63
мен оқырман арасындағы байланыс үзіледі. Академик Р. Сыздықтың осы
тұжырымына дәлел болатын мына мәтіндегі оқиға еліміздің оңтүстігінде
суреттелген. Жазушы соған сәйкес кейіпкерлер тілінде диалектілерді қолданып,
оқырманға логикаға сай эпизодтарды ұсынған: «Ауық-ауық «ықы» деп қойып,
арба үстінде үнсіз келеді. «Осы иттер әке-шешеміз
бар-ау деп ойламайды ғой
деймін. Әйтпесе «қалайсыңдар?» деп сүт пісірімге келіп кетсе қайтеді
шіркіндер. Бір-екі қадақ қанты мен үнді шайларының, тіпті мылтықтарының да
керегі жоқ
жүдә, өздері көрініп кетсе нетеді. Қауын-қарбыздың сас боп пісіп,
ит жеп, ит жегенінен қалғаны шіріп жатысы анау. Осылар келеді, осылар жейді,
осылар рахатын көреді деп көктемнің көк өзегінде бүгілген белді бір жазбай
ертеден қара кешке дейін төккен терімнің бекер болғаны ма? Келеді деп күнде
тосамыз,
дарбазаны жел сықырлатса да сендердің біреулерің екен деп елең ете
түсеміз» [93, 16 б.]. Қазіргі тіл білімінде
аймақтық лексика деп аталып жүрген
осы диалектілер көркем шығармада оқиғаның шындыққа жанасуы үшін
қолданылады. Бірақ автор өз шығармаларында жергілікті сөздерді орынды-
орынсыз, талғамай қолдана бермейді. Ол бірді-екілі
диалектілерді мақсатты
түрде таңдап алу арқылы, бір жағынан, көркем шығарманың шынайылығын
арттырса, екінші жағынан, сол шығарманың оқиға орнынан («географиялық
ортасынан») немесе кейіпкерлердің тұрғылықты
мекенінен хабар береді, әрі
олардың күнделікті тұрмыста әдеби тіл нормасынан гөрі ауызекі элементтерді
жиі қолданатындығын көрсету үшін қолданған. Мәселен, жазушының
«Ақырамаштан наурызға дейін» әңгімесіндегі
дуал, там, қоңсы, әулі, қоза,
Достарыңызбен бөлісу: