Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
дулат исабеков

Прагматикалық қызмет – субьектінің қоғамдық қатынастардың 
ықпалымен сөйлеушінің коммуникация кезінде қолданған амал-әрекеті.
Пропозиция – ойлаудың тұтас субъектілік-предикаттық құрылымдары. 
Олар кейбір ситуациялар мен олардың элементтерінің конфигурациясын 
бейнелеп көрсетеді. 
Пропозиционалды құрылымдар – барлық менталдық процестерге тән 
әмбебап элементтер. Адамның жады – өзара қиылысып жататын 
пропозиционалды ағаштар түріндегі аса ауқымды желі (сеть). 



Реалия – белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың 
материалдық, рухани мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін 
сөздер мен сөз тіркестері. 
Сема – мағынаның әртүрлі сөздердің мағыналарын өзара қатар қойғанда 
айқындалатын компоненті, дифференциал семантикалық белгі. 
Семантика – семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі, таңбаның 
таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы ішкі/символдық қатынасы типі;
Семантикалық өріс 

тілдік бірліктердің қандай да бір ортақ 
семантикалық белгісі бойынша біріктірілген жиынтығы.
Семиотика – таңбалар мен таңбалар жүйесін коммуникацияны жүзеге 
асыру құралы ретінде зерттейтін ғылым.
Семиотикалық кеңістік – тілдік таңбаның семантикалық ауқымын, 
прагматикалық әлеуетін және синтагматикалық бағыттылығын қамтитын 
ауқымды сала.
Синтагматикатаңбаны сөйленімдегі басқа таңбаларға қосатын 
қатынастар. 
Таным – болмыстың ойлауда бейнеленуі мен қайта еске түсірілу процесі. 
Оның нәтижесінде білімдер жинақталады. Бұл – ақпаратты қабылдау, түсіну, 
елестету, репрезентациялау және туындату жүйелерінің өзара әрекеттестігі. 
Таңба – таңбаланушы мен таңбалаушы арақатынасының екі 
жақтылығымен сипатталатын ақпараттың жасалу, жеткізілу және сақталуының 
материалды, 
вербалды 
құралы; 
таңбалаушы 
(тұрпат 
межесі) 
мен 
таңбаланушыны (мазмұн межесі) репрезенттейтін екі жақты материалдық 
бірлік. 
Типтік код – таңбаның заттық-ұғымдық мағынасы мен тілдің ұлттық 
спецификасы шеңберінде түрленіп отыратын прагматикалық мағынаның 
(коннотациялар, 
этномәдени 
компонент) 
және 
жүйеішілік 
тілдік 
(парадигматикалық және синтагматикалық) мағыналардың жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет