2
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері
55
2007-ші жылы сынақтық негізде кешенді рұқсат беру қолға алынды. Ол ластанудың алдын алу
мен бақылауды бірлесіп қолға алу жөніндегі Европалық Одақ
директивасында белгіленген
негізгі көрсеткіштердің сақталуымен іске асырылуы керек. «Рұқсат беру науқаны» 2007-ші
жылдың 1-ші қыркүйегінде басталса да, кешенді түрде шешім қабылдаудың процедуралық
жай-жапсары əлі де даму сатысында жатыр. Осылайша бұл əдіс 2009-шы
жылға дейін іс
жүзінде енгізілуі ықтималдығы аз.
Реттеу талаптары рұқсат беруге лайық жағдайлардың дамуы үшін негіз қалыптастырады.
Олардың кейбірі қатайтылды. Мəселен, жағылып кететін ілеспе газдардың көлемін Жаһандық
деңгейде азайту (ІГКА) шеңберінде мемлекеттік жəне жекеменшік сектордың əріптестігі ісіне
Қазақстан Республикасының ат салысуы аясында газды жағып жіберуді азайту бағытында
біраз маңызды өзгерістер болды. ҚОҚМ бұған қоса, қоршаған
ортаның сапасы жөніндегі
кеңестік стандарттарға реформа жасауды жоспарлады. Бұл олардың орындалуын күшейту жəне
сақталу ісін алға жылжыту мақсатында керек болды. Реформа игі қадам болғанымен, əр кезде
жан-жақты мақұлдана қойған жоқ. Мəселен ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорлары
жөніндегі комитеті жақында, жер беті суларының сапасына əсер ететін «теріс
ықпалды
əрекеттердің жоғарғы шегі» туралы нормаларды енгізді. Мұның өзі судың сапасы жөніндегі
европалық топтастыру (классификация) мен ескі ЖБКШ (жол берілетін концентрация шегінің)
қалыптарын тоғыстыру сияқты əсер қалдырады. Бірақ ол судың сапасын сақтау жөніндегі
мақсаттар мен нормаларды тəуекелді менеджментке негізделген
экологиялық жоспарлаудың
өзіндік құралына айналдыра алмады. Жаңа
Экологиялық Кодекс қоршаған ортаның сапасы
жөніндегі мақсат міндеттер ұғымын енгізе отырып, осындай өзгерістерді ұсынады.
Дегенмен
бұл ретте жаңа кодекстің баптары іске асырылуы керек.
Рұқсат беру шарттарының ауқымында жақсару байқалуына қарамастан, көптеген нысандар,
оның шарттарында қорғаныстың қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген деп санайды. Атап
айтқанда пайдаланудан (эксплуатация) шығаруға байланысты
талаптардың жоқтығы
проблемалар туғызуда. Осы тұрғыда ластанудан тазарту жұмыстарын атқармай-ақ елден кетіп
қалуы ықтимал шетелдік инвесторлар тарапында күдік туындайды. Осындай оқиғалардың
болғанын растайтын айғақ жоқ болса да, осындай күдіктің қала беруі, өз тарихында қоршаған
ортаның ластануын бастан кешірген ел үшін түсінікті жайт.
Кəсіпорындарға
өздерінің
экологиялық
іс-тəжірибесін
экономикалық
циклдармен
ұштастыруға, осы арқылы экологиялық инвестицияларға қол жеткізуге болатын жағдай
тудыруға қажетті талаптардың бірсыпырасын енгізу жақында ғана басталды.
Осындай іс-
тəжірибенің жоқтығы қиын жағдайға əкеп соқтырған бір оқиға болды. 2005-жылы ҚР үкіметі,
2004-ші жылғы желтоқсанда қабылданған заңның баптары сақталмағанын алға тартып, мұнай
өндіруші «PetroKazakhstan» компаниясына ілеспе газды жағуды тоқтату жөнінде талап қойды.
Нəтижесінде компания өндірісті доғарып, елдің рыногынан кетуге шешім қабылдады. Бұдан
соң басқа компаниялар осы істе қосымша уақыт беру туралы келісімге келе бастады.
Достарыңызбен бөлісу: