Семья indd


Р дыбысын ою екі баытта жзеге асады



Pdf көрінісі
бет42/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Р дыбысын ою екі баытта жзеге асады:
1) Тілдің ұшын жоғарғы альвеолоға көтеріп, тіл ортасынан 
ауа өтетіндей жол қалдыруға дағдылап, тілдің осы қалпын сақтау. 
Яғни, тіл тербелісінсіз, фрикативті Р дыбысымен сөйлеу;
2) Тіл тербелісін қалыптастыру.
Бала тілінің қозғалысы жақсы болған жағдайда, ағылшынша 
Р дыбысын қойып, оны машықтандырып алу ең бір тиімді 
тәсілдердің бірі болып келеді. Ол үшін:

Ауызды аздап ашып, алдыңғы тістерді алшақ ұстап,

Тілдің ұшын жоғарғы тістер артындағы альвеолаға 
(дөңбешікке) көтеріп,

З-З-З дыбысын айтқызамыз

Фрикативті Р дыбысы пайда болады, 
яғни ағылшынша: dry сөзіндегі р дыбысындай 
естіледі

За- зо- зу – ра- ро- ру болып естіледі, 
тіл тербелісінсіз. Ескере кететін жайт, тілдің 
ұшын таңдайға тіремейміз. Тек Р дыбысында 
ғана тілдің ұшын көтеріп, қалған дыбыстарды 
түсіріп айтамыз.
Егер бала Ш, Ж дыбыстарын дұрыс айта 
алса, фрикативті Р дыбысын жасау қиын 
емес. Ол үшін:

ауызды аздап, дөңгелектемей ашып,

тілдің алдыңғы шетін жоғарғы күрек тістердің қызыл 
иегіне жылжытып 

Ж дыбысын соза айтады 

Алдыңғы тістерді бір- біріне жақындатпай, Р дыбысын 
буындарда, сөздерде, сөз тіркестерінде машықтандырамыз.
 Тіл дірілін (тербелісін) алыптастыру

Ауызды аздап ашып, тілдің алдыңғы шеті күрек тіске емес 
жоғарғы қызыл иекке, альвеолаға тигізіп, Д-Д-Д дыбыстарын 
бір дем шығаруда айтқызу.

Т дыбысынан бастап айтуға да болады: тд- тдд- ддд... 

Төменгі жақ қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеуге тиіс.

Біртіндеп дауысты дыбысқа аяқтаймыз: дда- дда, дды- 
дды, ддда- дды- дддды...

Тербелісті бекіту үшін тр, др дыбыстарынан басталатын 
сөздерді айқызамыз.
Механикалы тәсілді олдананда:
• фрикативті Р дыбысын ұзақ айтып тұрып,
• немесе тілдің ұшы жоғарғы альвеолада ды-ды-ды... 
айтып тұрып,
• 
ұшы дөңгеленген зондты тілдің төменгі жағына тигізіп, 
оңға- солға жылдам қозғалумен тілді тербеліске келтіреміз.
• Зондтың орнына сұқ саусақпен жаттығуға болады, 
бастапқыда баланың саусағын ұстап жасап, кейін бала өз 
бетінше орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет