106
индивидтің материалдық және рухани құндылықтарды меңгеру нәтижесі»
[127, 74 б.]. Ал автордың рухани әлемін, оның ішінде өзіндік танымын, ішкі
болмысын, дүниеге деген көзқарасын, бір сөзбен
айтқанда аялық білімін тану
үшін ең алдымен көркем мәтіндегі автор бейнесін тану қажет.
Лингвистикада «аялық білім» туралы алғашқы ойлар Е.М. Верещагин мен
В.Г. Костомаровтың «Тіл және мәдениет» атты кітабында «лексикалық фон»
термині арқылы түсіндірілген болатын. Ғалымдар бұл ұғымды өзге тілдегі
мәтінді түсіну барысында қолданды. Авторлар болмыстағы заттар мен
құбылыстардың, яғни денотаттың мәнді белгілері мен қасиеттерін
семантикалық үлес (семантические доли) деген терминмен атайды. Қарым-
қатынас барысында өзге ұлт өкіліне денотат туралы бір-екі семантикалық үлес
белгілі болса, ана тілінде сөйлеп тұрған коммуникант оның бірнеше
семантикалық белгісін білуі мүмкін екендігімен түсіндіреді. Еңбекте
келтірілген тұжырымдар сөздің уәжділігімен (мотивировка) тікелей
байланыстырылады және белгілі бір сөздің уәжі көп жағдайда ана тілінде
сөйлеушіге (носитель языка) ғана айқын белгілі болады деген ойды негіздейді.
Бұл – сол сөздің лексикалық аясы. Е.М. Верещагин лексикалық фонға мынадай
анықтама береді: «Лексикалық ая – адамның
тіл арқылы жанама қызметіне
қатыспайтын сөз мазмұнының құрамдас бөліктері» [136]. Яғни лексикалық фон
дегеніміз сөзге қатысты әдеттегі тілдік санаға тән мәліметтердің барлық
жиынтығы. Верещагин мен Костомаров тұжырымдамасы бойынша әр сөздің
айналасында оған қатысты барлық ақпараттың тұтас кешені қалыптасады, ол
адамның ойында бірден пайда болмайды, бірақ уақыт өткен сайын ассоциация
үдерісінің арқасында жоспарсыз және саналы түрде іске асады.
Аталған зерттеушілердің
аялық білім идеясын дамыта отырып, оны адам
танымына қатысты қолданған алғашқы ғалым Г.Д. Томахин болатын. Ол аялық
білімді өзінің лингвоелтанымдық аспектідегі зертеу жұмыстарында кеңінен
талдап, бұл ұғымды белгілі бір этнос өкілінің сол халыққа тән географиялық,
тарихи, этнографиялық, бір сөзбен айтқанда, өлкетанымдық мәліметтерді білуі
деп түсіндірді. Бірақ ғалымның бұл тұжырымы аялық білімнің мәнін толық
ашып бере алмайды. Өйткені кез келген тарихи-географиялық білім өзге ұлт
өкілі үшін де қолжетімді бола алады [137].
Ұлттың өткен тарихы,
мәдениеті, дүниетанымы туралы білім қорын
танудың бірден-бір жолы сөз екені белгілі. Сондықтан «аялық білім» таза
лингвистикалық зерттеулерде де жиі көрініс таба бастады. Кейінгі зерттеулерде
бұл ұғымның аясы кеңейіп, оған берілген анықтамалар саны да артты. Мысалы,
О.С. Ахманова аялық білімге мынадай анықтама береді: «аялық білім – тілдік
қарым-қатынастың негізі болып табылатын сөйлеуші мен тыңдаушы
реалийлерін екі жақты білу» [5]. Қорыта айтқанда,
аялық білім дегеніміз – бұл
қарым-қатынас кезінде толық көріне бермейтін, ұлттың мәдениетімен,
тарихымен, салт-дәстүрімен байланысты экстралингвистикалық ақпараттар
жиынтығы. Лингвомәдениеттанушы ғалым Ә. Әлметова аялық білімді былай
түсіндіреді: «Мысалы, орыстар
«Отан» ұғымын
Волга өзенімен (Волга-
матушка), орыстың табиғатымен (русска зима, белая береза), орыстың жан
дүниесімен (русская душа), т.б. осындай жағдайлармен байланыстырады. Ал
107
қазақтар үшін
«Отан» қазақтың
ұлан-байтақ сары даласы, кең де мол
дастарқаны (еті, қазы-қарта, қымызы, қою күрең шайы), дархан көңілі,
мамыражай тірлігі. Біздің байқауымызша, жалпыадамзаттық білімдегі
халықтық рең мазмұнынан аймақтық және елтанушылық маңызы бар білімдегі
ұлттық бояу көрінеді» [115, 178 б.].
Д. Исабековтің аялық білімі оның шығармаларында осындай ұлттық бояуы
қанық, астарлы, символдық мағынадағы тілдік бірліктерді қолдана білуінен
көрінеді. Жазушы шығармаларымен танысу барысында мәтінде автордың
әртүрлі бейнеде жасалғанын көруге болады. Бір шығармада автор кейіпкер
кейпінде болса, енді біреулерінде автор әңгімелеуші ретінде көрінген. Ол
автордың автор бейнесін танытуға шеберлігі мен ыңғайына қарай жұмсалған.
Көркем мәтінде автордың әртүрлі ракурста
көрінуі жөнінде орыс ғалымы
И.А. Широкова
«Образ автора в художествонном произведении: отражение
отражаемого» [138, 103 б.] атты ғылыми мақаласында жан-жақты
қарастырған. Ғалым автордың оқиғаны І жақта суреттеуін үшке бөліп
көрсеткен: «
автор – баяншы; кейіпкер – баяншы; кейіпкер образында
жұмсалмайтын баяншы. Яғни
автор – баяншы кейіпкерлермен диалогке түсіп,
оқиғаға деген өз көзқарасын білдіре алады. Ал
кейіпкер – баяншы оқиға ішінде
болады. Үшіншісі, кейіпкер образында жұмсалмайтын баяншы басқа
кейіпкерлерді ғана емес, оқиғаны да, тіпті өзін де әртүрлі сипаттай алады.
Мысалы, Д. Исабековтің «Кемпірлер» атты әңгімесінде автор баяншының
көмегіне жүгініп, оқиғаны баяндауды соған ұсынады.
«Құлағы салпиған қара
күшік түнемеге там айналып шәуілдеп үріп шығады. Әліне қарамай ол да осы
үйді қориды, оған да осы үй қымбат. «Өй, әптің құрғыр!» – дейді әжесі
тыныш түнде ұйқысыз жатып. Бірақ, бұл кею емес, керісінше, оның бұл
үнінен: «Үй болып, түтін түтетіп отырғанымызға шүкір. Балам өліп, келінім
кетсе де жалғызымның көзіндей боп немерем қалды. Ішіме құса толып, өзіңе
тіл тигізген кезім болса кешіре гөр жаратқан, қуартып қу басымды
қалдырсаң қайтер едім. Немере сүйдіріп, ит асыратқаныңа, оны шәуілдетіп
үргізіп қойғаныңа құлдық» деген жоққа нысап, барға қанағат ризашылық
көңілін аңғаруға болар еді. Таң атқан соң бұлар да өзгелер сияқты өз
тіршілігіне кіріседі. Екеуі сөйлеп жүріп қорадағы үш малды, өріске айдайды,
итке быламық қайнатады. Сөйтіп жүргенде иығы бүлкілдеп сары самауыр да
қайнап, әжесі дастарқан жаяды. Күнде осы кезде дастарқан басында екі адам
отырады. Бір
жүзін әжім көмген қарт әже, екіншісі – уыздай балғын
немере. Барлық жастық шағы мен балғын дәуірін немересіне сыйлап әже
отырады, сол әженің арқасында жетімдік дегенді жете білмей, мәз-мәйрам
боп бала отырады. Сәлден кейін көрші кемпірлердің бірі кеп әңгіме құрады, не
«шай іш» деп ертіп кетеді. Шаңырағы астында қонақсыз, кісісіз отыра
Достарыңызбен бөлісу: