– Уа, Аллаһтың елшісі! Ағамыздың артында қалған атқа
мінуге жарамайтын, қару көтеруге қауқарсыз, дұшпанға қарсы
шаппайтын, қоғамда ешқандай орны жоқ, соғыс істеріне
шамасы келмейтін қыз балалар ғой?.. Жарайды, біз оларға азын-
аулақ ауқатын жеткізіп беріп тұрайық, бірақ мал-дүние бізде
қалады, – дейді.
Сол кезде осы мәселеге қатысты Ислам жолының негізі
салынып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) Аллаһ тағаладан:
«Ата-ана және жақындар қалдырған нәрселерден ер
адамдар үшін үлес бар. Сондай-ақ, ата-ана және жақындар
қалдырған нәрселерден әйелдер үшін де үлес бар. Аз немесе
көп болсын, бұл бір міндетті үлес»
1
, – деген уахи келді
2
.
Осылайша Ислам надандық түсінікті жоққа шығарумен қатар
әйелдің өз меншігіне иелік етуін орнықтырды.
Дәл осындай жағдай басқа бір әңгімеде де айтылған. Оның
кейіпкері – Кубәйшә Мағнқызы (Аллаһ оған разы болсын) деген
әйел. Ол Исламнан бұрын Әбу Қайс ибн Әсләт деген кісімен
тұрмыс құрған. Күйеуі дүниеден өткенде, Кубәйшә кішкентай
Хисн деген ұлымен жалғыз қалады. Бірақ Хисн күйеуінің бірінші
әйелінен қалған бала болатын. Кубәйшә оған өгейлігін білдірмей,
ержеткенше бағып-қағып тәрбиелейді. Ержеткен Хисн Ясриб
3
адамдарының надан түсініктерімен әсерленіп, Кубәйшәға келіп
қара киім лақтырады. Арабтарда лақтырылған қара киімнің мәні
«сенің қолыңдағы мал-дүниенің бәрі менің иелігіме өтеді»
дегенді және тағы бір мағынасы «әйел күйеуінің туыстарының
келісімінсіз өз еркімен тұрмысқа шыға алмайды» (яғни әйел
қайын жұрты кімге берсе, соған барады) дегенді аңғартады.
1
«Ниса» сүресі, 7-аят.
2
Тәфсир Ибн Кәсир, «Ниса» сүресі, 7-аяттың тәпсірін қараңыз.
3
Мәдинаның ескі атауы.
|