89
құралдары. Тілдің көркемдеуіш құралдары көбіне
көркем әдебиет стилінде
қолданылады. Д. Исабековтің шығармаларымен таныса келе, автордың
көркемдеуіш құралдарды ұтымды да, дөп қолдану арқылы шығарма тілін
ерекше қызықты да, дара етуін көреміз. Қазіргі кезде көркем мәтінді зерделеуде
автордың шеберлігі мен оқырманның қабылдауы
арасындағы байланыс
жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілуде. Автор өз туындысын оқырманға
бағыттап жазады. Автордың ойы, тілегі жүйеленіп оқырманға жетемін дегенше
бірнеше сатыдан өтеді. Демек,
автор мен
мәтін – ажырамас ұғымдар, себебі
мәтін – автордың кемел идеясының нәтижесі.
Автор – мәтін – оқырман
арасындағы байланысты зерттеуде мәтіннің артында тұрған болмыстан,
халықтық таным мен қазақи мәдениеттен
тыс ешқандай нәтиже шығаруға,
жаңалық ашуға болмайтыны байқалады. Яғни әрбір мәтіннің семантикалық
кеңістігі – ұлттық дүниетанымның көрінісі.