Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет11/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   615
3-106-2015-2-chast

ФИЛОСОФИЯ / ФИЛОСОФИЯ
Д.С. Болысбаев, Н.С. Файзиев, Ж. Сындарова
Бейнелеу өнеріндегі кеңістік пен уақыт 
көрінісі.......................................................................483
Қ.Р. Қаратышқанова
Қоғамдық теория ретінде Ибн Халдунның «Умран» 
ілімі турасында.........................................................488
А.Сайлаубек қызы
Ұлттық сана мәселесі: патриотизм және 
толеранттылық.........................................................493
А.Ө. Тұрсынбаева 
Гасан бек Зардабидың қоғамдық-саяси
идеялары...................................................................498
Ш.Қ. Уралбаева
Әл-Фараби философиясындағы «Бақыт» 
мәселесі.....................................................................505


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
6
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
ПЕДАГОГИКА ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ
ӘОЖ 378 (73) – 057.875
Ж.Е. АБДЫХАЛЫКОВА 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторы, Астана қ.
АҚШ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРГЕ 
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ – ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ҮДЕРІСІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ
Мақалада АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің маңызды элементі 
ретінде танылған, академиялық эдвайзер, тьютор бағдарламаларының ұйымдастырылу ерекшеліктері, 
функциялары, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттырудағы рөлі анықталған. 
Түйін сөздер: АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесі, студенттерге академиялық қолдау көрсету,
академиялық эдвайзер,тьютор. 
Заманауи АҚШ университеттерінде АҚК орталықтары, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттырудың, 
оңтайландырудың, студенттің жеке оқу траекториясы мен білім алушы ретіндегі белсенділігін 
қалыптастырудың бірден бір механизмі ретінде қарастырылады. 
ҚР университеттеріне бейімдеп 
тәжірибеге қолдану мақсатында, студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының 
уақыт талабында бәсекелестіктен көрінетін, озық бағдарламаларының мәнін, ұйымдастырылу 
ерекшеліктерін, университеттің оқу-тәрбие үдерісінде алатын орнын, студент, оқытушылар үшін 
маңыздылығын, қажеттілігін анықтауды міндет еттік. Себебі, ҚР кредиттік оқыту технологиясына 
көшу нәтижесі ретінде, еліміздің ЖОО-да эдвайзер, тьютор сияқты қызметтер ендірілуде. Бұл 
бағдарламаларды АҚШ тәжірибесінің негізінде жан-жақты талдау, студентке академиялық қолдау 
көрсету үдерісінің қазақстандық моделін негіздеуге мүмкіндік береді деп тұжырымдаймыз. Осы 
орайда, академиялық эдвайзер, тьютор, бағдарламаларына, жан-жақты теориялық талдау жүргізу 
қажет етеді.
1. Академиялық эдвайзер бағдарламасы (Academic Advisor). 
АҚШ университеттеріндегі 
академиялық эдвайзер бағдарламасы, 19 ғасырдың аяғында, Чарльз Элиоттың (Charles Eliot) оқу 
пәндерін таңдауға мүмкіндік беретін, ашық-құрылымды оқу жоспарының инновациялық жүйесін 
енгізуімен қарқынды тәжірибеге енгізілді. 
1972 жылы АҚШ ғалымдары B.B. Crookston және Т.O’Банион академиялық эдвайзерлердің, 
студенттің тек қана оқу пәндерін таңдау іс-әрекетінің бет-бейнесін түбегейлі өзгеріске ұшыратқан, 
«дамытушы» (developmental) эдвайзер моделін көпшілік академиялық қауымға таныстырды. 
Ұсынылған модельдер академиялық эдвайзерлердің кеңес беру үдерісін кәсібилендіруге, оны 
студенттің дамуы мен кәсіби қалыптасуына жауапты маман тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік 
берді. 
Т.O’Банион өзінің «Академиялық эдвайзер моделі» (An academic advising model) атты 
классикалық мақаласында «дамытушы» эдвайзердің моделін теориялық тұрғыдан негіздеп, оның 
жоғары оқу орындарындағы кәсіби іс-әрекетінің келесі бес өлшемін (the dimensions of the process of 
academic advising): 
1. білім алушылардың өмірлік мақсаттарын зерттеу;
2. мамандық бойынша (карьералық) мақсаттарын анықтау;
3. негізгі (major) және қосалқы (minor) мамандандыруды іріктеу;
4. оқу курстарын жоспарлау; 
5. студенттің сабақ кестесін құру ажыратты, сонымен қатар академиялық кеңес беру үдерісінің 
үш бағытын:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет