298
Бай айтар: «Саулық берсек кетер еді»,
Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек кетер еді»,
Мұхаммет үмбетіне жарапазан.
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы:
Жарапазан айтқанның сауабы бар,
Отыз күн оразаға жауабы бар,
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар?
Боз шұбар астымдағы шу, жануар,
Мұхаммет үмбетіне жарапазан!
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Бата. Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны
ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар – басы бар табақты
тартуға алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылады.
Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі.
М ы с а л д а р:
1. Құдай, оңда!
Оңға баста!
Абиыр бер!
Аман сақта!
2. Құдайым жарылқасын,
бай қылсын;
Төрт түлігін-сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Кең пейіл берсін!
3. Құдайым оңдасын!
Оңдағанның белгісі
Мың саулығың қоздасын!
Сексен інген боталап,
299
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
Бүткіл аруақтарға тие берсін!
* * *
4. Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа.
Бөденедей
жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін.
Тәңірі берген несібең
Тепкілесе, кетпесін.
Желіңнің
екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін.
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан
Қошақанның
анасы
Саулық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді!
Шудаларын
шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!
Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
(Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың
120, 126-ыншы нөмірлерінен қара).
Достарыңызбен бөлісу: