Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет70/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Е с к е р т у : [2] әдебиеті негізінде автормен құрастырылған 


220 
- Өсімдік шаруашылығында мыналар: бидай, арпа, жүгері, майлы тұқым. 
- Мал шаруашылығында келесілер: сиыр, жылқы, шошқа еттері және сүт 
өнімдері (кесте 3). 
Мәліметтерден байқағанымыздай, бұл саладағы экспорт пен импорт 
жағдайы қуантарлық емес. 2014 жылғы мәліметтермен салыстырғанда, 2015 
жылдағы импорттық өнімдер үшін көрсеткіш төмен деңгейде. 
Мұндағы мәселе еліміздегі экспорт көрсеткіші жылдан жылға 
төмендеуінен басқа елге импортқа тәуелділігімен түсіндіріледі. Импорт 
өнімдері ішінен артып келе жатқан: астық, қайта өңделген астық өнімдері, 
картоп, жеміс-жидек және өсімдік майы. Дәл осы өнімдер экспорт өнімдер 
деңгейін төмен түсіруде. Импорт көлемінің жоғарылауы ел экономикасы 
көрсеткіштерін артқа тартады. Бұның себебі 2015 жылы Ресей валютасының 
төмендегенінен болды. Өйткені, көрші мемлекет валютасының төмендеуі біздің 
елге импортталатын тауарлардың артуы және арзан бағада келуі отандық 
өнімдерді өткізудің мәселесіне келіп тоқталады.
Ішкі нарықты еліміздегі отандық өніммен қамтамасыз етудегі мәселелер 
келесідей: 
- нарықта бәсекелестік ортаның көп болуы; 
- Ресей және Украина елдеріндегі астықтың көбеюіне байланысты астық 
өнімдерінің төмендеуі; 
- сыртқы нарықты дұрыс талдамау; 
- ірі экспорттық партиялардың жоқтығы; 
Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы SWОT талдау арқылы 
қорытындылануы (кесте 4). 
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы саласын дамытатын болсақ, дамыған 
мемлекеттермен бәсекеге қабілетті жоғарлатамыз. Бұл саланың өркендеуі 
еліміздің алдағы уақытта дамуына алып келеді. Сол себепті ел экономикасының 
маңызды бірден-бір саласы. 
Қазақстанның экономикасын дамыту үшін ондағы халықтың жағдайын 
жақсарту керек. Халықтың өмір сүру деңгейі бірінші азық-түлікпен қамтамасыз 
етілуінде, яғни, аграрлық сектордың дамуы. Ал, аграрлық секторды өркендету 
үшін ондағы мәселелерді қарастыру және жою керек. Қазіргі күндегі аграрлық 
саладағы мәселелер негізгі мына бағыттарда: экспорттық және импорттық 
әлеует, жер ресурстары, мал шаруашылығы, органикалық өнім, техникамен 
жарақталуы, көліктік-логистикалық инфрақұрылым және т.б.
Сайып келе, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің 
дамуына мынадай бағыттар арқылы реттеу керек:
1. Ауыл шаруашылық кооперативтерін одан ары жетілдіру. Жетілдірудің 
қаржылық емес бағыттары – кооперативтердің білімділігін дамыту кооператив 
басшыларын және кадрларды даярлау үшін аграрлық саладағы оқу орындарына 
арналған оқулықтар мен материалдарды дайындау, аграрлық сала ЖОО мен 
колледждерде оқылуы тиіс пән ретінде аграрлық сала кооперациясының 
экономикасы және ұйымдастыру бойынша курсты кіргізу, сонымен қатар жеке 
қосалқы шаруа қожалықтарының білімін жетілдіру курстары мен семинарлары 
қатысушылары негізінде аграрлық сектор субъектілерін мәліметпен қамту 


221 
шараларына өтеусіз негізде қосу, осы сала оқу орындары, сол мақсаттағы 
университеттер және білім беру орталықтары кезінде білімдерін жетілдіру 
жүйесі арқылы аграрлық құрылымдар, орталық және жергілікті атқарушы 
органдардың ауыл шаруашылығы кооперациясы негізінде білімдерін жетілдіру. 
Кесте 4 - АӨК саласын SWОT талдау 
 
Күшті жақтары 
Әлсіз жақтары 
Жыртылған жер бойынша еліміз дүние жүзінде 
екінші орында;
Қазақстан астық пен ұн бойынша ірі 
экспорттаушылардың қатарына кіреді; 
Ауылда тұратын тұрғындардың жоғары деңгейі 
(барлық халықтың 45%-ы), осы салада жұмыс 
жасайтын халықтың жоғарылығы (жұмыспен 
қамтылған халықтың 19%-ы); 
Орта Азия елдері мен ТМД елдері ішінде азық-
түлік өнімдердің нарықтағы сұранысының 
көптігі; 
Аграрлық сектордың жалпы ішкі өнімдегі 
тұрақты түрде өсіп отыруы; 
органикалық өнім өндірісі мен экспортының 
жоғары әлеуеті 
инвестицияның тартылу деңгейінің осы салада 
артуы 
Нарықта экспорттық сауданың төмен 
көрсеткіштері, осыған сәйкес импортқа 
деген тәуелділік; 
тәжірибелік-конструкторлық және 
ғылыми-зерттеу жұмыстарды жасаудың 
деңгейінің нашарлығы;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және 
ветеринария саласының төмендігі; 
өзін-өзі ақтау мерзімінің ұзақтығы; 
табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік; 
қор қайтарымының төмен деңгейі;
өнімнің өзіндік құнның артуы; 
мал шаруашылық кәсіпорындарда 
рентабельділік деңгейінің төмендеуі 
Мүмкіндіктер
Қауіп-қатерлер 
тамақтану құрылымының өзгеруіне және халық 
санының өсуіне байланысты бұл саладағы 
өнімдердің барлық түрлерінің шығарылымын 
көбейту мүмкіндігі; 
ауыл шаруашылығы кооперативтерін және 
АШТӨ-ні тиімді мемлекеттік қолдауды 
ұйымдастыру;
экспорт және перспективті салалар бойынша 
жеткізілімдер жүйесін көлемін кеңейту 
табиғи-климаттық жағдайлардың 
жағымсыз өзгеруі, ауа-райы 
мәліметтерінің тұрақсыздығы; 
табиғи ортаның ластануы; мал 
шаруашылығындағы және өсімдік 
шаруашылығындағы аурулардың таралуы; 
ДСҰ-на кіруге байланысты жекелеген 
өнімдер негізінде халықаралық 
нарықтардағы бәсекелестіктің артуы; 
саланы мемлекеттік реттеудің тиімсіз 
тәуекелі 
Е с к е р т у: авторлардың зерттеуі нәтижесінде құрастырылған 
2. Елдегі нарықты отандық өніммен қамту. Елдегі сауданы өркендету 
үшін аймақтық реттеу қорларын ұйымдастыру және қолданудың қолданыстағы 
механизмінің тиімділігін күшейту, бұларды қалыптастыру бойынша 
қызметтерді жергілікті атқарушы органдарға тапсыру. 
Балықтардың бекіре тұқымдастарының көлеңкелі саудасын жою 
негңзңнде генетикалық паспорттандыру механизмін кірістіру. 
Карантиндік, 
кедендік, 
санитариялық-эпидемиологиялық, 
ветеринариялық-санитариялық, және өзге операцияларды көздеу керек. 
3. Экспорттық позицияны өркендету. Тиісті бағыттар: 
– сыртқы жағдайды саралау және өнімге сұранысы жоғары елдер үшін 
тиімді жол картаны қалыптастыру; 


222 
– АШТӨ-ден өнімді форвардтық төлем жасау және ірі экспорттық 
партияларды ұйымдастыру. 
4. Елдегі нарықты толтыру және экспорттық позицияны жүзеге асыру 
мақсатында аграрлық сектор өнім өндірісін өркендету. Аграрлық сектордың 
жетілуі осы сектор өнімдер өндірісінің өнімділігін жоғарылытуға, өндірістік 
және өңдеуші бағыттар жағдайын дұрыстауға және көп мерзімді маңыздылықта 
мемлекеттің экспорттық жағдайын жоғарылатуға бағытталу керек. 
5. Аграрлық сектор өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсіптерін 
жетілдіру. Өңдеуші өнеркәсіпті арттыру үшін дүниежүзілік жағдайдағы 
бәсекеге қабілетті дара өндірістік ұйымдарды жетілдіру үшін барынша көмек 
көрсету, солардың ішінде керекті инфрақұрылымды тиімді жүзеге асыру, 
сонымен қатар қосылған құны жоғары тауарды экспорттау үшін тиімділік пен 
экономикалық қызметті қамту арқылы іске асыру керек. 
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі 
тауарларын ұлттық және экспорттық маркасын қалыптастыру, үстіндегі құны 
көп қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі тауарларынының экспортын қолдауды 
жетілдіру керек. 
Өңдеуші өнеркәсіпті тез жетілдірудің қорытындысында білімді, ғылымды 
керексінетін экономикаға ауысуды іске асыру мақсатында технологиялық база 
жасалу керек. 
6. Мемлекеттік көмектің қаржылық шараларын тиімді қолдану. 
Субсидиялар тиімділігін жоғарылату және агроөнеркәсіп тауар өндірушілерін 
мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен мейлінше қамту үшін субсидиялау 
өлшемдері мен жүйелерін егжей-тегжейлі түсіндірмесі пайдаланылану керек. 
Субсидиялар шаралар бойынша сұранысы жоғары болатын тауарлар өндірісін 
қолдауға негізделу керек. Сонымен қатар, көп мерзімді қаржыландыруға, соның 
негізінде дүниежүзілік даму институттарын тарту есебінен, тиімділік қамтылу 
керек. 
7. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру. Аграрлық сектордың 
қайта өңделген өнімді өткізу бойынша жолдарды ұлғайту негізінде азық-
түліктің үлкен партияларын жетілдіру және оларды Қазақстан нарығына және 
экспортқа деп үлестіру мақсатында көтерме-тарату желілерін қалыптастыру 
керек. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1 «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа 
мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж. 
2 Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ресми 
дереккөздер базасы: httр://www.stаt.gоv.kz.  
3 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ресми 
интернет-ресурсы httр://mgоv.kz/kz. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет