Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет29/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
дулат исабеков

модальділік деген екі семантикалық қабатын көрсетеді. Пропозицияшындық 
өмірдің сөйлесім мазмұнында болуы, ал модальділік – сөйлеушінің берілген 
ойға қатысы. Себебі адам өзімен өзі сөйлесе алмайды. Ол белгілі бір мақсатты 
жүзеге асыру үшін қарым-қатынасқа түседі, яғни бұл үдеріс екі адамның 
арасындағы сөйлесу, яғни диалог арқылы жүзеге асады. Демек, сөз, субьект, 
диалог (коммуникация) бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Сонымен қатар 
ғалым осы зерттеу жұмысының өзегі болып табылатын автор – кейіпкер – 
оқырман үштағаны жөнінде зерттеулер жүргізген. Ғалымның өз сөзімен айтар 
болсақ: «Адам тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана емес, қарсы жақ 


57 
тыңдаушының қызығушылығын оятып, оның реакциясын туғызу үшін де 
қолданады. Яғни хабарды жай жеткізу ғана емес белгілі бір түрде тыңдаушыны 
қабылдауға итеретін құралдарды пайдалана отырып жеткізу көзделеді. 
Сондықтан тілдің прагматикалық аспектісін зерттеу ықпал етуші тіл бірліктерін 
тілдің әр деңгейінде анықталуын қажет етеді» [95]. Демек, жазушы - көркем 
шығармаларда түрлі тілдік бірліктерді қолдану арқылы автор – кейіпкер – 
оқырман арасындағы прагматикалық байланысты орнататын тұлға.
Ұлттың танымдық деңгейін танытушы көркем тілдік құралдардың бірі – 
мақал-мәтелдер. Б. Динаеваның «Қазақ мақал-мәтелдерінің прагма-когнитивтік 
аспектісі» монографиясында қазақ мақал-мәтелдерінің когнитивтік мәні 
қарастырылған. Ғалым мақал-мәтелдің бойында ұлттық танымға тән 
мазмұнның таңбалануы, ең алдымен, тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі 
қоғамда қалыптасқан үш түрлі қызметін жүзеге асыратынын атап көрсетеді. 
Олар: қатысымдық (қоғам мүшелерінің өзара түсінісуі, пікір алысуы үшін 
қажетті қызметі), эстетикалық (көркем шығарма тіліне тән, адам баласына 
образ арқылы әсер ететін эстетикалық қызмет), кумулятивтік (тілдің ғасырлар 
бойы жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп 
отыратын игілікті қасиеті) қызметі [96, 9 б.].
Көркем мәтінге талдау жұмысын жүргізгенде осылардың ішіндегі 
эстетикалық қызмет негізге алынады. Жазушының сөздік қолданысындағы 
қазақ халқына тән мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, тұрақты тіркестер, еркелету, 
жекіру сөздері сөздерді, ұйқастыра сөйлеу арқылы, соған сәйкес 
грамматикалық категорияларды қолдануы оның дискурсын қалыптастырып, 
соның негізінде ақын-жазушының шығармаларында белгілі бір мақсатты 
орындау үшін мақал-мәтелді ұтымды қолдану шығарманың көркемдігін 
арттырып, оқырманмен, зерттеушімен байланысын нығайтады. Осыған орай 
жазушы қашанда сөз саптауда, ойын жүйелі жеткізуде оқырманның ойын, 
қабылдауын ескереді. Демек, көркем мәтінде қазақтың өзіне ғана тән 
танымымен ұштас ұлттық ділі, ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне
табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты қазақ халқының дамып, 
қалыптасқан ұлттық мінезі, түсінігін айшықтайтын мақал-мәтелдерді қолдану 
шығарманың прагматикалық діттеміне қызмет етеді. 
Баспасөз, жарнама, т.б. тіліндегі прагмалингвистикалық сипат тәуелсіздік 
кезеңінде жаңғырып, дамыған, ұлттың қоғамдық-әлеуметтік өмірінің айнасы 
ұлттық баспасөз екені белгілі. Тарихы тереңде жатқан қазақ баспасөзінің тілін 
зерттеу қазақ үшін жаңалық емес. Десек те, қазіргі қазақ баспасөзін 
прагмалингвистикалық аспектіде қарастыру қазіргі таңда аса өзекті. Мысалы, 
Н. Дәулеткереева қазақ баспасөзіндегі қайталамалардың прагматикасын тану 
үшін, біріншіден, қазіргі қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытының 
даму, қалыптасу тарихына тоқталған. Екіншіден, тілдегі қайталамалардың 
көмегімен баспасөз тілінің нақты деректері негізінде адресант пен адресат 
факторларына прагматикалық талдау жасаған, қазақ баспасөзі мен көркем 
шығармалар мәтіндеріне салыстыру жүргізген. «Егемен Қазақстан», «Жас 
Алаш» сияқты орталық басылымдармен қатар, аймақтық деңгейдегі «Орал 


58 
өңірі», «Ана тілі», «Түркістан» сияқты газеттердің тілін бір-бірімен салыстыру 
жасап, олардың ерекшеліктеріне прагмалингвистикалық баға берген [97].
Бүгінгі ақпарат пен телекоммуникация дамыған заманда кино саласын, 
яғни кино тілін зерттеушілер де бар. Мәселен, Ш. Нұрмышева «Кинодискурс 
аудармасының 
коммуникативтік-прагматикалық 
сипаты» 
(2010) 
атты 
кандидаттық диссертациясында аударма теориясындағы «түпнұсқа шығарма – 
аудармашы – оқырман – әсер» жүйесіне негізделген «түпнұсқа фильм – 
аудармашы – дыбыстаушы – уақыт – көрермен – әсер» сынды жаңа жүйені 
ғылымға ұсынды. Кино әлемі де – көркем шығарма сияқты үлкен бір жүйе 
негізінде жасалатын дүние. Ғалымның пайымынша, «кино жанрларының 
көздеген мақсаты мен тілдік жеткізілуінің өзіндік ерекшеліктері мен 
айырмашылықтары оның коммуникативтік қызметін сипаттайды. Яғни 
прагматикалық әлеует – ақпараттың мазмұны мен оны жеткізудегі тілдік 
құралдарды таңдай білуге байланысты» [98]. Шынында да, қандай да бір терең 
мазмұнды немесе жеңіл мазмұнды киноның берер тәлімі, көрерменге ықпалы, 
әсері болуы керек. Ал сол терең мазмұн мен тәлім қандай бірліктер арқылы 
оқырманға жететіні сол кино тілі немесе кешенді сипаттағы дискурсы 
прагматиканың өзекті мәселесі болмақ.
Қорыта келгенде, көркем мәтінді прагматикалық аспектіде қарастыру 
арқылы тілдің қолданыстық жаңа қабаттарын, әлеуметтік жаңа қырларын ашуға 
мүмкіндік туады. Көркем мәтіндегі кейіпкердің тілін көркем шығармадағы 
автордың идеясы, автор қандай формада беріп, қандай таныммен жеткізуі 
шығарманың прагматикалық белгілерін танытады. Себебі көркем мәтіннің 
негізгі қазығы – автор, автор тұлғасы. Сондықтан автор – кейіпкер – оқырман 
үштағаны негізінде ғана көркем туынды адресатқа жетіп, антропоөзектік 
сипаттағы коммуникативтік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет