163
і. сӨз Қисыны
(Яки лұғат қисыны)
Сөз қисыны дегеніміз
– асыл сөздің асыл болатын заңдарын,
шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты
– асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін
танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөз-
дерінің үлгі-өнегелерімен
таныстырып, сөзден шеберлер не
жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету.
Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас.
Үй салуға мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ
болса, оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды.
Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-
жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен
де болады,
бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай
жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға
қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы
қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті, әдемі болып
шықпақ.
Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын
зат – сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, ды-
быстан құралып сөз жасалған. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау
сияқты сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі
болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан бо-
латыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны сөздің дыбы-
сынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса,
кірпіші
жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы
болып шықпайды. Сол сияқты сөздің дыбысы жаман болса,
дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды бо-
лып шықпайтыны рас, бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы
сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.
Сондықтан мәнісінің зоры кірпіштің қалауында,
жобаның
жасауында болған сияқты, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің
тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет
өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті, әдемі бо-
лып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікір-
ге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, әсерлі, әдемі
болып шықпақ. Жақсылап үй сала білу үшін сәулет өнерпазы
үй салуға ұсталатын заттардың сыр-сипатын, қасиетін жақсы
164
білу тиіс. Оларды тиісті орнына жұмсауын жақсы білу тиіс.
Кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен
үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білуі тиіс. Мұның
бәрін жақсы білу үшін сәулет өнерінің ғылымын жақсы білуі
керек. Сондай-ақ, сөзіндегі сөзден құрастырып қисынын кел-
тіріп, жақсылап бір нәрсе шығару үшін сөз өнерінің ғылымын
жақсы білу керек. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сипатын
тану, заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын
білу сияқты нәрсе. Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірі-
су – дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың
әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға
кіріскен сияқты болады.
Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады, сон-
дықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек.
Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс
яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап,
сөйлемді
тізе білу тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден
үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан
әрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде
иә жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін
білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Сөзді
қолдана білу – айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала
білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап
қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бір-
дей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім
әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікірін ай-
тып шығатын әңгіме түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де
әркім әртүрлі сөз қолданады. Мәселен, біреу «амансыз ба?»
деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсіз бе?» деп,
біреу «күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бәрінің де
ой, мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ
әркім әртүрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды.
Сол сияқты әркім пікірін сөз қылып шығарғанда да ана
тіліндегі сөздердің әрқайсысын әртүрлі қолданады. Қысқасын
айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше
тұтынады. Әркім өз қалауынша алып,
өз оңтайынша алып
тұтынған сөзі сол адамның сөзі болады.
Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу –
тіл
қисыны деп айтылады.