А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет78/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

еКінШі БӨліМ
___________________________
і. ҚАрА сӨз Бен ДАрынДы сӨз жҮйесі
Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі көрнекі болады деп 
жоғарыда айтылған еді. Қайсысымен сөйлесек те сөйлеу бо-
лады, бірақ сөйлеуді негіз түріне қарай айыру қажет болған 
орында жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, 
көрнекі лебізбен айтылған сөзді жырлаутолғау дейміз. Сөйлеу 
де, жырлау да, толғау да бұл күндегі әдебиет алқасына кіретін 
жалаң лебізді және көрнекі лебізді сөздердің таптарын анық 
ашуға жарамсыз болғандықтан, жалаң лебізді сөздерді қара сөз 
деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. 
Әдетке қарамай, асылына қарағанда, «қара сөз» деген мен 
«сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір болып, «дарынды сөз» 
деген мен «жырлау», «толғау» дегеннің мағынасы бір болып, 
бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сөзді шығармалардың 
да, дарынды сөзді шығармалардың да түрлерінің өлеңдісі, 
өлеңсізі болады.
Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының 
көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз 
көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан 
табылады.
Әуез әдемілігі сөзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп 
тізуден болады. Күштілігі сөздің қалыпты мағынасының үстіне 
күш қосатын әдістерді істеуден болады. Бұлардың бәрі де тіл 
(лұғат) талғауы туралы сөйлеген жерде баяндалған. Бұл жерде 
айтып өтерлік бір нәрсе сөздің бірі жалаң, бірі көрнекі көрінуі 
неден екендігі, ол мынадан болады.
Жоғарыда айттық: жалаң сөз дегеніміз жалаң лебізбен 
айтылған сөйлеу орнына жүретін ұғым деп, көркем сөз де-
геніміз көрнекі лебізбен айтылған толғау орнына жүретін ұғым 
деп.


242
Сөзді жалаң түрінде айтқанда, күш көбінесе зейін жағына 
салынып, пайым терең, мағына күшті, пікір дәлелді болып, 
айтылған сөз адамның ақылына қонуы көбірек көзделеді.
Сөзді көркем түрінде айтқанда, күш көбінесе қиял мен 
қиыс (түйіс) жағына салынып, сүгіреті толық, меңзеуі мер-
ген, қисыны қызық болып сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы 
көбірек көзделеді.
Сөз ақылға қонады шындығымен, көңілге ұнайды өңі 
үйлестігімен, өң үйлесуін жарастық, келістік дейміз. Келістік 
көрік негізі екендігі өлеңді сөйлемдер туралы сөз болғанда ай-
тылды. Оны тағы қайтадан сөйлеудің қажеті жоқ.
«Сөздің көркі – мақал. Жүздің көркі – сақал» деген қазақта 
мақал бар. Мақал мен сақалдың мәні құр көрік болу емес. 
Олардың бірін сөзге, бірін жүзге көрік қылып теңеп отырған 
адамның ойы мен көңілі. 
Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда нәрсеге тиісінше ойлайды, 
иә көңілінің түйісінше ойлайды. Нәрсе түрлі сипатты болады. 
Ол сипаттарының біреулері бойына біткен сипат болса, екін-
шілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, 
нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, 
бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз.
Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл 
сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері 
ұнамайтын болар. Мәселен, жылы нәрсе, тегіс нәрсе, жұмсақ 
нәрсе адамға жағымды, сүйкімді болар да, суық нәрсе, 
бұдырмақ нәрсе, қатты нәрсе адамға жағымсыз, сүйкімсіз бо-
лар. Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін 
жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау 
емес, адам оз көңілінің түйісінше сипаттау болады. Сол сияқты, 
бір нәрсе туралы сөйлегенде, иә тиіс жағынан алып, иә түйіс 
жағынан алып сөйлейміз. Мәселен, кісі жайынан сөйлегенде, 
иә тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туы-
сын, тұрмысын, ісін айтамыз, иә түйіс жағынан алып, сүйетін, 
сүймейтінімізді, сыйлайтын, сыйламайтынымызды айтамыз.
Сол секілді, әннің дауысы тиіс жағы болады. Әннің бізге 
ететін әсері түйіс жағы болады.


243
Бір нәрсенің анығына жетіп, расына қанғымыз кел-
се, мәселен, бір уақиғаның анығына жеткіміз келсе яки бір 
адамның мінезін дұрыс білгіміз келсе, кілең тиіс жағынан ғана 
алып, түйіс қатыстырмасақ жақсы білеміз. Дұрысына жетеміз. 
Солай болған соң, нәрсені тиіс жағынан сөйлегенде, тиістік ке-
регі жоқ болып шығады. Көрік – нәрсенің түйіс жағы. Нәрсені 
тиіс жағынан сөйлегенде, түйіс керегі жоқ дегеніміз тиіс ту-
ралы сөйлейтін сөзге көрік керегі жоқ деген болып шығады. 
Нәрсенің тиіс жағы өзінде бар шын жағы; нәрсенің түйіс жағы 
өзінде жоқ, жабатын жала, қоятын кінә, таңатын өсек, тағатын 
таба, жағатын опа сияқты, адам апарып жапсыратын нәрсе.
Мақалдың мәні тек сөзге көрік болуда болса, сақалдың мәні 
тек жүзге көрік болуда болса, шындыққа ондай нәрселердің ке-
регі жоқ. Жағатын опа сияқты, тек көрік үшін ғана керек нәрсе, 
шындықтың жүзін күңгелейді, неғұрлым ашық, неғұрлым 
жалаңаш болса, шындық соғұрлым ашық, соғұрлым жарық 
болмақ. Шындықты көріктеу, шыныны әдемілеймін деп, бетін 
шимайлап, жарығын күңгірттеу болады. Шындығымен ақылға 
қонуын көздейтін сөздер сақал-мұрт сияқты көрік болатын 
нәрселерден аман болады. Сондықтан ол жалаң сөз деп атала-
ды. Келістігімен, әдемілігімен көңілге ұнауын көздейтін сөздер 
сақал, мақал сияқты адамға келісті көрінетін нәрселермен 
көркем көрінеді. Сондықтан бұлар көркем яки дарынды сөз деп 
аталады. Жалаң сөз нәрсені тиіс жағынан алып, пайым бойын-
ша сөйлейтін 
ш
ындық сөзі, 
шын
әңгіме
болады. Көркем сөз 
нәрсені түйіс жағынан алып, қиял бойынша, сөйлейтін. шын 
емес, шығарғы әңгіме болады. Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң 
сөз – зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына қарайтын нәрсе, 
көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз дүниені 
тұрған қалпында алып айтады. Көркем сөз дүниені көңілдің 
түйген, қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады. Көркем сөз 
айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, қақиқат түрінде 
айтады. Көркем сөз айтқанын қиял меңзеуінше бейнелеп, 
әліптеп, көбінесе ұйғару түрінде айтады, жалаң сөз дүниеде 
шын болған, шын бар нәрселерді әңгіме қылады. Көркем сөз 
болуға ықтимал деген нәрселерді де алып сөз қылады; қатта 
қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға, жоқ нәрсені 


244
барға ұйғарып сөз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып 
әдемі әңгіме шығару ақындық дарыған адамның ғана қолынан 
келеді. Жалаң сөздің қара сөз делініп, көркем сөздің дарынды 
сөз деп аталу мәнісі де осыдан. Сондықтан қара сөзде айтылған 
нәрсе дүниеде нақ болған, сол күйде және бар нәрсе деп білу 
керек те, дарынды сөзде айтылған нәрсе, нақ сол күйде болып 
өтпегенмен яки бар болып тұрмағанмен, дүниеде болатын және 
боларлық нәрсе деп білу керек. Қысқасынан айтқанда, қара сөз 
жаратынды тиіс ғалам турасындағы әңгіме де, дарынды сөз 
ұйғарынды түйіс ғалам турасындағы әңгіме.
Тиіс ғалам турасында сөйлегенде жай күйінде жабайы тіл-
мен тиісін айтамыз. Түйіс ғалам турасында сөйлегенде, көңіл 
түюінше өң беріп, дем беріп, көрнекі тілмен айтамыз. Бірақ 
тиіс ғалам турасында сөйлегенде де айқындық үшін ажарлау 
керек болса, жалаң лебіз орнына көрнекі лебіз жұмсалады.
Қара сөз бен дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын 
орнына, қызметіне қарай былайша айрылады: дарынды сөз 
адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден 
адам тек ұғым алады.
Арабша қара сөзді шығарманы насыр деп, дарынды сөзді 
шығарманы назым деп атайды. Арабша айтқанда, біз де со-
лай дейміз, қазақша айтқанда, қара сөз, дарынды сөз деп 
жүгінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет