I бөлім не үшін үйлену керек?


Cұрақ: Жігіттің ниеті шынайы ма, қалай білуге



Pdf көрінісі
бет35/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Cұрақ: Жігіттің ниеті шынайы ма, қалай білуге 
болады?
Жауап: «Үйленгің келсе, әкемнің алдынан өтіп, рұқсатын 
ал» деп әкеңіздің нөмірін беріңіз. Өзі хабарлассын. Ниеті 
шынайы болса, бәрін істейді.
Cұрақ: Үйлену тойын жасаудың орнына ақшаны 
пайдалырақ жаққа жұмсауға бола ма?
Жауап: Қолдаймын! Дұрыс шешім болар еді. Бірақ тойдың 
аты той. Жылына бір рет те көрмейтін туысқаныңды тойда 
көресің. Әрі Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен 
игілігі болсын) «Үйленгендеріңді жариялаңдар» деген. 
Бастысы, ысырапқа жол бермеу керек.
Cұрақ: Қыз баланың бойындағы қай қасиетті 
жоғары бағалайсыз?
Жауап: Ұяңдық, кішіпейілділік, жұмсақтық, ер адамды 
құрметтеуі, тазалық, жанашырлық, мейірімділік.
Cұрақ: Жігіттің айтқанын тыңдау дұрыс па? Әлі 
жарың болмаса да?
Жауап: Негізі тыңдамауға толық қақыңыз бар.Себебі, 
ол сізді әлі Алла алдында аманат етіп алмады, сіздің 
жағдайыңызды жасамайды. Бірақ іштей айтқанын 
тыңдағыңыз кеп тұрса, демек, ол жігіттің сіздің алдыңызда 
абыройы бар, құрметтейсіз деген сөз. Бұл — жақсы белгі. 
Жалпы әйелдің бойында күйеуіне мойынсұну деген 
жалғыз-ақ қасиет болса, ер адам үшін одан артық адам 
болмайды. Жігіт ретінде айтып тұрмын.


92
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
Cұрақ: Жігіттің бетін қайтарғам, бірақ сыртынан 
бақылап жүрем болашақ жарым ретінде?
Жауап: Әлі де жарыңыз ретінде көрсеңіз, бақылып жүре 
бермей, оған белгі беріп қойыңыз. Мүмкін ол да сізді 
сыртыңыздан бақылап жүрген шығар. Қайта жарасып, жап-
жақсы отбасын құратын шығарсыздар.
Cұрақ: Жігіт жоғары оқу орнын бітірмеген, ал 
отбасың оған үйленуге қарсы болса?
Жауап: Бұрын бәлкім «жоғары оқу орнын бітірді» 
деген белгілі бір көрсекіш болса, қазір заман басқа. 
Универде оқымай-ақ мамандық игеруге, кәсіппен 
айналысып, табысқа жетуге болады. Бастысы, жігіттің еті 
тірі болса, епті болса, басын істете білсе, сенімді болса, 
сізді аш қалдырмайды. Өзіңіз, жігітіңіз ата-анаңызға 
жеткізіп, түсіндіріп көріңіздер. Facebook-ті ойлап тапқан 
Миллиардер Марк Цукерберг универ бітірмеген
әйелінің ата-анасы «ой, ол Марк универ бітірмеген, оған 
үйленбейсің» деп қыздарына рұқсат бермей жатқанын 
елестетіп көріңізші. Егер жігіт сізді шынымен жар етіп 
алғысы келсе, ата-анаңызды көндіруге барын салсын. 
Бәлкім жетістіктерімен, бәлкім т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет