Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет175/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200
Asyl-analar

 
 
ақ «Омардың жүрісіндей» деген мәтел айтылатын. Сол тұста 
Уәлид ибн Абдул-Мәликтің оң қолы Хажжаж ибн Юсуф деген 
бір озбыр уәзір болатын. Хажжаждың істеген талай былықтары, 
халыққа көрсеткен зұлымдығы, әсіресе, Ирак жеріне жасаған 
қиянатына Омар ибн Абдул-Азиздің құлағы қанық еді. Оның 
осындай озбырлығы мен кемшілік-айыптарын мінеп, Омар 
халифа Уәлидке хат жазады. Хат мазмұнында:
«Мен Хажжаж Мәдинаға келсе, күтіп алмаймын, егер ол 
қажылыққа келсе, бірден Меккеден қайта берсін», – деген сөздер 
бар еді. 
Омар ибн Абдул-Азиздің бұл хатының хабары Хажжажға 
жетіп, ол іштей Омарға тісін қайрап жүреді. Ұзамай Хажжаждың 
Уәлидті көп үгіттеуінің нәтижесінде «турасын айтып, туғанына 
жақпаған» Омар Мәдинаның уәлилігінен алынады. Уәлид ибн 
Абдул-Мәлик оны Дамаскіге шақыртады. Омар ибн Абдул-Азиз 
Мәдинаны тастап шығып бара жатып егіле жылайды. Күйеуінің 
мұнысына Фатима: 
– Не үшін жылайсың? – дегенде, ол: 
– Мен Мәдина өзінен қашықтатқан адамдардан болып қалудан 
қорқамын, – деп жауап береді. 
Бұл сөздің астарында «Ол – (жаман) адамдарды (ұстаның) 
көрігі темірдің татын кетіретіндей (өзінен) аластайтын 
Мәдина»
1
деген хадис жатыр еді. Омар ибн Абдул-Азиз қаладан 
шығарда осы хадисті есіне алып, қобалжулы күйге түседі. Сол 
кезде ақылды да салиқалы Фатима: 
– Қам жеме, Аллаһ бізбен бірге! – деп оған басу айтады. 
Фатима мен Омар ибн Абдул-Азиз осылайша қайта Дамаскіге 
оралады. 
Уәлид ибн Абдул-Мәликтен кейінгі халифалық тақ мұрагері 
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик еді. Сүлейменнің мұрагерлігін 
жоймақ ниетпен Уәлид елдің жақсы-жайсаңдарын, ақсақалдары 
1
Әл-Бұхари, Фадаил әл-Мәдина: 2. 


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет