институционалды мүмкіндіктерді дамыта 
алмады жəне кей кезде тіпті сақтап қала алмады. Еңбекақының аз болуы мен жұмыс 
жағдайының ауырлығы біріге келіп, білікті мамандардың тұрақтамау үрдісін тудырды. 
Мамандар тұрақтамауының жоғары болуы жұмыстың кейбір түрінің сапасыздығына əкеп 
соқты. Əлі күнге дейін жекелеген заңдар мен жарлықтар ұжымның өкілеттігін шектеуде. 
Қазіргі заманғы табиғат қорғау заңдары мен саясат туралы түсінік аз. Осының нəтижесінде 
ұжымдағы 800 адамның қайсысы биологиялық сараптамаға, лицензиялау мен тексерулерге 
қатысып жүргенін жəне олардың біліктілігі қандай екенін айту қиын.
2.1 Кесте: Экологиялық реттеу мен ереже сақтауды қамтамасыз етуге қатысатын ҚОҚМ 
қызметкерлер құрамының саны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет