227
Төрт бунақты тармақ
Бір толарсақ, // бір тобық //
санда болар, // жар-жар! //
Қырық кісінің // ақылы // ханда болар, // жар-жар! //
Әкем-ай! // деп жылама, //
байғұс қыздар, // жар-жар! //
Әке орнына // қайын атаң // онда болар, // жар-жар! //
Жазғытұрғы // ақша қар // жаумақ қайда, // жар-жар! //
Құлын-тайдай // ойнаған //
оң жақ қайда, // жар-жар! //
Қанша жақсы // болса да // қайын атамыз, // жар-жар! //
Айналайын // әкемдей // болмақ қайда, // жар-жар! /
4. БУнАҚ БУынДАры
Жалғыз буынды бунақ өлеңде болмайды. Буын саны бунақта
екіден кем болмайды. Жоғарыда келтірген «Жар-жар» өлеңінде
бунақтың екі буындысы да, үш буындысы, төрт буындысы да
бар:
«Бір толарсақ» бунағы – 4 буынды, «бір тобық» бунағы – 3
буынды. «Санда болар» бунағы – 4 буынды, «жар-жар» – 2
буынды.
Қазақ тіліндегі жырдан басқа өлеңде көбінесе бунақтың екі-
ақ түрі жұмсалады:
1) Үш буынды бунақ. 2) Төрт буынды бунақ. Екі буын-
ды бунақ жар-жар түрімен жазылған өлеңдерде болмаса яки
Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңі сияқты сөздерде болма-
са, тіпті аз жұмсалады. Сондықтан төменде айтылатын сөздер
бунақтың жоғарыда айтылған екі түрі
туралы ғана баяндама
болады.
Достарыңызбен бөлісу: