60
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Экологиялық заңдылықты бұзғандарға қолданылуы мүмкін əкімшілік шаралар қатарына:
(a) ескерту; (b) əкімшілік айыппұлдар; (c) лицензияны немесе рұқсатты кері қайтарып алу
немесе əрекетін тоқтатып қою; (d) қылмыс жасауға қолданылған немесе қылмыс нəтижесінде
қол жеткен мүлікті тəркілеу; (e) айрықша құқықтарынан айыру; (f) еңбек əрекетін тоқтату
немесе тиым салу; жəне (g) заңсыз салынған ғимараттарды бұзып тастау кіреді.
Жазалау
шараларының алғашқы үш түрін инспекторлар белгілдейі, ал қалған 4 түрі 2005 жылы
құрылған əкімшілік соттардың сот істері арқылы заңды күшіне енеді.
Іс жүзінде осы санкциялардың тек шектеулі түрлері ғана қолданылады. Ең көп таралған
санкция əкімшілік айыппұл салуға келіп саяды. Дегенмен көп ретте, айыппұлдар реттелетін
қауымдастықтың тірлігіне ықпал етуде тиімсіз шара саналады. Бұл түйткілді шешу үшін
ҚОҚМ өзінің заңдылықты сақталуын бақылау жөніндегі бөліміне лицензия-рұқсаттардың
күшін тоқтатып қою немесе еңбек əрекетіне уақытша тиым салу сияқты тетіктерді қолдануға
кеңес берді. Аталған санкциялардың қаржылай нəтижесі мен іс-əрекетке ықпалы зор болды.
Сəйкессіздікке жауаптың осы стратегиясы бойынша 2006-шы жылы еңбек əрекетіне тиым салу
2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.
Бір ғажабы, аталған уақыт аралығында айыппұл
жинау 10 есе өскен. Қоршаған ортаны ластағаны үшін түсімдер мен ақшалай айыппұлдар
жинауға келгенде, ондағы жауапкершілік алаңдаушылық туғызады, өйткені көптеген
инспекторлар мен басшы қызметтегілер алғашқы орынға қаржылық масқаттарды қояды.
Əкімшілік сəйкессіздіктерге қатысты шешімдер 15 күн ішінде қабылдануы керек. Бұл
мерзім
бір айға дейін созылуы мүмкін. Он күн арасында шағым беруге болады. Айыппұлдар 30 күн
ішінде төленуі шарт. Басқаша жағдайда төлем əкімшілік соттар арқылы өндіріп алынады. Бұл
жерде əкімшілік шешімді іске асырғаны үшін қосымша төлем қарастырылмаған.
Инспекторлардың əкімшілік санкцияларды қолдану өкілеттілігі шектелгеніне қарамастан,
Əкімшілік заң бұзушылық туралы Кодексте айыппұлдардың тек жоғарғы жəне төменгі
шектері белгіленгеніне байланысты өзімбілемдікке жол беріліп қоюы мүмкін. Мұнымен қатар
Кодекс айыппұлдар салу хұқығын лауазымды тұлғаның шенімен байланыстырып қойған.
Инспектор жеке тұлғаға 10 айлық көрсеткіш мөлшерінде, өкілетті тұлғаға 25, ал заңдық тұлғаға
150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға хұқылы. (1 айлық есептік көрсеткіш
2006 жылы 1093 теңге болды) Ал бас инспектор жеке тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш
көлемінде, өкілетті тұлғаға 150, ал заңдық тұлғаға 1000 айлық
есептік көрсеткішке дейін
айыппұл салуға хұқылы. Айыппұлдар жинаудан заңсыз пайда көру ықтималдығын зерттеп
отыратын сараптамалық құралдар да жоқ. Осылайша қолданылып жүрген айыппұлдар салу
санкциялары көп жағдайда теңгерілмеген...Өзімбілемдіктің бұдан да үлкен үлгісі еңбек
əрекетіне тиым салу мақсатында сотқа шағым түсіруге байланысты шешімдерден көрініп
қалып жатады. Осындай санкцияларды қолданудың нақты межелері (критерийлері) жоқ.
Экологиялық заң бұзушылықтардың тек 1 пайызы ғана қылмыстық жауапкершілік ретінде
қарауға жатады екен (бұл табиғат қорғау жəне ластаумен байланысты
қылмыстар бойынша
орташа көрсеткіш; соңғы аталған өрескел заң бұзушылықтар олардың қылмыс екенін
дəлелдеудің қиындығына байланысты сирек кездеседі). Экологиялық қылмыс түрлері
Қылмыстық Кодекстің 11-ші бабында сипатталған.
Қылмыстық Кодекске сəйкес, осындай
қылмыстарға қарсы мынадай санкциялар: (a) айыппұлдар; (b) қызметінен айыру немесе белгілі
бір еңбек түрімен
айналысу хұқығынан айыру; (c) еңбекпен түзеуге салу; (d) жеке бас
бостандығын шектеу; (e) қамауға алу; жəне (f) түрмеге жабу қолданылады. Қылмыстық істер
бойынша мəжбүрлеу құқықтарын пайдалану істің тек сотта қаралуы арқылы іске асырылады.
Қылмыстық істер азаматтардың шағымдары немесе құзырлы экологиялық яғни құқық
қорғаушы ұйымдар ұсынған айғақтар негізінде қозғалады. Орта есеппен, экологиялық бақылау
орындары қозғаған істердің 40 пайызына айыптау үкімі шығарылады. Қылмыстық Кодексте
корпоративті жауапкершілік қарастырылмаған.