Аллаһпен ант етем! Бүгінде жер бетінде (ерлі-зайыптылардан)
сені мен менен басқа ешқандай мүмін жоқ», – дейді
1
. Пайғамбар
(с.а.с.) Ибраһимнің үш-ақ рет жалған сөйлегенін айтады, ал оның
ешқайсысы өз мүддесі үшін емес-ті. Соның бірі – сол залым
патшаға Сарраны «қарындасым» деп айтқаны.
Ибраһим бұл жерде «Исламдағы, діндегі, имандағы, Аллаһ
жолындағы қарындасым» дегенді мақсат тұтқан. Әскер Сарраны
алып кетіп, патшаның құзырына әкеледі. Арам ойын іске асырмақ
болған залым Сарраға қолын соза бергенде, Сарра Аллаһқа
жалынып, жалбарынып жәрдем сұрап: «Аллаһым, егер Саған
және пайғамбарларыңа иман келтірген болсам және күйеуімнен
басқадан ар-намысымды сақтаған болсам, мені мына бұзықтан
құтқар», – деп дұға қылады.
Бұл дұғадан біз иман белгісін, арлылық пен намысшылдықтың
лебін көреміз. Бұл – Аллаһқа иман келтірген, ар-намысы мен
абыройын басына көтере сақтайтын әйелдің дұғасы. Аллаһ тағала
оның дұғасын қабыл алумен қатар, бұл тұста керемет бір мұғжиза
көрсеткен.
Патша Сарраға қолын соза бергенде, ол Аллаһқа дұға қылады
да, әлгі залымның қолы қатып-семіп, ешқандай әрекетке
келмейді. Қатты қорқып, зәре-құты қалмаған патша Сарраға
жалынып өзін босатуын сұрайды. Босатпайын десе, залым патша
адамдарына өзін өлтіруді бұйыра ма деп қауіптеніп, Аллаһқа оны
босатуын сұрап дұға қылады. Ол босайды. Патша аңтарылып:
«Мүмкін, бұл шайтанның ісі шығар», – деп екінші рет Сарраға
қолын созады. Сарра қайта дұға қылғанда, патшаның қолы тағы
да қатып қалады. Патша Сарраға тағы да жалынып, өзін босатуын
сұрайды. Сарра Аллаһқа оны босатуын сұрап тағы да дұға
қылады. Ол босайды. Сөйтіп залым патша үшінші рет әрекет
жасағанда, Сарра қайта дұға қылып, патшаның қолы семіп,
алғашқысынан да бетер болады. Сол кезде ғана патша ынсапқа
1
Әл-Бұхари, Буйуғ: 100.
|