99
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
Cұрақ: Таныс ретінде қыз бен жігіт ең жақын қандай
қарым-қатынаста болғаны дұрыс?
Жауап: Бастысы физикалық қарым-қатынас (сүю, құшақтау,
т.б.) болмаса, жеке қалмаса, болды.
Cұрақ: Жағдайды жасап барып үйленген дұрыс па?
Жауап: Иә, дұрыс. Бірақ қандай жағдайды? Үй алам,
машина алам, сосын үйленем десеңіз, қазіргі заманда
үйленбей қалуыңыз мүмкін.
Отбасымды киіндіре алам, аш қалдырмаймын десеңіз, алға!
Негізі пәтер жалдап тұру да жаман нәрсе емес. Есептеп
қараңызшы, мүмкін үй
сатып алғанша, пәтер жалдап тұрған
тиімді шығар? 10-15 жылдық перспективада. Бір айдағы
шығындарыңызды есептеңіз. 150 000 тг дейік. Х деп алайық
шығынды. Сізге салыстырмалы түрде еркін өмір сүру үшін
2*Х ақша табу керек, яғни 300 000 тг. Осылайша ай сайын
2*Х
ақша таба алсаңыз, смело үйлене беруге болады деп
ойлаймын. Осы орайда әбу Ханифаның «Байығың келсе,
үйлен!» деген сөзін еске салғым келеді.
Cұрақ: Сырт келбет (түр, салмақ, бой) маңызды ма
үйленуге?
Жауап:
Жігіт ретінде айтайын, жігіт үшін қыздың сыртқы
келбеті маңызды. Ең бірінші қыздың сұлулығына қарайды.
Әркімнің талғамы әртүрлі ғой. «Қыз қылығымен сұлу»
деген сөз бар. Қылықты болса, кез келген қыз сұлу боп
көрінеді. Енді бір қыздар бар. Аузын ашса болды, «Бағанағы
сұлулық қайда кетті?!» дейсің еріксіз. Алла әділетті. Әркімді
әр түрлі етіп жаратқан. Әркім өзінше сұлу. Сол сұлулығын
100
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
байқай білсе, болғаны. Коко Шанельдің
бір жақсы сөзі бар
еді: «Сұлу емес әйел болмайды, жалқау әйел болады»
деген.
Достарыңызбен бөлісу: