А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет47/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

жәнібек батыр
Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін 
қаракерей соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп 
кіріп келсе, қарттықтан жағын жібекпен таңып отырған адам 
екен, Жәнібекті көріп:
– Сен қай ұлсың? – дейді. 
Қошқар ұлымын, – деді.


160
– Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың 
ба? – дейді.
– Болармыз, – деді.
– Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? – дей-
ді.
– Осы жақта қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі 
ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, – деді.
– А-а! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап 
би болайын деген ұл екенсің. Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма, 
аймағың кетпес алдыңнан.
Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мың- 
ын алма, бірін ал, мың кісіге бір кісі олжа салатұғын! Олжаң- 
ды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға 
келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал. Жігіттің 
хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол. Қартайған 
соң өкінбе, ұлым! Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең – 
таяғың, қарның ашса – тамағың!
Мұнан шығып Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған 
деген биге келеді. Келсе, бидің елі көш екен. Көш үстінде кез 
болып сәлем беріп, ат үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай, 
бұл би де сұрайды: 
– Жаным, қай ұлсың?
– Қошқарұлымын.
– Ұлым, неғып жүрсың?
Жәнібек оған да айтады:
– Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын 
алып, бір-екі ауыз ақыл сұрамақшы едім, – деп.
– Е-е-е!, – деді би. Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы 
Жәнібегі алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып ке-
тейін деп едім десеңші.
Жәнібек:
Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой, 
– деп атының басын бұрып алып, жүріп кетеді. Анадай жер 
барғанда, би:
Әй, Жәнібек, – деп шақырады. Жәнібек артына қарайды. 
Сонда би:


161
– Атыңның басын бұрма, солай тұр! Жүзім кішілігінен бір 
ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. Өгізді өрге салма, қанатың 
талар, жаманға жүзің салма, сағың сынар, – депті.
МАзМҰн тҮрлері
Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлер 
үшеу: 1) әуезе; 2) әліптеу; 3) байымдау.
Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір 
жағынан ғана емес, әр жағынан алып, сөз қылуға болады. 
Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ я ол адамның істеген 
ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, 
кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз я болмаса 
ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының 
мәнісін, себебін тексере, байымдап сөйлейміз. Осыған қарай 
сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама 
болып шығады.
Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын 
түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сөзі. 
Әліптеме болатындары: «Абайдың әйелді сипаттауы», «Күзді 
әліптеуі»; Мағжанның «Толқынды сипаттауы»; Абайдың «Әнді 
сипаттауы». Байымдау болатыны – «Балғожаның баласына 
жазған хаты».
Көбінесе-ақ әуезе, әліптеме, байымдама шығарма ішінде 
аралас келіп отырады. Жоғарғы көрсетілген сөздердің қайсысы 
да болса, таза бір түрдегі мазмұнды емес. Мазмұн түрінің ара-
лас келетін шығарманың мысалы жоғарыдағы «Жәнібек ба-
тыр» деген сөз.


162
БІРІНШІ БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет