Информатиканы оқыту әдістемесі


Информатика кабинетіне қойылатын санитариялық-



Pdf көрінісі
бет100/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
pdf24 converted 3

5.2. Информатика кабинетіне қойылатын санитариялық-
гигиеналық талаптар 
5.2.1. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру
Гигиеналық 
талаптарға 
сәйкес, 
оқушылрдың 
жұмыс 
орындарына келесілер кіреді: жұмыс аймағы (оқушылардың оқу 
үстелдерін орналастыру), мұғалімнің жұмыс аймағы, оқу-көрнекі 
құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қоюға 
арналған қосымша кеңістік, оқушылардың жеке оқуына және ықтимал 
белсенді әрекетіне арналған аймақ. 
Оңтайлы орналастыруға қойылатын негізгі талаптар:  
1) оқушылардың, мұғалімнің және жабдықтардың жұмыс істеу 
қауіпсіздігі; 
2) оқушыларға арналған жайлылық; 
3) сабақты басқару, оқытудың түрлі формаларын үйлестіру, 
бақылауды ұйымдастыру жағынан алғанда, мұғалімнің ыңғайлы 
орналасуы;
4) қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуге ыңғайлылық; 
5) кабинет ауданын оңтайлы пайдалану.
Оқушылардың жұмыс орнының (ОЖО) оңтайлы саны
сыныптың толуына байланысты, 9-дан 15-ке дейін болуы керек. Білім 
беру саласының іс жүзіндегі жағдайын ескерсек, информатика 
кабинетінде бір немесе төрт-бес компьютер негізінде оқыту 
технологиясын әзірлеу қажет деген пікір бар.
Оқушылардың жұмыс орнын (ОЖО) орналастырудың негізгі 
нұсқаларын қарап, бағалап көрейік, ол мына тәсілдермен іске асуы 
мүмкін:
а) қатармен – бұл жағдайда үстелдер дәстүрлі түрде 
орналастырылады (5.1-сурет, а). 
б) ортада орналастыру – ДЭЕМ қойылған екі қатарлы 
үстелдер кабинеттің ортасына қойылады, экрандар қарама-қарсы 
орналастырылады (5.1-сурет,б). 


159 
в) периметр бойы орналастыру бұл жағдайда ДЭЕМ 
қойылған 
үстелдер 
кабинет 
қабырғаларының 
бойымен 
орналастырылады (5.1-сурет,в). Орналастырудың бұл нұсқасы 
санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына неғұрлым сәйкес 
келеді.
5.1-сурет. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру 
нұсқалары 
Еңбек қауіпсіздігі тарапынан және жұмыс кезінде жарық 
түсірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, 
оңтайлы нұсқасы ЭЕМ тұрған жұмыс үстелдерін периметр бойы 
орналастыру болып табылады, бұрышта орналасқан екі көршілес 
үстелдің арасы кемінде 2 метрден тұруы қажет.
Информатика 
кабинетінде 
қатармен 
орналастыру 
ұсынылмайды, себебі іс жүзінде ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасына
2 метрден қамтамасыз ету өте қиын.
ДК және ЕМ пайдаланушылардың бір жұмыс орнына 
электронды-сәулелі түтік негізінде (бұдан әрі – ЭСТ), соған қоса бой 
жазу объектілеріне арналған аудан, қатармен орналастырғанда  6 м


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет