Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет67/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
дулат исабеков

Қобыландыға жандары ашыды, бір үйлі жанның үлкенді-кішісі, баласы-
шағасы боп киетіндері бір пар етік бола тұрып махаббат жолында мерт 
болған қайдағы бір Қозының тағдырына жылады.
Мұнда аты аталған Алпамыс, Қобыланды батырлардың, Қозы сияқты 
адал махаббат иесінің есімдері, яғни прецедентті есімдер, шығармада ерекше 
прагматикалық жүк арқалап тұр. Автордың прагматикалық ұстанымына орай 
қолданылған арнайы лексика құрамы да бүгінгі оқырманның аялық білімі 
дәрежесіне сай келе бермесі хақ. Біздің зерттеуімізге нысан болған көркем 
мәтіндерде ұлттық таныммен байланысты тілдік деректер көптеп жұмсалған. 
Ондағы әрбір есім мен атаудың астарында маңызды оқиғалар мен тарихи 
тұлғалардың өмірлері, қызметтері, идеялары жөніндегі ауқымды ақпарат 
қатталған. Осы аталғандарды автор жекелеген сөздер мен тіркестер немесе 
нақыл сөздер, прецедентті есімдер арқылы кодтау тәсілін кеңінен пайдаланған. 
Бұл шығармаларды оқи отырып, ондағы әрбір есімнің қолданылу сырына үңілу 
қажеттігін білдіреді.


115 
Д. Исабеков өз шығармаларында кеңес кезінде белгілі бір саяси-
идеологиялық себептермен қазақы салт-дәстүрлердің ұмыт бола бастағанын, 
адамдардың қазақы атаулардан қашқақтап, орыс немесе шет тілдерден ауысып 
келген кірме есімдерге құштар болуы «сәнге айналғанын» анық көрсетеді. 
Мысалы, қалада тұратын немесе ауылдық жерде тұрса да, орысша оқыған 
кісілердің басым бөлігі өздерінің қазақша қойылған есімдерін орысшаға 
бұрмалап, өзгертіп алатыны жиі кездескен жайт. Мұны 1960-70 жылдары 
туылған Күлбағданың – Катя, Тамараның – Тома, Сәуленің – Света, Қалибек 
пен Камалханның – Коля, Сауытбек пен Сәкеннің – Сашка, Амангелдінің – 
Алеша, Сапаркүлдің – Соня болып кетуінен де көреміз. Мұндай мысалдарды 
әрқайсымыздың таныстарымыздан немесе туыстарымыздың арасынан табуға 
болады. Тіпті қазақ ауылдарында жаңа туған баласына орыс есімдерін немесе 
шет тілдерден енген есімдерді қою жиі кездескен. Есімі байырғы қазақ 
лексикалық қорынан алынған кейбір адамдар өз атын айтуға арланатындай 
халге жеткені жасырын емес. Осылайша экстралингвистикалық факторлардың 
теріс ықпалымен қоғамдық сананың мәңгүрттену үрдісін бейнелейтін тамаша 
мысалды 
Д. Исабековтың 
«Бонапарттың 
үйленуі» 
атты 
әңгімесінен 
кездестіреміз. 
Бас кейіпкердің атын да жоғарыда айтылған «қазақша есімнен жеріну» 
үрдісінің тілдегі бір көрінісі ретінде санауға болады. Француздың «ұлы 
қолбасшысының» атын иемденген қазақ баласын ата-анасы кішкентай кезінде 
сүндетке отырғызуды «ұмытып кетеді». Ер жетіп, сүйген қызын жолықтырып, 
үйленуге бел байлаған жігіттің «әлі күнге мұсылман болмағаны» есіне түскенде 
бұл оқиға күллі жұрттың аузындағы «өзекті тақырыбына» айналады... Бүкіл 
елде байғұс бозбалаға күлмеген адам қалмайды...
Қазақта әке-шешенің ең басты парызының бірі саналатын «сүндетке 
отырғызуды» ұмытуға бола ма?! Әлбетте, жоқ! Бұл жерде жазушы сол тоқырау 
жылдарында орын алған «мода» ұғымының, оған жөнді-жөнсіз еліктеудің 
салдары қандай болатынын астарлап, имплицитті түрде жеткізіп отыр. 
«Моданың отаны» саналатын Франция жұртына жөн-жосықсыз еліктеу 
нәтижесінде қойылған баланың есімі оның тағдырына да теріс әсерін тигізіп 
үлгереді... Мәселенің түпкі мәніне үңілсек, бір қарағанда ешқандай зияны жоқ 
мұндай «сәнді есімнің» салдары кейін шығатыны аңғарылады. Бұл 

шындап 
келгенде, бұрынғы қазақ айтатын «қағынан жерінудің» бір көрінісі, яғни 
«біреудің қаңсығын таңсық көру» түптің түбінде өзінің тарихи тамырынан 
ажырауға әкелетін, таратып айтар болсақ, ұлттық болмысын жоғалтуға апарып 
соғатын көзсіздік, түйсіксіздік екен.
Шет елдіктерге еліктеп, алдыңғы қатарлы, озық ойлы болып көріну – 
адамның өзіндік «Менін» жоғалтуға бастайтын алғашқы қадам. Оның ар 
жағында өзін өзгелерден кем санау, қорыну, өзіндік бағасының төмендігі 
сияқты бірқатар әлеуметтік психологиялық факторлар бой көрсетеді. Бұл – 
ұлттық болмысқа, этникалық сарасанаға қауіп төндіретін, зиянды жайт. 
Қаламгер осындай күрделі, саяси астары бар өзекті мәселелерді импликация 
тәсілімен, яғни әңгіме кейіпкеріне француз есімін қою арқылы меңзеген.


116 
Егер француз халқының өкілдері осы есімді (Бонапарт) өз баласына қойса, 
бұл олардың шексіз патриоттық сезімінің көрінісі ретінде бағаланар еді. Мұны 
қазіргі кезде қандастарымыздың жаңа туған сәбиіне Фараби, Бейбарыс, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет