Бұлшықеттің жиырылуы
Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу.
Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының
қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы). Жүрек еті мен кейбір бірынғай
салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық
қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің
әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми
қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне
байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етгі адам (жануар) өз еркімен
жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық
қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса
немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы
өзгеріп, семіп қалады.
<дата/время>
<нижний колонтитул>
6
–
Орыстың атақты анатомы П.Ф.Лесгафт (1880) көлденең жолақты бұлшық еттердің
қызметін зерттеп, олардың статикалық (тік ұстау) және динамикалық (қимылдау)
жұмыстарына бөлінетінін анықтаған.
–
Статикалық бұлшық еттер өте күшті болғандықтан талшықтары ірілеу, өздері қысқа,
қиғаш орналасқан, қан тамырларына бай, түсі күрең-қызыл болып келеді және
жиырылу жылдамдығы баяу, тез шаршамайды. Бұл еттер дененің алға тарту салмақ
күшіне кері әсер етуінің нәтижесінде дененің тік тұруына әсер етеді.
–
Динамикалық бұлшық еттер ұзын талшықты, беку беттері кең емес, қан тамырлары
аз болады. Сондықтан түстері ашық-қызыл. Бұл еттер статикалық еттерге қарағанда
тез жиырылып, тез шаршайды. Бірақ кем болғанымен алуан түрлі күрделі қимылдар
жасайды.
<дата/время>
<нижний колонтитул>
7
Орыстың атақты анатомы П.Ф.Лесгафт (1880) көлденең жолақты бұлшық
еттердің қызметін зерттеп, олардың статикалық (тік ұстау) және
динамикалық (қимылдау) жұмыстарына бөлінетінін анықтаған.
Статикалық бұлшық еттер өте күшті болғандықтан талшықтары ірілеу,
өздері қысқа, қиғаш орналасқан, қан тамырларына бай, түсі күрең-қызыл
болып келеді және жиырылу жылдамдығы баяу, тез шаршамайды. Бұл еттер
дененің алға тарту салмақ күшіне кері әсер етуінің нәтижесінде дененің тік
тұруына әсер етеді.
Динамикалық бұлшық еттер ұзын талшықты, беку беттері кең емес, қан
тамырлары аз болады. Сондықтан түстері ашық-қызыл. Бұл еттер
статикалық еттерге қарағанда тез жиырылып, тез шаршайды. Бірақ кем
болғанымен алуан түрлі күрделі қимылдар жасайды.
<дата/время>
<нижний колонтитул>
8
●
Бұлшықеттердегі көмірсулардың алмасуы тыныштық кезінде көмірсулардың
гликогенге айналуын ал күшті жұмыс істеген кезде осы гликогенді және қанмен
түсетін глюкозаны энергия көзі ретінде жұмсауға бағытталған. Дегенмен негізгі
энергетикалық мұқтаждықтар барлық бұлшықеттер үшін майлардың тотығуы
нәтижесінде түзілген жоғары май қышқылдарының β – тотығуымен қамтамасыз
етіледі. Жоғары май қышқылдары митохондрияға, яғни β- тотығу жүретін жүрге
карнитиннің көмегімен жеткізіледі. Ал жүрек бұлшықеті қызу жұмыс кезінде, сүт
қышқылдарын тотықтыру арқылы да энергиямен қамтамасыз етіледі. Сүт
қышқылы жүрекке қаңқалық бұлшықеттерден қан арқылы түседі. Жоғары май
қышқылдарынан басқа бұлшықеттер, әсіресе жүрек еттері бауырдан қан арқылы
түсетін кетондық денелерді қолдана алады.
<дата/время>
<нижний колонтитул>
9
●
Бұлшықеттердің негізгі топтары
●
Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау
бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда
төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады.
Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы
жағына бекінеді. Ыммен адам қуануды, ренжуді, ашуды және т.б. білдіреді.
«Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деген ұғым осыған байланысты
айтылған. Ауыздың айналасындағы бұлшықеттер - ауызды жұмуға, көздің
айналасындағы бұлшықеттер қабақты жабуға қатысады. Көздің айналасында
қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді.Мойынның бұлшықеттері бас
пен мойынды бұруға көмектеседі.
<дата/время>
<нижний колонтитул>
10
●
Тұлғаның бұлшықеттері - орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың
бұлшықеттері деп бөлінеді
●
Арқа бұлшықеттері: трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ, пішіні үшбұрышты,
арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға
бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы
жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді. ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы
жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді.
Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.Арқаның бұлшықеттері бірнеше
қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды
қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға,
оң жаққа, сол жаққа иілтеді.
<дата/время>
<нижний колонтитул>
11
●
Достарыңызбен бөлісу: |