Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет11/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   200
Asyl-analar

 
 
қайырлы ешбір әйелді көрген емеспін. Ол өз қолымен тапқанын 
садақа етіп, Аллаһқа жақындайтын», – деп айтқан. 
Қазіргі күнде біз білетін және біле бермейтін, тарихта аты 
қалған, еңбегі мен ерлігіне қарасаң, таңдай қақтырар, еркектер 
қауымын он орап кететін әйелдер бар. Өкінішке қарай, жанға 
батып, сан соқтырар келеңсіз жайттардың бірі – қоғамымызда 
кейбір түкке пайдасы жоқ, іске алғысыз, ештеңемен ісі жоқ, өз 
уақытын өзі босқа өлтіретін ез еркектердің көбеюі. Өмірдің 
қалтарысында жай әншейін уақыт өткізіп, ішкілікке салынып, 
қылмысқа бой ұрып, құмар ойындарынан арыла алмай, «тірінің 
күнін кешіп» жатқан еркектердің бары да жасырын емес. 
«Бөріктінің намысы бір» демекші, бұл сөз кейбір еркектердің 
шымбайына батар... Қалай десек те, бұл – ащы шындық! Олардың 
мына қоғамға қосып жатқан үлестері қайда?! Сондықтан да «Егер 
дүниеде бір нәрсе арттырмасаң (үлес қоспасаң), бұл дүниеде 
артық болып қаласың» деген сөз бекер айтылмаған. 
Дүниеде орнын таппаған басы артық еркектердің орнына, 
бүгінгі күндері мұсылман қоғамының белді мүшелеріне айналып, 
Ислам мәдениетін өркендетуде орасан зор рөл атқарып отырған, 
үлкен мекемелерді басқарып, Аллаһ жолына дағуат етіп, жас 
ұрпақ тәрбиесінде және басқа салаларда болсын өмір ағымынан 
тыс қалмай, белсенді әрекет етіп жүрген әйелдер аз емес! 
Жоғарыда аты аталғандардан басқа да көптеген әйел өмірге 
таңғажайып дәрежеде үлес қосып, адамзат тарихындағы мәңгілік, 
аты өшпес, қайталанбас, естен кетпес ұлы тұлғаларға айналған. 
Ислам дініндегі әйел дәрежесінің жарқын биігінің тағы бір 
мысалы ретінде Умму Кәжжә әл-Ансарияны (Аллаһ оған разы 
болсын) айтуға болады. 
Арабтарда жәһилият дәуірінде әйелдер бар құқығынан 
айырылған күйде, үйдің бір бұйымы ретінде ғана күн кешетін еді. 
Тіпті әйелі қыз туса, кейбір арабтар оны тірідей жерге көметін. 
Өйткені араб руларының арасында өзара ұрыс-керіс, талас-
тартыс үздіксіз жүріп жататын, бірін-бірі шауып, малын 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет